Файл: +703-06-12. СиллабусЖМ 14-15+.doc

Добавлен: 01.02.2019

Просмотров: 654

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2.10. Оқытудың және сабақ берудің негізгі әдістері

  • Дәрістер: шолушылық және проблемалық.

  • Практикалық сабақтаря: талқылаулар, пікірталастар, коммуникативтік тренинг, бақылау сұрақтарымен, кестелермен, сызбалармен жұмыс, тест тапсырмалары мен ситуациялық есептерге жауап беру, шағын топтармен жұмыс.

  • Студенттердің өздік жұмыстары (студенттердің оқытушымен бірлесе отырып жасайтын жұмыстары): әдебиеттермен, электрондық мәліметтер және компьютерлік базалармемн жұмыс, глоссарийлер, кестелер құрастыру және толтыру, эсселер, саяси хабарламалар әзірлеу, ситуациялық есептер мен тест тапсырмаларына жауап беру, мәнжазбалар дайындау және қорғау.


2.11. Білім алушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

  • Ағымдық бақылау: талдау жасай білу, өз пікірінің болуы және саяси шынайылықты бағалай білуі, тест тапсырмалары мен ситуациялық есептерді шеш білуі, тапсырмаларды тексеру және т.б.

  • Аралық бақылау: билеттердегі сұрақтарға және тест тапсырмаларына жауап беру.

  • Қорытынды бақылау: тестілеуді/ауызша жауап беруді қамтитын емтихан.

Ескерту: Оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалау М. Оспанов атындағы БҚММУ-да қабылданған унификацияланған рейтинг әдістемесі бойынша жүргізіледі және ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды қамтиды.

Ағымдағы бақылау күн сайынғы сабақ барысында бағаны сабақ кестесіне сәйкес оқу журналына енгізу арқылы жүргізіледі.

Аралық бақылау оқытудың 7-8 аптасында қарастырылады. Білімдерді бақылау оқытылатын тақырыптар бойынша әр сабаққа арналып жасалған білімдерді бақылауға арналған тест тапсырмалары мен бақылау сұрақтарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Қорытынды бағалау кафедрада ауызша немесе бланкілік тестілеу жолымен, не болмаса тест орталығында жүргізіледі. Ол үшін 500 тест тапсырмасынан 100 сұрақ алынып беріледі, кей кездерде деканаттың шешімі бойынша ауызша билеттік формада (әрқайсысында 3 сұрақ қамтылған 30 емтихан билеті).

    1. 2.11.1. Балдық-рейтингтік әріптік жүйе әріптік жүйе бойынша бағалауды қамтитын, оған балдың сандық эквиваленті, бағалаудың пайыздық мазмұны мен дәстүрлі бағалау сәйкес келетін он бір балдық шкала бойынша құрылған (1-кесте).



1-кесте. Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Бағалаудың сандық эквиваленті

Бағалаудың пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


  1. 1.2. Әріптік жүйенің бағалары білім деңгейіне байланысты ағылшын тіліндегі әліпбидің А әрпінен (ең жоғары баға) F (ең нашар баға) әрпіне дейінгі бағалар болып табылады.

  2. 1.3. Балдың сандық эквиваленті есептеудің ондық жүйесіндегі 4,0 бастап 1,0 дейінгі араб сандары, оң бағалар және 0-қанағаттанарлықсыз баға болып табылады.

  3. 1.4. Бағалаудың пайыздық мазмұны пайыз бойынша анықталады. Бұл ретте оң баға 50-100% бағалауды, қанағаттанарлықсыз баға 0-49% бағалауды қамтиды.

  4. 1.5. Бағалаудың дәстүрлі шкаласы «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағалармен 4 балдық шкала бойынша жасалады.

  5. 1.6. Үлгерімді ағымдық бақылауда студенттердің оқу жетістіктері әрбір тәжірибелік сабағы, білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ) мен оқытушының жетекшілігімен , білім алушының өзіндік жұмысы (ОЖБАӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.

  6. 1.7. Емтихан (дифференциалдық сынақ, рубеждік бақылау) бағасы білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес 100 балдық шкаламен қойылады.

  7. 1.8. Балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қою талаптарға сәйкес жүзеге асырылады (2-кесте).








