Файл: Диссертация цифрлы білімдік ортада болаша педагогпсихологтарды коммуникативтік мдениетін алыптастыру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 173

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру


Орындаушы

7M01101 - «Педагогика және психология» білім бағдарламасының 2-курс магистранты______________Дүйсенбай Г.Н.


Ғылыми жетекшісі

пс.ғ.к., доцент ___________________________________ Мамбеталина.А.С.


Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі

п.ғ.д., профессор ___________________________________Туребаева К. Ж.
«___» ______________ 2023 ж.

Ақтөбе

2023

РЕЗЮМЕ

магистерской диссертации Дуйсенбай Гулнур Наурызбековной

«Формирование коммуникативной культуры будущих педагогов-психологов в цифровой образовательной среде» на соискание академической степени магистра педагогических наук по образовательной программе

7М01101 – Педагогика и психология

Научный руководитель: к.пс.н., доцент Мамбеталина.А.С
Актуальность исследования и новизна: В современном обществе происходят глобальные социокультурные и информационно-коммуникационные изменения, в центре внимания которых находятся вопросы коммуникативного действия, сотрудничества, совместного действия, взаимопонимания. В связи с этим, безусловно, меняется и система образования, в частности гуманизация образования, цифровая трансформация, новые требования к человеку и роли педагогов в образовательном процессе.

Научная новизна исследования:

- в части целей и задач исследования уточнено содержание понятия «коммуникативная культура будущего учителя» заключается психолого-педагогической структуры. Разработаны уровни и этапы развития основных компонентов психолого-педагогических структур коммуникативной культуры будущих учителей, определено, что коммуникативная гибкость является важным показателем высокого уровня.


Цель диссертационной работы: Теоретическое обоснование формирования коммуникативной культуры будущих педагогов-психологов в цифровой образовательной среде и определение эффективности путем проведения опытно-экспериментальной работы.

Задачи диссертационной работы:

1. Определить теоретические основы формирования коммуникативной культуры будущих педагогов-психологов в цифровой образовательной среде;

2. Определить эффективные пути формирования коммуникативной культуры будущих педагогов-психологов в цифровой образовательной среде;

3. Проведение опытно-экспериментальной работы по формированию коммуникативной культуры будущих педагогов–психологов в цифровой образовательной среде.

Выводы исследования и практическая значимость полученных результатов:

Практическая значимость исследования заключается в том, что исследователь демонстрирует и апробирует педагогические возможности продуктивного формирования коммуникативной культуры педагогов-психологов и предлагает эффективные способы структурирования образовательных программ и проведения занятий, позволяющие оптимизировать учебный процесс вуза.

Объем диссертации: 62 страниц

Количество иллюстративного материала:18 рисунок,2 таблица.

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ................................................................................................................

3

1

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ

КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ........................................................................



6

1.1

Педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру бойынша зерттеулерге талдау.......................................................................


6

1.2

Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктері..................................................................



14

1.3

Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін цифрлық білімдік ортада қалыптастырудың тиімді жолдары...............


20

2

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ

КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ ........



26

2.1

Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтау.........................................................................


26

2.2

Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру тиімділігін тексеру.............


32

2.3

Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері .............................................................



51

ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................................

57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................

59


ҚОСЫМШАЛАР ....................... ............................................... .................. ..... 63

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі қоғамда коммуникативтік іс-қимыл, ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету, өзара түсіністік таныту мәселелерін өзектендіретін жаһандық әлеуметтік-мәдени және ақпараттық-коммуникациялық өзгерістер орын алуда. Осыған орай әрине білім беру жүйесі де өзгеруде, атап айтқанда білім беруді ізгілендіру, цифрлық трансформация, тұлғаға қойылатын жаңа талаптар және білім беру үрдісіндегі педагогтердің рөлі болып табылады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік заңында айтылған[1].

Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесінде білім беруді цифрландыруды дамыту процесі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдауына байланысты белсенді жүзеге асырылуда. Қазіргі заманғы мұғалім жаңа цифрлық білім беру ортасы аясында коммуникациялық технологияларды қолдануды және коммуникативтік дағдыларды жүзеге асыруды көздейтін жаңа жағдайларда жұмыс жасауға дайын және қабілетті болуы тиіс. Цифрлық технологиялар жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, оқу үрдісіне қосымша талаптар қойып отыр, білім беруді ұйымдастырудың және әдістемелік және коммуникативтік тұрғыдан дамытудың жаңа жолдарын іздестіруді, мұғалімнің жаңа технологияларды меңгеруін талап етеді [2].

Г.К.Ахметова мен З.А.Исаеваның «Педагогика» кітабында көрсетілгендей көптеген қазақстандық ғалымдардың соның ішінде А.А.Бейсенбаева, К.К.Жампейісова, Н.Н.Хан, А.Н.Беркимбаев, С.Т.Нугусова, У.М.Мухамбетжанова, Л.М.Абдигапбарова, Л.М.Нарикбаева, Г.А. Муратбаева және т.б. педагогикалық зерттеулерінде мамандарды кәсіби қызметке даярлау тұлғаның кәсіби қалыптасу кезеңдерінің бірі болып табылатыны атап өтілген [3].

Қазақстандық ғалымдар арасында психологтарды кәсіби даярлау мәселесімен айналықан келесі, ғалымдарды атап өтуге болады: Х.Т.Шерьязданова [4] – ол білім берудің мектепке дейінгі буынының педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың жаңа жүйесін ұсынады, оның басты ерекшелігі қарым-қатынас психологиясының теориялық және практикалық проблемалары болып табылады; Ж.Р.Баширова [5] еңбектерінде жоғары оқу орнында оқу процесінде -психологтар мен заңгерлердің кәсіби сана-сезімінің динамикасын зерттеуге арналған; Г.Б.Қапбасова [6], оның жұмысында қашықтықтан білім беру жүйесіндегі -психологтардың оқу қызметінің мотивациясын қалыптастыру ерекшеліктері егжей-тегжейлі сипатталған; А.Р. Ерментаеваның [7] жұмысында жоғары мектепте психолог мамандарды даярлауда тұлғаға бағытталған технология ұсынылған.


А.К.Мынбаеваның еңбегінде көрсетілгендей педагогикалық ЖОО кәсіби даярлау мәселесі С.Х.Жәлілованың; болашақ мұғалімдері - В.П.Кузовлева; мұғалімдер - Н.Д.Хмель; арнайы орта кәсіптік оқу орындары үшін гуманитарлық бейіндегі педагог кадрлар - М.Ө.Ишанқұлова жұмыстарында зерттелді [8].

Психолог, педагог-психолог кәсіби қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілері Г.С.Абрамова [9], М.Р.Битянованың [10], И.В. Вачковтың [11], И.В.Дубровинаның [12], Н.И.Исаеваның [13], А.И. Красилоның [14], А.П. Нованың [15] зерттеулерінде ашылады.

Психологиялық-педагогикалық ғылым саласында коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың философиялық-әдіснамалық аспектісі Г.В.Мұхаметзянова [16], В.Т.Лисовский [17], В.А.Разумный [18], В.Н.Шубкин [19], А.Г.Харчевтің [20], еңбектерінде қарастырылса, коммуникативті мәдениеттің қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық аспектісі А.А.Бодалев [21], А.Н.Леонтьев [22], Б.Ф.Ломов[23], М.И.Лисина [24], Л.И. Галигузова [25], және басқалардың зерттеулерінде көрініс тапты. Адамгершілік сана мен ізгілікке негізделген қарым-қатынастың байланысын шетел ғалымдары Gudykunst, William B [26], Giles, Howard and Kimberly A. Noels [27], Alley-Young, Gordon [28], өз еңбектерінде қарастырды.

