Файл: Эссе таырыбы Туан жер топыратары трлеріне сипаттама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 45

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»

Кафедрасы: «География, жерге орналастыру және кадастр»

ЭССЕ

Тақырыбы: Туған жер топырақтары түрлеріне сипаттама

Орындаған: Д.Ә.Файзуллаева

Тексерген: Ө.Ж.Сағымбай

Алматы, 2023 ж

Туған жер топырақтары түрлеріне сипаттама

Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ. Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона; қара қоңыр топырақты зона; қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона.

Ал енді негізгі мәселе өз жерімнің топырағына тоқталып өтетін болсам, мен Қызылорда облысының тумасымын. Қызылорда облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Сырдарияның сол жақ жағалауында – Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері, құм учаскелері, сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде – құм төбелері массивтері бар.

Облыстың едәуір бөлігін құм басып жатыр. Топырағы қоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді. Жусан, бетеге, сексеуіл, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Ауыл шаруашылығына қолайлы жер аумағының 12%-ы Сырдария өзенінің жайылмасында, 23%-ы шөлейтте, 65%-ы шөл аймағында орналасқан.

Сырдария өзенінің төменгі ағысының топырағы сазды батпақты болып келеді. Күріш егілген жерлердің топырағы өте қатты, су өткізгіштік қабілеті төмен болып келеді. Топырақтың 30 см қабатына дейінгі қарашірік мөлшері 2% шамасында. Топырақтың тұздану түрі хлоридті сульфатты болып келеді. Тұздану дәрежесі бойынша әлсіз тұзданған және қатты тұзданған топыраққа бөлінеді. Морфологиялық қалыптасуы бойынша жоғары құрылымды тұздармен ерекшеленеді. Механикалық құрылымы бойынша берілген топырақтар саздармен құрылған.


Кез-келген жер қоры құнарлылығымен ерекшеленеді. Қызылорда облысына тән климат, өсімдіктер дүниесі, гидрологиясы мен гидрогеологиясы негізінде қалыптасқан топырақ жамылғысы жер ресурстарының сапалық жағдайына ерекше ықпал жасайды. Осыны негізге ала отырып, облыс аумағындағы топырақтарды екі үлкен топқа бөлуге болады: суармалы егіншілік дамыған атыраулық ылғалды топырақтар; шөлейт бөлігінде ескі заманнан қалған суармалы егіншіліктің ізі бар және мал жайылымына пайдаланылатын құрғақ топырақтар.

Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлылығын төмендетеді немесе жойып жібереді.

Қызылорда облысының климатына сәйкес облысымыздың топырағы тұзданып бара жатыр. Қызылорда облысында жердің сор топыраққа айналу картасы жасалды. Жиналған деректерге сәйкес, қазіргі уақытта өңірдегі жердің 85% - ға жуығы, яғни 20,3 млн га тұзданған. Арал теңізінің құрғауынан зардап шеккен өңірдегі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлеріне басты назар аудару керек. Сонғы уақыттарда облысымызда тұздануға қарсы күрес жөніндегі шаралар кешені жүзеге асырылуда. Біртіндеп осы жерлерге құрғақшылыққа бейім дақылдар егілуде.

Қорыта келгенде, жер өндiрiс қорының көзi, ал топырақ табиғат компоненттерінің бірі. Жер бетіндегі адамзаттың, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне топырақтың құнарлылығы тікелей байланысты. Сондықтан да облысымздың топырақ жағдайын жақсарту мақсатында әртүрлі шаралар жасалынып жатыр. Топырақ құнарлылығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралары жүргізілуде.