Файл: Д.стіне жаа олап кию.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 420

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


70.Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдары:

А.ентігу,жүрек қағуы

В.жүрек тұсындағы қысатын ауырсыну,тұншығу ұстамасы

С.қан қысымының көтерілуі,пульс тапшылығы

Д.шаршағыштық,терінің қүрғақтығы

Е.жүрек қағуы,экзофтальм

71.Науқас 24 жаста.Тамақ ішкенен кейін,1,5—2 сағаттан соң эпигастрий,аймағында болатын ауырсынуға,қыжылдауға шағымданады.Диагноз қою үшін қандай тексеру әдістерін өткізу керек?

А.УДЗ

В.Холецистография

С.Ирригоскопия

Д.Колоноскопия

Е.ЭФГДС

72. 20жастағы науқас кезеңмен(периодты)ұстайтын экспираторлы тұншығуға,құрғақ жөтелге,ауа жетіспеушілік сезіміне шағымданады.Анағұрлым ықтимал болжамалы диагнозды атағыз:

А.жүрек демікпесі

В.бронх демікпесі

С.өкпенің созылмалы обструкциялық пневмониясы

Д.истерия

Е.нейроциркуляторлық дистония

Е.нейроциркуляторлық дистония

73.Эпигастрий аймағында «ашқарынға» және »түнде» болатын ауырсынуға шағымданды келесі ауруға тән:

А.гастрит

В.асқазанның ойық-жарасы

С.асқазанның қатерлі ісігі

Д.12елі ішектің ойық-жарасы ауруы

Е.жедел холецистит

74.Асқазан жарасы бар науқастың приоритетті проблемасы-ол эпигастралді аймақтағы ауырсыну.Бұл ауруға қандай ауырсыну тән?

А.ерте

В.кешкі

С.сыздап ауру

Д.шаншып ауру

Е.аш қарынға ауырсыну

75.Науқас терісі мен көрінетін шырышты қабаттары сарытүсті.Тері мен шырышты қабаттардың сарғаю себебі неде?

А.тері қантамырларының тарылуы

В.қандағы биллирубиннің жоғарылауы

С.қандағы оттегінің жоғарылауы

Д.қанда оттегінің азаюы

Е.қантамырларды кеңейтетін препараттардың әсері

76.Камералық дезинфекцияның ең жұмсақ әдісімен булы формалиндік әдісі болып есептеледі.Осы әдістің жетіспеушілігі дезинфекция сеансынан кейін жағымсыз иістің болуы.Булы формалиндік камерада формалин иісін бейтараптандыру үшін қандай затты пайдаланады?

А.Этил спирті

В.Нашатыр спирті

С.Сірке су

Д.Метил спирті

Е.Эфир

77.Тұрғындардың келесі типі прогрессивті тип деп аталады:

А.0-14 жас аралығындағы балалар саны 50 жастан асқандар санынан басым болса

В.0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан басым

С.50 жастан асқандар саны балалар санынан басым болса

Д.балалар саны мен 50 жастан асқандар саны тең

Е.ҚР тұрғындарының саны басқа елдер тұрғындарының санынан басым


78.Халыққа ауруханалық медициналық көмек корсететін медициналық ұйым:

А.фельдшерлік-акушерлік пункт

В.қалалық көпейінді аурухана

С.диагностикалық мндициналық орталық

Д.медициналық санитарлық бөлімнің денсаулық сақтау пункті

Е.амбулатория

79.Сифонды клизманы қою көрсеткіші:

А.спастикалық іш қату

В.улану

С.босану алдында

Д.құрсақ қуысына жасалған операциядан кейін алғашқы тәулікте

Е.жуан ішекті рентгенологиялық зерттеуде

80.Асқазанды шаю үшін дайындау қажет:

А.Жане шприці,5 пробирка,33% магний сульфат ерітіндісін

В.асқазан сүңгісін (зонд), 8 пробирка, гистамин ерітіндісін

С. Эсмарх құрылғысын (кружка), штативті,марганцовка ерітіндісін,дәрет ыдысын (судно)

Д.ұзындығы см сүңгіні (зонд) 3пробирка,33% магний сульфат ерітіндісін

Е.ұзындығы120 см сүңгіні (зонд),воронканы,шылапшынды,суды

81.Иығындағы іріңді флегмонасн ашу кезінде, хирургқа ассистент болған мейіргер терісіне науқастың жарасынан ірің және қан түсті.Мейіргердің келесі тактикасын анықтаңыз:

А.Теріні ағынды сумен жуып,антисептикпен өңдеу

В теріні ағынды сумен жуу

Стеріні антисептиктің ерітіндісімен өңдеу

Д теріні дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу

Е сумен жуып танғыш алу

82.Іріңді хирургия бөлімшесінде санның абцессі бар науқастың таңғышын ауыстыру барысында,меіргердің қалғаптары жыртылып қалды.Мейіргердің келесі тактикасын анықтаңыз

