Файл: Жргізуші Армысыдар балалар, бармысыдар Жазда келді жайнаан глді шыдар Алдыменен алайы амандасып, Армысыдар бріде бармысыдар! Жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Жүргізуші:     Армысыңдар балалар, бармысыңдар

Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар

Алдыменен алайық амандасып,

Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!

  1. Жүргізуші:    Бүгін бізде мереке қуанышта балалар,

Хош келдіңдер, хош келдіңдер,  ата- аналар, қонақтар

Құрметті балалар барлығыңызды 1 маусым балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

1-жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата- ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе  бал бұлақтан жалғайтын

Бүгінгі  1- маусым  Балалар күніне арналған» Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашу үшін және  бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін мектеп директоры А.С.Абдрахмановаға береміз.

Жүргізуші: Ән айтайық қосылып,

 Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт   

Балалар деп үлгілі

 Ән шашу : «Достық» әні

Жүргізуші: Бала деген бал дерсің, ел еркесі

Әрнбір үйдің шаттығы берекесі

Бүгінгі күн мінекей балғындардың

Қуанышқа кенелген мерекесі

Бүлдіршіндеріміздің өлең шумақтарын қабыл алыңыздар

2-3 орыс сыныбын ортаға шақырамыз

Жүргізуші: Балалардың бақшасында бүгін той

Балаларды қорғау күні біліп қой

Тақпақ айтып кезектесіп бір- бірлеп

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп

4 сынып оқушыларының орындауында Би «Жаяу»

Жүргізуші:  Сүйкімділер, періштелер сендерсің

Қандай бақыт өздеріңе тең келсін

Данышпанда, ғарышкерде, ғалымда

Ең алдымен балалықты меңгерсін

2-3 сынып оқушыларының орындауында өлең шумақтары

Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз

Бауыласпыз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз

Ұлы Отан аясында

Жадырайды  жанымыз

1 сынып оқушыларының орындауында Достық биі

Жүргізуші:  Йә, рас, бала болған бәрі де

Салған олар балалықтың әнін де

Бала кезін еске алып отырсақ

 Сол емеске тіршіліктің мәні де!- 

4 сынып оқушыларының орындауында ән Кластастарым


Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып

Қыран биік самғайды қанат қағып

Адам үшін парыз ғой өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақты алып

\ӘН Балдәурен 2-3 сынып оқушылары

Жүргізуші: Бірге болсын ойымыз

Құтты болсын тойымыз

Қыздарымыз мақтана

Би билесін шаттана

5-6 сынып оқушыларының орындауында заманауи би

Жүргізуші:  Ән көмейден төгілді

Қайғы бұлты шегінді

Балалармен дүние

көрікті де көңілд

7-8 сынып оқушыларының орындауында ФЛЕШМОБ

Жүргізуші: Біз тілейміз бар бөбек

Бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп

 Қуанғанын күлгенін

Бақшаға біз гүл ексек ,

 Балдырғаным, сен үшін,

 Бақытыңды жыр етсек,

 Балдырғаным, сен үшін

 Жігіт болар, күні ертең

 Балдырғаным, гүл еркем

 Бақытты бол, өсе бер,

 Құтты болсын мерекең! –деп, «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқтаймыз.

Көңіл қойып  тамашалағандарыңызға көп рахмет.