2-кесте. Білім алушылардың білімін бағалаудың критерийлері мен құзыреті


Білімді бағалау

Бағалаудың критерийлері

«Өте жақсы» - 4,0 сандық эквиваленті мен 95%-100% пайыздық мазмұны бар «А» және 3,67 сандық эквиваленті мен 90%-94% пайыздық мазмұны бар «А-» әріптік символы

Бұл баға білім алушы бағдарлама материалын толық меңгергенде және қандай да бір қателіктер, олқылықтар жібермегенде, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытылы және дұрыс орындағанда, сол бойынша есеп бергенде, сонымен бірге өзіндік ой-пікірін білдіргенде, коллоквиум және үй тапсырмаларын уақытылы және қатесіз орындағанда,ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқанда, пәнді меңгерген кезде қосымша ғылыми әдебиетті өз бетінше қолданғанда, бағдарлама материалын өз бетінше жүйелей алған кезде қойылады.

«Жақсы» - 3,33 сандық эквиваленті мен 85-89% пайыздық мазмұны бар «В+», 3,0 сандық эквиваленті мен 80-84% пайыздық мазмұны бар «В» және 2,67 сандық эквиваленті мен 75-79% пайыздық мазмұны бар «В-» әріптік символы


Бұл баға студент бағдарлама материалын 75% төмен орындамағанда, сонымен бірге жауап беру кезінде өрескел қате жібермегенде, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытылы орындағанда және оларды негізгі ескертулерсіз тапсырғанда, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын негізгі ескертулерсіз дұрыс орындап, уақытылы тапсырғанда, оқытушының нұсқауымен қосымша әдебиеттер пайдаланғанда, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқанда, негізсіз олқылықтарды немесе студенттің өзі түзеткен негізгі қателерді жібермегенде,оқытушының көмегімен бағдарлама материалын жүйелей алғанда қойылады.

«Қанағаттанарлық» - 2,33 сандық эквиваленті мен 70-74% пайыздық мазмұны бар «С+», 2,0 сандық эквиваленті мен 65-69% пайыздық мазмұны бар «С», 1,67 сандық эквиваленті мен 60-64% пайыздық мазмұны бар «С-», 1,33 сандық эквиваленті мен 55-59% пайыздық мазмұны бар «D+» және 1,0 сандық эквиваленті мен 50-54% пайыздық мазмұны бар «D» әріптік символы

Бұл баға студент бағдарлама материалын 50% төмен игермегенде, бақылау және зертханалық жұмыстарды, үй тапсырмасын орындаған кезде оқытушының көмегіне жүгінгенде, коллоквиум тапсырған кезде олқылықтар мен негізсіз қателерді жібергенде, зерттеу жұмысына белсенді қатыспағанда, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектелгенде, материалды жүйелеуде көп қиындықтар кездескенде қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» - 0 сандық эквиваленті мен 0-49% пайыздық мазмұны бар «F» әріптік символы

Бұл баға бағдарламада қарастырылған негізгі материалды меңгеруде студент олқылықтар танытқан жағдайда, пән бағдарламасының жартысынан көбін игермегенде, жауап беру кезінде негізгі қателер жібергенде, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерімен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамағанда, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиетпен жұмыс істемегенде қойылады.



2.11.2. БАӨЖ жұмыстарына қойылатын талаптар мен бағалау критерийлері

Рефератты бағалау критерийлері (бағалау парағы)

Талаптар :

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,

1.

Рефератты рәсімдеу




2.

Рефераттың тақырыбы




3.

Иллюстративты құжаттар




4.

Өзектілігі




5.

Мазмұны




6.

Қортынды




7.

Әдебиет




8.

СӨЖ орындау кестесіне сай уақытында орындалуы




9.

Қорытынды




0-0,1 критерий орындалмаған

0,2-0,3 критерий ескетулермен орындалған

0,4-0,5 критерий орындалғен

.Презентацияны бағалау критерийлері (бағалау парағы)

Талаптар:

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1.

Презентацияны рәсімдеу




2.

Презентацияның жоспары




3.

Презентацияның 4 компоненты :

- заставка

-ақпараттық (негізгі)бөлігі (мазмұны)

- қортынды(тұжырым, ұсыныс және әдебиеттер)

- заставка(презентацияның эффектілі қортындысы)




4.

СӨЖ тақырыбына мақсаттың адекваттылығы




5.

Мазмұны




6.

Қортынды /ұсыныстар.




7.

Әдебиет




8.

СӨЖ кестесіне сай уақытында тапсырылуы




9.

Қорытынды





Н БҚММУ 703-06-12. Силлабус. Бірінші басылым.

Ф ЗКГМУ 703-06-12. Силлабус. Издание третье.