Файл: Лекция таырыбы Психология пніне кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 594

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 Лекция тақырыбы: Психология пәніне кіріспе



Лекцияның оқыту нәтижелері: 1 Психология пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын біледі

2. Психология пәнінің мән мәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана біледі

3. Пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әр түрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіреді

Лекция мазмұны:
Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні. Психологияның әдістері. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы).

Психологияпсихологиялық құбылыстардың (жан қуаттрының) пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні – психика. Психика шын мәнінде ерекше зерттеу пән. Психика миға тән қасиет. Ми көптеген қасиетке ие, бірақ психика ерекше қасиет- айнала қоршаған ақиқатты бейнелендіретін қасиет.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі-«псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жантуралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялы-лардың көз-қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңги бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық, тіршілігінің (ойынның, сезімінің, еркіннің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.


Сонымен психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп алғанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі санасының пайда болу, даму және көрініс беру заңдылықтары туралы ғылым.

Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебi әрқандай нақты заттың өзi мен оның қабылданған кейпi бiр-бiрiнен ажыралып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бүған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзi де адамдар мен жануарлардың өлетiнiн, адамның түс көретiнiн сезiп, бiлген. Осыған орай адам ұстамға келетiн тәннен және көрiнбейтiн жаннан - бiрiнен-бiрi дербес екi бөлiктен тұрады деген сенiм туындады; яғни адам өлмейiнше, жан оның тәнiнде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетедi-мыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тәнiнен уақытша ажырап, қандай да бiр басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсiп, зерттелгенге дейiн адамдардың бiрiнiң екiншiсi жөнiндегi қарапайым тұрмыстық психологияға тән пайымдаулары жинақтала бердi. Адам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмiр тәжiрибесi негiзiнде топтайды. Әлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлiктi тұрмыс құруға, iс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайым-даулар ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын құрады. Осы бiршама бiлiктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-әрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның бәрi тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсiз. Оларды бiз күнделiктi тұрмыстық тәжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен, халық ауыз әдебиетi үлгiлерiнен (мақал-мәтел, ертек, әпсана) ұғып, түсiнiп келдiк. Қазiргi заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмiр тәжiрибесi мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiп шығады.

2. Жан қуаттарының топтастырылуы.

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктейді. Бұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір – бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталады, екіншілері психикалық қалып, үшіншісін психикалық қасиеттер деп атайды.





Психикалық процестер

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Бұған адамның таным процестерін жатқызады. Олар:түйсіну, қабылдау, ес, қайта жаңғырту процесі, қиял мен ойлау.

Психикалық кейіп

Адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б. тұрақты компоненттері)

Психикалық қасиет

Әр бір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер болып табылатын темперамент, мінез, қабілет арқылы дараланады.


3. Жалпы психологияның принциптері мен зерттеу әдістері.

Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм принципі, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, даму принципі.

Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының аусуымен психика да өзгеріске келеді. Жануарлар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы – түпкілігінде қоғамдық даму ережелері мен өндіріс әдістерінің даму заңдары мен анықталады. Бұл принцип психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні, яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі концепцияға негіз болды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет – жантану ғылымының өзекті котегориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30-жылдарда басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л. С. Рубинштейн.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екенін дәлелдейді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Бұл принциптің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.


Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымынан түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму идеясы Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады.

Психологияда адамның психикалық қызметін зерттейтін алуан түрлі әдістер қолданады. Әдістер дегеніміз- ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері.

Байқау әдісі. Ғылыми әдіс ретінде байқау әдісіне белгілі талаптар қойылады. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (құбылысын(, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Байқау әдісінің елеулі артықшылығы-адамның психикалық көріністерінің табиғилығы сақталатындығында.

Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің артықшылығы- зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін күтіп отырмай, оны өзі туғызатындығында. Психологиялық эксперименттің екі – лабороториялық және табиғи жағдайдағы формасы бар.

Лабораториялық эксперимент. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны эксперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Бұл әдісті жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет. Лабораториялық эксперимент кейбір танымдық процестерді (қабылдау, түйсіну, еске түсіру) зерттеу үшін де көп қолданады.

Табиғи эксперимент. Бұл эспериментті психологияға тұңғыш енгізген орыс психологы Лазурский (1874-1971). Оның лабораториялық эксперименттен айырмашылығы – адам әдеттегі жағдайда сыннан өтеді. Бұл экспериментті жүргізу кезінде алдын ала баланың белгілі іс - әрекеттері зерттеледі және онда психикалық ерекшеліктер айқынырақ көрініс береді. Табиғи жағдайдағы эксперименттің артықшылығы оның байқау методтарының және эксперименттердің жақсы қасиеттерін біріншісінің табиғилығы мен екіншісінің белсенділігін үйлестіретіндігінде.


Әңгімелеу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда әңгіме мақсатын алдын ала айқын анықтау және негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды Әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілетін жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейінен мұқият талданады да, осыған орай тиicтi қорытындылар жасалады.

Анкеттік әдіс.Бұл әдісті пайдаланған кезде сұрақтар мазмұнының айқындығының және олардың дұрыс құрылуының, анкетті толтыру тәpтiбi жөніндегі егжей - тегжейлі нұсқаудың, алынған материалдарды сандық және сапалық жағынан ұқыпты өңдеудің, статистикалық әрекеттердің дұрыс қолданудың үлкен маңызы бар. Бұл әдістің артықшылық қасиеті дұрыстығы "көп сан заңымен" анықталатын көлемі үлкен материал aлyғa болатындығында.

Тест әдісі.Тесттер деп аталатын (тест - сынау, тексеріп көру) әдістер ерекше бip топ құрайды Тестер басқа әдістерден ең алдымен, жаңа заңдылықтарды ашу үшін емес, сыннан өтетін адамда белгілі бip қасиеттердің бар екенін анықтауға қолданатындығымен ерекшеленеді. Тесттің мазмұны мен құрылымы алдын ала жүргізілген көп көптеген эксперименттер негізінде сыннан өтіп тексеріледі. Тесттердің көмегімен адамдардың белгілі бip ic-әрекетті орындауға әзipлік деңгейлері анықталады. Дұрыс құрастырылған тестер адамдарды белгiлі бip кәсіпке ipiктеп алу үшін де кеңінен қолданылады.

Модельдеу әдіci.Психикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұрғыдан модельдеудің бастаулы кибернетика және құбылыстарды ықтималды суреттеу теориясының дамуымен байланысты. Модель зерттелетін объектінің орнына жүpетін"орынбасар" сияқты. Модельді жасау үшiн зерттелгелі отырған психикалық құбылыс жөнінде жеткілікті бiлім болу қажет. Сондықтан да модельдің дұрыстығы, толықтығы, жан - жақтылығы белгілі бip құбылыс туралы білім деңгейіне тәуелді болады. Бұл әдісті қабылдау, түйсік, ес және басқа психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады.

4. Психология ғылымының салалары.

Дамудың қaзipгi кезеңіндегі психологиялық ғылым- ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесi болыптабылады. Психологияның жеке салалары өзара тығыз байланысты. Қaзipгi кезде психология ғылымының қырыққа жуық салалары бар. Осы ғылымның кейбір салалары: еңбек, яғни нақты ic-әрекет үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Осы тұрғыдан психология ғылымы - педагогикалық,медициналық, әскери, инженерлік, жас ерекшелік, спорт, әлеуметтік, салыстырмалы т.б. болып, бірнеше салаларға бөлінеді.