Одан бөлек шетел ғалымдары Kholostova Y.I [29], Godlevska D.M [30], Hammer M.R.[31] еңбектерінде жеке тұлғаның дамуы мен оның өзін-өзі реттеуі, тәрбиелеуі арақатынасына арналған. Оқытушыларды педагогикалық қарым-қатынасқа дайындау мәселесі Л.А.Аухадеева [32], Б.С.Волков [33], М.В.Гамезо [34], В.С.Грехнев [35], В.В.Давыдов [36], В.А.Сластенин [37], И.А.Колесникова [38] және т. б. еңбектерінде қарастырылса, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әртүрлі әдістерін Р.К.Бикмухаметов [39], Л.И.Малинкова [40] ұсынды.

Әлемдік практика жоғары кәсіптік білім беруді дамыту қалыптасқан жағдайларда мамандар даярлау проблемасының қалай шешілетіндігімен айқындалатынын көрсетеді. Мамандарды кәсіби даярлаудың шетелдік бай тәжірибесі Z.Freud [41], A.Adler [42], L.A.Vanshtein [43], D.Watson [44], K.Rodgers [45], А.Blasi [46], I.L Nucci [47], және т.б. еңбектерінде көрініс тапты.

Электронды білім беру ресурстарының мұғалімнің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру үдерісіне әсері Vallacher, R. R.[48], Opdal, P.M [49], Bennett J.M. [50] және т.б. еңбектерінде сипатталған. Осы проблемаға арналған зерттеулерді талдау электрондық білім беру ресурстары оларды даярлау және қайта даярлау процесінде коммуникативтік дағдылары қалыптастыру кезінде жаппай қолданылмағанын көрсетеді.

Зерттеу мақсаты: Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік-эксперименттк жұмыс жүргізу арқылы тиімділігін айқындау.


Зерттеу міндеттері:

  1. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мәселелерінің теориялық- негіздерін айқындау;

  2. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау;

  3. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу.

Зерттеу әдістері: қойылған міндеттерді шешу және гипотезаны тексеру үшін бірқатар әдістер қолданылды:

1-теориялық: мәдениеттану, философиялық, психологиялық, педагогикалық, анықтамалық әдебиеттерді, сондай-ақ зерттелетін мәселе бойынша диссертациялық зерттеулерді талдау және жалпылау, педагогикалық зерттеулер;

2- эмпирикалық зерттеу әдістері:

1. М.Снайдердің сөйлеу кезінде өзін-өзі бақылауды бағалау диагностикасының әдістемесі.

2. М.Снайдердің «Сіз адамды тыңдай аласыз ба?» тесті.

3. М.Снайдердің «Сөйлесу кезінде сіз сұхбаттасушыны сыйлай аласыз ба?» тесті.

4. Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетінің даму деңгейінің анықтайтын сауалнама (Лобанов.А.А).

5. Storytelling корпоративтік білім беру технологиясы (Дэвид Армстронг).

3- деректерді математикалық және статистикалық өңдеу әдістері эмпирикалық зерттеу нәтижелерінің сапалық және сандық талдауы.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- «болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениеті» ұғымының мазмұны нақтыланды;

- цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен мүмкіндіктері анықталып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу арқылы тиімділігі айқындалды.

Зерттеу жұмысының теориялық мәні:

Зерттеудің теориялық негіздері шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерді талдауларды қамтиды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: зерттеушінің педагог-психологтардың коммуникативті мәдениетін нәтижелі қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетіп, сынақтан өткізуінде және ЖОО-ның оқу процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларын құрылымдау мен сабақ өткізудің тиімді жолдарын ұсынуында болып отыр. Зерттеу нәтижесі мен тұжырымдарды, сондай-ақ зерттеушінің ұсыныстарын жоғары оқу орындарындарында педагоготарды даярлау процесінде, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарында пайдалануға болады.