Файл: 30. 12. 2022ж. ызылорда облысыны полиция департаментіні жылдам имылдайтын арнайы жаса ызметкерлі оамыны ауіпсіздігін амтамасыз ету баытында ыраылы танытып, ыруар жмыс атарып келеді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 6

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



30.12.2022ж. Қызылорда облысының ПОЛИЦИЯ департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлі қоғамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қырағылық танытып, қыруар жұмыс атқарып келеді. Салада сайдың тасындай іріктелген сайын қыран саңлақтар аз емес. Олардың қай-қайсысы да өздеріне жүктелген міндеттерді абыройымен атқарып, ел –жұрттың сеніміне ие болып жүр. Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берген әскерилер мұқтаж жандарға көмек ретінде қан тапсырып, азаматтық асқақ айбындарын көрсетті. Облыстық қан орталығы, Қызылорда облысының ПОЛИЦИЯ департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ басшысы Қожабаев Мұхтар Аманкұлұлымен қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.

17.11.2022ж. Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы «Донор бол- өмір сыйла» атты акциясын ұйымдастарып, 60-ға жуық қызметкерлері донор болып қан тапсырды. Қызметкерлер бұл шараға ерікті түрде қатысты. Барлық донорлардың қалауы қанға мұқтаж жандарға көмек қолын созып, өмірлеріне араша түсу болып табылады. Облыстық қан орталығы «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» ұжымына жауапкершілік танытқандары үшін алғыс білдіреді. Дендеріңізге саулық,жұмыстарыңызға табыс тілейміз!