А. Жұмысты әрі қарай қолғапсыз жалғастыру

В.емшараны тоқтатып,қолғапты ауыстыру

С.қолғаптарды антисептикпен өңдеп,емшараны әрі қарай жалғастыру

Д.үстіне жаңа қолғапты кию

Е.ағынды сумен жуып,емшараны әрі қарай жалғастыру

83.Сифонды клизманы қою көрсеткіші:

А.спастикалық іш қату

В.улану

С.босану алдында

Д.құрсақ қуысында жасалған операциядан кейін алғашқы таулікте

Е.жуан ішекті рентгенологиялық зерттеуде

84.Глюкокортикоид препараттарының фармакологиялық әсерлері:

А.анаболикалық әсер көрсетеді,өсуді,жүрек-қан тамыр жүйесін ынталандырады

В.негізгі алмасуды,дене температурасын төмендетеді,тахикардияны болдырмайды

С.қабынуға қарсы,аллергияға қарсы,иммунодепресивті әсер

Д.қандағы қанттың деңгейін төмендетеді,май және белок алмасуын қалпына келтіреді

Е.белок синтезін басады,паренхиматозды мүшелердің және бұлшық ет тканінің массасын төмендетеді

85.Аурухана ішілік инфекцияның жасанды берілу жолын көрсетіңіз:


А.ауа-тамшы

В.тұрмыстық қатынас

С.артефициалды

Д.ауа-шаңды

Е.фекальды-оральды

86.Аурухан ішілік инфекциялардың жасанды жұғу жолын көрсетіңіз:

А.ауа-тамшы арқылы

В.қарым-қатынас арқылы

С.артефициалды

Д.ауа-шаң арқылы

Е.фекальды-оральды

87.Травмотологиялық пунктке автокөлік апатынан кейінгі ер адам жеткізілді.Қарау барысында иегіндегі кішкентай жара анықталды.Жараны өңдегеннен кейін,медбике науқастың иегіне дәкелі салфетканы бекіту үшін таңғышты салды.Медбике қандай таңғышты салды?

А.Гиппократ таңғышы

В.сақпан тәрізді таңғыш

С.жаулық таңғыш

Д.Қалпақ таңғышы

Е.Крест тәрізді таңғыш

88.Қабылдау бөліміне асқазаннан қан кетуге күмәнді пациент түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық .Пациентті тасымалдау түрін атаңыз:

А.мейіргермен бірге жаяу жүру

В.өздігінен лифтімен

С.өздігінен жаяу жүру

Д.кресло-каталкамен

Е.каталкамен тасымалдау

89.Эритроциттер мен гемоглабин организмде қандай негізгі қызметті атқарады?

А.қалыпты гемостазды қамтамасыз етеді

В.қан кетуді тоқтатады және алдын алады

С.микроциркуляцияны жақсартады

Д.организмнің қорғаныс қызметін қамтамасыз етеді

Е.тіндерге оттегі тасымалдайды

90.Қарау кезінде науқаста жайылған ісінулер анықталды.Бұл патология қалай аталады.

А.асцит

В.Анасарка

С.гидроперикардит

Д.гидроторакс

Е.пневмоторакс

91.Кальций каналдарын тежейтін заттардың қолданылуы.

А.Артериалды гепотонияда,тахикардияда.

В.брадиаметрияда,стенокардияда

С.жедел жүрек жетіспеушілігінде,брадиаметрияда

Д.артериалды гипертензияда,стенокардияда

Е.жүректің ишемиялық ауруында,қарыншалардың жыпылықауында

92.Нитроглицерин мынандай қосымша әсерлер шақыруы мүмкін:

А.бас ауруы,бастың айналуы,рефлекторлы тахикардияда,қан қысымының кенеттен төмендеуі

В.импульстардың өткізгіштігінің бұзылуы,бас ауруы

С.брадикардия,бронхоспазм,миокардтың жиырылу белсенділігің күшеюі

Д.қан қысымының кенеттен төмендеуі,вестибулярлы бұзылыстар,ларигоспазм

Е.бастың айналуы,тромбофлебит,тахиаритмия

93.Тыныс алу қимылының тереңдігі мен жиілігінің артуымен жүретін субъективті ауа жетпеу сезімі қалай аталады:

А.тұншығу

В.жөтел

С.ентікпе

Д.тахипноэ

Е.брадифноэ

94.Анемия кезінде қанда қандай өзгерістер болады?

А.лейкоциттер санының көбеюі

В.ЭТЖ жылдамдауы


С.гемоглобин деңгейінің төмендеуі

Д.бластты жасушалардың пайда болуы

Е.тромбоциттер санының азаюы

95.Экссудативті плеврит кезінде өкпеден қандай тыныс естіледі:

А.везикулярлық

В.қатаң

С.бронхиалды

Д.амфоралық

Е.тыныс естілмейді

96.Қарау кезінде науқас тері жамылғысының бозғылттығы анықталды.Аталған симптомның себебі неде?

А.қан тамырлардың таралуы

В.қантамырлардың кеңеюі

С.қанның оттегіне қанығуының төмендеуі

Д.қандағы өт пигментінің жоғарылауы

Е.қандағы қалдық азоттың жоғарылауы