Файл: Силлабус Пнмодуль леуметтік медицина жне денсаулы сатау ісін басару Мамандыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



1.7.4. Симуляцияның тақырыптық жоспары

р/с



Симуляция тақырыбы

Мазмұны

Сағат көлемі


























1.7.5. Клиникалық сабақтардың тақырыптық жоспары


р/с



Клиникалық сабақтар тақырыбы

Мазмұны

Сағат көлемі


























1.8. Оқыту және оқыту әдістері

Аудиториялық сабақ: фронтальды шолу, пікірталас, презентациялар

СӨЖ:баяндама,реферат,презентации

1.9. Студенттердің білімі мен дағдыларын

1. Реферат,баяндама,эссе жазу: студенттердің таңдауы бойынша дайындалады. Топпен орындауға болады, топтың әр мүшесі бір бөлімді дайындайды. Реферат тақырып сұрағының мәнін ашуы тиіс, толық мағлұматты және өзіндік қорытындысы болуы тиіс. Реферат ұқыптылықпен, өз бетінше 5 әдебиет көздерін қолдана отырып жазылуы тиіс. Реферат тақырыбына сай сызба, кесте және суреттер келтіріледі.Рефератты қорғау кезінде мәтінді оқып беру емес, айтып беруі керек.Қойылған барлық сұрақтарға сенімді әрі қатесіз жауап береді.

2. Презентация: өз бетінше дайындайды. Дайындауда 5 кес емес әдебиет көздері пайдаланылады. Слайдтар мазмұнды және орамды болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша өзінің терең білімін көрсетуі қажет, сұраққа жауап беруде, талқылау барысында қате жібермеуі тиіс.

3. Тест сұрағын құрастыру: 20 тест сұрағы болуы керек. Белгіленген күнде тапсырылуы тиіс. Тест негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, анық, дұрыс құрастырылған. Жауап нұсқалары бір текті және адекватты. Жауаптың алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты белгіленген.

СӨЖ- орындалуына қойылатын талаптар:

1. Реферат:схема - тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны -
кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда

логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3см;

Реферат бағалау баяндаудың нұсқалығы, нақтылығы, реттілігі, мәселені жақсы білуі, кәсіби дайындығы, сұрақтарға жауап беруі бағаланады.

2. Презентация: Стиль: - оған қойылатын талаптар: Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану-бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі - ақпарат көлденеңінен орналасу керек,

негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес;Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет. Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.

Мультимедиалық презентацияны бағалау көрсеткіштері: мазмұны СӨЖ-дің мақсатын ашуы қажет, анықтамалар, түсініктер қысқа, нақты, толық мәлімет беретіндей болу керек. Презентация мәтіні - қатесіз, ғылыми терминдерді қолдану, кейінгі ақпарат пен қамтамасыз етілуі тиіс.


3. Тест сұрағын құрастыруға қойылатын талаптар: адекваттылық,мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болуы қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.

Ескерту* -СӨЖ орындауда қолданылатын әдебиет көздерінің ұсынылатын саны 5 кем емес, 5-жылдан артпауы қажет.

1.9.1 Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

1.9. Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері: тест, ауызша сұрау, жағдаяттық (ситуациялық) есептер.

Аудиториялық сабақ:тестілеу, ауызша сұрау, жағдайлық және проблемалық тапсырмалар, рөлдік ойындар және т.б.

Ағымдағы бақылау: практикалық дағдыларды көрсетумен ауызша сұхбат, жағдайды модельдеу, тест тапсырмалары арқылы проблемалық-бағытталған оқыту.

Қорытынды бақылау: сараланған сынақ тест түрінде

1-кесте. Төрт балдық жүйенің сандық баламасына сәйкес келетін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі

Әріп жүйесі бойынша баға

Балл

Сандық эквивалент

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

95 - 100

4,0

Үздік

А-

90 - 94

3,67

В+

85 -89

3,33

Жақсы

В

80 -84

3,0

В -

75 - 79

2,67

С+

70 - 74

2,33

Қанағаттанарлық

С

65 - 69

2,0

С-

60 - 64

1,67

D+

55-59

1,33

D

50-54

1,0

F

0-49

0

Қанағаттанарлықсыз

Баға критерийі

Үздік «А»:Студент мына бөлімдерде жан-жақтытолық жауапты қамтамасыз ете алады:Білім алушы этиканың құндылықтары мен қағидаларын жан жақты түсініп, көрсете алады. Білім алушы тәжірбиелік дағдыларды орындауда өзінің жауапкершілігін көрсетті. Күнделікті тәжірбиеде шешім қабылдау кезіндегі мәдениеттіліктің маңыздылығын түсінеді. Білім алушы қосымша ғылыми әдебиеттерді өз еркімен қолданады. Білім алушы оқудағы өз қажеттіліктерін нақтылап, ары қарай кәсіби дамудағы жеке оқу жоспарын құрады және мақсатына жетудегі оқу әдістерінің тиімдісін таңдайды. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.

Жақсы «В»:Студент мына бөлімдерде білімін көрсете алады: Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.

Қанағаттанарлық «С+D»: Студент мына бөлімдердің білімін игерген: Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.

Қанағаттанарлықсыз «F»: Студент мына бөлімдерде кейбір түсінігі бар: Студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. Сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген жағдайда қойылады.





Бақылау түрі

Баға

Бағалау белгілері

Реферат дайындау және қорғау


Өте жақсы
А (95-100%);

А- (90-94%) баға сәйкес.


