Файл: 1жргізуші Армысыздар,рметті стаздар,оушылар! 2жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

1жүргізуші:Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар!

2жүргізуші:Адамзат тарихында қай кезде де болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген,қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін елбасы Н.Ә.Назарбаевтің жолдауларында баса көрсетті.

1жүргізуші:Ия Қ.Р өркенниетті ел болу үшін ең басты білім.Білімді болу жүйелі түрде үйренудің ,оқығанды зердеге тоқудың нәтижесі.

2жүргізуші:Ендеше,бүгінгі сайысымыздың ұраны:Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.

1 жүргізуші:Олай болса,»Білімділер бәйгесіне « қош келдіңіздер!

2-жүргізуші::Ең алдымен әділ-қазы алқалары және топтармен танысып алайық:

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:___

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

2-жүргізуші:Сайыс ережесі бойынша:1,2,3-кезең де жинаған ұпай бойынша,ең көп ұпай жинаған 3топ 4-кезеңге өте алады.Сондықтан жоғары ұпай жинауға тырысамыз.Қатысушыларға сәттілік!

1-Жүргізуші:

- Бүгінгі сайысымыз бес кезеңнен тұрады.

1 - кезең: «Бәйге»

2 - кезең: «Мақал мәтелді жалғастыр »

3 - кезең: «Қызықты жұмбақтар»

4 - кезең: «Кім жылдам»

5-кезең:《Полиглот》

2-Жүргізуші:

- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз"бәйге" сайысына кезек береміз

1-Жүргізші:

1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер бір карточканы таңдап,түсіп қалған сөздерді табуларың қажет. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Сонымен, бәріңе сәттілік тілеймін!

1-мәтін

Дүниедегі ... атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, ... барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың ... » демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.

(Мамандық, мұғалім, анасы)

2-мәтін

Мен бақыттымын! Себебі менің ...

қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай ... мен алтын ... бар. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз.

(Отбасым,әкем,анам)

3-мәтін

... жер көгереді. Қырда бәйшешектер өседі. Көктемде ... нөсерлеп жауып, ... көп болады. Күн ұзарғандықтан кішкентай балалар армансыз далада ойнайды.


(Көктемде,жаңбыр, кемпірқосақ)

4-мәтін

Дана халқымыз «... - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді ... сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ... айналып отырған кітапхананың қоғамда алар орны орасан зор.

(Кітап,білім нәрімен,ошағына)

5-мәтін

.... адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі ... болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз ... нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек.

(Спорттың,шыдамды денсаулығымызды)

6-мәтін

... – адамдардың бір-біріне мүлтіксіз сеніп, ортақ көз қараста болатын қасиеті. Менің достарым өте көп. Достық өзара .... пен қамқорлықтың рухани белгісі.Дос табу ... , ал оны сақтау одан да қиын.

(Достық, жауапкершілік,оңай)

7-мәтін

... күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарханы ... тағамдарға толады. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізіледі. ... көпшілікке айтыс көрсетсе, биші,жырау, термешілер әуелете ән салады.

(Наурыз, ұлттық,ақындар)

8-мәтін

... – әр ұлттың , халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс –тіршілігіне,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.

Дәстүр-халықтың ... балаға көшіп, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

... салт дәстүрге өте бай.

(Салт-дәстүр,атадан, қазақ халқы)

«Мақал - сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал - мәтелдерді жиі қолданған жөн.

1-жүргізуші:Сонымен 2 - кезеңімізді бастайық. Ойымызды бұдан да күштірек жинақтайық.

2-жүргізуші:Мақал-мәтелді көп біліп,көп қолданатын адамдардың білімі де,ақылы да арта түседі.Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық!

1)Ырысқа қарай ұл өсер ...

(Қонысқа қарай мал өсер.)

2)Ел ырыстың орманы...

(Ер ырыстың қорғаны)

3)Қатты жерге қақ тұрар...

(Қайратты ерге бақ тұрар.)

4)Бір жеңнен қол шығар...

(Бір жағадан бас шығар .)

5)Қайраңы жоқ көлден без...

(Қайырымы жоқ Ерден без.)

6)Адам ұйымшыл...

(мал үйіршіл.)

7) Ақсақтың аяғы жетпесе де...

(таяғы жетеды.)

8) Көлдің атын балық шығарады...

(балыктың атын халық шығарады.)

9)Ат жүйрігі азаптан кұтқарады ...