Егер де студент рефератты және баяндаманы қорғау кезінде ешқандай қателік пән дәлсіздік жібермесе. Тақырып бойынша теорияларды, концепция мен бағыттарды білсе және оларға баға бергенде, ғылыми жетістіктер келтіргенде. Мәтінді компьютерде тергенде, глоссарий құрастыр-ғанда, мазмұны мен безендірілуі қойылатын талапқа сай болғанда. Қолданылған әдебиеттер жаңа әрі жеткілікті болғанда.

Жақсы

В+ (85-89%);

В (80-84%);

В- (75-79%) баға сәйкес.


Егер де студент рефератты және баяндаманы қорғау кезінде айтарлықтай қателік жібермесе, айтарлықтай емес дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, оны студент өзі түзесе, материалды оқытушының көмегімен жүйелей білсе. Мәтінді компьютерде теріп, глоссарий құрастырғанда, мазмұны мен безендірілуінде қойылатын талаптан сәл ауытқу болғанда. Қолданылған әдебиеттер жаңа әрі жеткілікті болғанда.

Қанағаттанарлық

С+ (70-74%);

С (65-69%);

С- (60-64%);

D+ (50-54%) баға сәйкес.

Егер де студент қорғау кезінде айтарлықтай дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, тек оқытушы айтқан әдебиттермен шектелсе, материалды қиыншылықпен жүйелей білсе. Мәтін қолмен жазылып, мазмұны мен безендірілуінде қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Қолданылған әдебиеттер мөлшері аз болып, Интернеттен дайын материалды пайдаланғанда.

Қанағаттанарлықсыз
F (0-49%) баға сәйкес.


Егер де студент қорғау кезінде айтарлықтай дәлсіздік жібергенде немесе қағидалық қателік жіберіп, негізгі әдебиттермен жұмыс істеменгенде, ғылыми термино-логияны қолдана алмаса, жауап бергенде айтарлықтай стилисти-калық және логикалық қателіктер жібергенде. Мазмұны мен безендірілуінде қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Интернеттен дайын материалды пайдаланғанда Қолданылған әдебиеттер мөлшері аз болып СӨЖ уақытылы өткізілмегенде.

Тақырыпты презентациялау СӨЖ дайындалу кезінде қолданылады


Бақылау түрі

Баға

Бағалау белгілері

Презентация


Өте жақсы
А (95-100%);

А- (90-94%) баға сәйкес.


Егер де студент презентация кезінде ешқандай қателік пән дәлсіздік жібермесе. Тақырып бойынша теорияларды, концепция мен бағыттарды білсе және оларға баға бере білсе, ғылыми жетістіктерді келтіргенде. Мазмұны мен безендірілуі презентацияға қойылатын талапқа сай болғанда.Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.

Жақсы

В+ (85-89%);

В (80-84%);

В- (75-79%) баға сәйкес.


Егер де студент презентация кезінде айтарлықтай емес қателік пен айтарлықтай емес дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, оны студент өзі түзесе, материалды оқытушының көмегімен жүйелей білгенде. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан сәл ғана ауытқу болғанда. Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.

Қанағаттанарлық

С+ (70-74%);

С (65-69%);

С- (60-64%);

D+ (50-54%) баға сәйкес.

Егер де студент презентация кезінде айтарлықтай дәлсіздік жібергенде немесе қағидалық қателік жіберіп, оқытушы айтқан негізгі әдебиттермен ғана шектелгенде, материалды жүйелей алмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан айтарлықтай ауытқушылық болғанда. Презента-цияның мазмұны тақырыпқа сай келмегенде. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.

Қанағаттанарлықсыз
F (0-49%) баға сәйкес.


Егер де студент презентация кезінде айтарлықтай қағидалық қателік жіберіп, ғылыми терминологияны қолдана алмаса, жауап бергенде айтарлықтай логикалық қателіктер жібергенде. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.



Тест тапсырмаларын дайындау

Бақылау түрі


Баға


Бағалау белгілері

Тест тапсырмаларын дайындау


Өте жақсы
А (95-100%);

А- (90-94%) баға сәйкес.


Тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Берілген жауаптары бір типті және адекватты. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Жақсы

В+ (85-89%);

В (80-84%);

В- (75-79%) баға сәйкес.


Тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрас-тырылған. Кейбір берілген жауаптары бір типті және адекватты емес. Алайда студент өз қателігін өзі анықтады. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Қанағаттанарлық

С+ (70-74%);

С (65-69%);

С- (60-64%);

D+ (50-54%) баға сәйкес.

Тест тапсырмаларының саны 20, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мазмұнды қате. Тест тапсырмалары дұрыс емес, әрі нақты құрастырылмаған. Кейбір берілген жауаптары бір типті емес. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленбеген.

Қанағаттанарлықсыз
F (0-49%) баға сәйкес.


Тест тапсырмаларының саны 20, тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған, мазмұнсыз, жауап варианттары бір типті емес, жауап алгоритмі жоқ. Жауаптың 50% дұрыс белгіленбеген.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі рейтингтік бағалаудан, аралық аттестаттаудан қалыптасқан қорытынды бағалаудан анықталады.Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағалары кіреді (емтихан бағасы).Ағымдағы үлгерімді бағалау үлесі академиялық пәндер бағдарламасы бойынша студенттің меңгеру дәрежесін қорытынды бағалау кезінде кемінде 60% құрайды. Қорытынды бақылау бағасы академиялық пән бойынша білімнің қорытынды бағасының кемінде 30% құрайды. Жағымды қорытынды баға берілген пәндер бойынша берілген қарыздарды белгіленген мөлшердегі несиелермен толықтыруға негіз болады және студенттің транскриптіне / өтінішіне енгізіледі. Студенттер қорытынды бақылауды (емтиханды) «қанағаттанарлықсыз» алған кезде, пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.