(тіл жүйрігі мазақтан кұтқарады)

10)Қазақ аулы қарайлас...

(Шеру соңы қарайлас.)

11)Ел айрылса – көбіне...

(Жол айрылса – кеңінен)

12)Әлсіз адам — сүріншек...



(Ақылсыз адам — еріншек)

13)Ананың сүті—бал...

(Баланың тілі — бал.)

14)Әзілің жарасса...

(Атаңмен ойна.)

15)Теңге – тиыннан...

(Ынтымақ – ұйымнан)

16)Бір кісінікі — мақұл...

Екі кісінікі — ақыл.

17)Жер байлықтың көзі...

(Еңбеккер иесінің өзі)

18)Бірлік болмай ...

(Тірлік болмас)

19)Жақсы адамның ашуы шай орамал кепкенше...

(Жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше)

20)Жақсылар жақсымын деп айта алмайды...

(Жамандар жақсымын деп айқайлайды)

21)Өзге тілдің бәрін біл ...

(Өз тіліңді құрметте)

22)Тілі бар халық халық...

(Тілі жоқ халық балық)

23) Ұяда не көрсең...

(ұшқанда соны ілерсің)

25) Еңбек ерлікке жеткізер...

(Ерлік елдікке жеткізер.)

26)Алтау ала болса ауыздағы кетеді...

(Төртеу түгел болса төбедегі келеді)

27)Еңбек етсең ерінбей...

(Тояды қарның тіленбей)

28)Білім инемен...

(Құдық қазғандай)

29)Би екеу болса...

(Дау төртеу болады)

30)Тіл тас жарады...

(Тас жармаса бас жарады)

3-кезең

1жүргізуші:Жоғары,жоғары,жорғала

Шапшаңдыққа таң қал ма.

Ойын деген нарталас,

Жеңілемін деп ойлама!

2жүргізуші:Ал,енді келесі кезеңіміз жұмбақтар кезеңімізді бастайық

1)Сырты жасыл қатты.

Іші қызыл тәтті ол не?

(Қарбыз)

2)Аспанға жайып қойған,

Ақ мақтам ғайып болған

(Бұлт)

3)Қолы мен қаламы жоқ

Бірақ суретсалады көп

(Аяз)

4)Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі.

(Сызғыш)

5)Жолбарыстан аумайды

Тышқандарды аулайды

(Мысық)

6)Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп,қорқып тұрады

(Қоян)

7)Әттең даусым,тілім жоқ

Құшағымда білім көп

(Кітап)

8)Суға салсаң батпайды

Жерге ұрсаң жатпайды

(Доп)

9)Әдемі түнде,

мен жүрсем жүреді бірге

(Ай)

10)Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(Ауа)

11)Аспандағы алып доп

Жарқырайды жарық боп ?

(Күн)

12)Шықса - көк

Түссе - сары ?

(Бидай)

13)Иісшіл ит емес

Ұшады кұс емес ?

(Шыбын)

14)Асты тас,үсты тас

Ортасында шандыр бас ?

(Тасбақа)

15) Сатайын десем ақыр кілем

Сатпайын десем тақыр кілем?

(Жер)…

16)Кішкене ғана тостаған

Жер дүниені бастаған ?

(Көз)

17) Торы тай

Табанында төрт ай ?

(Таға
)

18) Бір жыланды таяққа ілып алдым

Ерге қона пайдасын біліп алдым ?

(Қамшы)

19)Темір аяқты

Ағаш таяқты ?

(Циркуль)

20)Қадалды бір ине

Нүктедей түймеге

(Леп белгісі)

21)Жүзімен жарамын,

Шүйдесімен қағамын.

(Балта)

22)Өзі жып етеді,

Ізімен жіп өтеді.

(Ине-жіп)

23)Ағаш көрсе қышынар,

Сояу-сояу тісі бар.

(Ара)

24)Қайда жүрсең,

Қосарлана шабады.

Үйге кірсең,

Босағада қалады.

(Аяқ киім)

25)Үстiнде есiгi,

Өзi орындық, әрi үстел,

Оқушылар бесiгi.

(Парта)

26)Құс сияқты, құс емес,

Самғап ұшқан биікке.

Қанаты бар қақпайды,

Жүрсе де сондай биікте.

(Ұшақ)

27)Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі.

(Киіз үй)

28)Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,

Сылдырап әр буыны үнін қосқан.

Он адам жолдас болып еңбек етсе,

Аралап он екі үйге қонақ болған.

(Домбыра)

29)Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.

(Аспаз)

30)Сырғалы құлақ бір,

Үн-түнсіз сұрап тұр

(Сұрақ белгісі)

2жүргізуші:Неткен ақылды едіңдер,жарайсыңдар.

1жүргізуші:Сайыс басында айтқанымыздай,біздің 4-ші кезеңімізге де, жеттік.

2жүргізуші:Ойын шарты бойынша 4-кезеңге ең көп ұпай жинаған 3топ қалуы керек!Әділ-қазы алқаларына сөз берсек.

1жүргізуші:«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», - деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер біздің болашағымыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл.

2жүргізуші: Білім жайында жер бетіндегі ақын-жазушының бәрі де қалам тербеді. Ұлағатты ой айтып, нақыл, қанатты сөздері бізге мұра болып қалды.

1-жүргізуші:Білім — адам баласының ортақ қазынасы-деп бекер айтпаған!

2-жүргізуші:Ия дұрыс айтасың____,қай жерде болмасын білім мен жүйріктік қажет.

1-жүргізуші:Ал ендеше 4-кезеңімізді де бастайық!

2-жүргізуші:Ескерте кетейік,бұл кезеңде төмен ұпай жинаған 1топ ойыннан шығып,5-кезең шешуші кезеңге,2топ қана өте алады.

1-жүргізуші:Бұл кезеңде әр топқа 5сұрақтан қойылады,сол сұрақтарға жылдам әрі,дұрыс жауап беруге тырысамыз!Егерде сұрақтың жауабын білми жатқан жағдайда,басқа топ мүшелері жауап беруге болады.

4-кезең

1.16 желтоқсан қандай мереке?

(Тәуелсіздік алған күн)

2.Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім?

(Тоқтар Әубәкіров)

3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран
)

4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)

6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)

7. Ұзын құлақты, есепке шорқақ не? Есек

8. Ұйқышыл, маймақ не? Аю

9. Шақса, қауіпті, бірақ адамға пайдалы не? Ара

10.Қазақтың ұлы ақыны?

(Абай Құнанбайұлы)

11. Адамға адал, қасқырға қатал не? Ит

9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)

10. Қ. Р. мемлекеттік тілі ?(қазақ тілі)

12. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)

13. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)

14.Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)

15. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)

16. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?(Қосымша)

17. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)

18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?(P=2(a+b))

19.Мәтіннің түрлерін ата?

(Әңгімелесу,пайымдау,сипаттау)

20.Алтын адам кай калада табылды?

(Есік қаласында)

5-кезең

1жүргізуші:Жарайсыңдар оқушылар,енді әділ қазы алқаларына уақыт беріп,бір топты ойыннан шығарсақ.

2-жүргізуші:«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» демекші, ұрпағымыз білімді, озық ойлы болсын десек, ана тілімізбен қатар шет тілдерін де меңгеруді ұмыт қалдырмайық.

1-жүргізуші:Шынында, адамдар тіл арқылы бір-бірімен қарым-қатынас орнатады. Тіл арқылы өркендеп дамиды. Ал бізге тәуелсіз еліміздің биік тұғырдан көрінуі маңызды.

2-жүргізуші:Біз айтқымыз келгені,біздің келесі кезеңіміз "полиглот"кезеңі,яғни сіздерге сұрақ қойылады ал сіздер сол сұрақтың жауабын үш тілде айтуларыңыз керек(қазақша,орысша,ағылшынша)

1.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

(қырық екі,сорок два,forty two)

2.Тілдің дыбыстық жағын зерттейтін тіл білімінің саласы?

(фонетика,фонетика, phonetics)

3.Жалпы,жалқы,деректі,дерексіз болып бөлінетін сөз табы?

(зат есім,имя существительное,noun)

4.Тұрады ылғи сөреде,іші толған өнеге

(кітап,книга,book)

5.Батыр туса ел ырысы,___

жауса жер ырысы.

(жаңбыр,дождь,rain)

6.Қандай санды бөлуге болмайды?

(Нөл-ноль-zero)

7..Халық санағы бойынша әлемде қай ел бірінші орында?

(Қытай-Китай-China)

8.Ең қорқақ жануар?

(Қоян-кролик-bunny)

9.Кішкентай сөзінің антонимі?

(Үлкен-большой-big)

10.Көркем сөзінің синонимі

(Әдемі-красивый-beautiful)

2-жүргізуші:Болды дейміз жарасымыз жемісті,

Озып шығар кім білімді, кім күшті.