Файл: Әлеуметтану РГР1 Жеке адам әлеуметтануы..doc

Добавлен: 02.02.2019

Просмотров: 741

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сонымен, әлеуметтік дегеніміз не? Әлеуметтік-бұл адамдардың өзара  қарым-қатынастарының ерекше сапасы немесе бір адамның басқа біреумен қарым-қатынасының  ерекше саласы. Әлеуметтік дегеніміз-адамдардың өзара қарым-қатынастары және сол  қатынастардың қоғамдық маңызды  нәрсе ретінде қарастырылуы. Адам мен тұлғаға алып баратын тағы да бір жол бар. Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың объектісі және олардың субъектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады.  Адам- жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық, «ерекшелік» дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал «жеке өзіндік» дегенімізи өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен, адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде өмір сүруде. Алайда, адамзат осы күйінде өз бетінше өмір сүрмейді. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды. Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. Ал әлеуметтануда тұлға көбіне-көп қоғамдық, әлеуметтік қатынастарының субъектісі ретінде қаралады. Әлеуметтік қатынастар адамның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады. Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар-өмір сүріп отырған әлеуметтік орта жағдайларындағы индивидтердің өзара қимыл-әрекеті процесінде қалыптасқан олардың белгілі бір тұрақты байланыстарының жүйесі. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары ретінде оның қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді. Тұлғаның әлеуметтік түрі-белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа кіретін тұлғалардың қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалары жиынтығының сараланған бейнесі. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сапаларында белгілі бір таптын, я болмаса әлеуметтік адамдарынатән ортақ, біршама тұрақты белгілер көрініс табады. Тұлғаның әлеуметтік түрлері трихи қалыптасқан өмір жағдайларының, әлеуметтік айналадағы ортанаң, дәстүрлердің, әдет-ғұрыпиардың, жалпы дүниетанымның, үлгі-өнегеліктің және қоғамдық өмірдің, т.б. жақтарының жемісі болп табылады. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сипаттамалары белгілі бір әлеуметтік отраның шеңберіндегі адамның қоғамдық дамуының өзіндік ерекше жағдайларын көрсетеді. Белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың өкілі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде тұлға сөз болып отырған қоғамдық даралықтың өзіне тән белгілерімен сипатталады. Тұлғалар мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау негізінде орнайды. Әлеуметтік бақылай бұл оны құрайтын элементтердің тәртіптелген өзара әрекетін қамтамасыз ететін, әлеуметтік жүйенің өзін реттеп отыратын тәсілі, әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын тұрақтандыру қызметі үстемдік етуші әлеуметтік қатынастардың, әлеуметтік құрылымның шептерін ұдайы жандандыру болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын мақсаттық қызметі, оның бағытталуы мен мазмұны сол тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйенің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-құқықтық сипаттарына, тарихи даму процесіндегі қоғам типтерінің бірін-бірі алмастыруда алатын орнына тәуелді болады. Әлеуметтік бақылау проблемасы негізінде басты мәселе. Себебі ол жеке адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынас туралы мәселені қамтиды.



Әлеуметтік бақылау тұрғысынан алғанда жеке адам мен қоғамның өзара  әрекеті олардың өзара әрекетінің ішкі қарама-қайшылықтарын анықтайды. Бір жағынан алып қарағанда, адам қоғамнан тыс жерде өзінің индивидуалдығын, әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін қалыптастыра алмайды. Егерде жеке адам әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени ортаның жемісі болмаса, онда ол адам емес. Егер адам әлеуметтік мәдени ортаның тек көшірме бейнесі болатын болса, онда ол тұлға бола алмайды.

 

3. Жеке адам және қоғам

Жеке адам болу үшін психикалық дамудық  белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа  адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға  болуы тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиенің  нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның  өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның  қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта  жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген  ұғымды анықталық. Даму ұғымына ағзаның  өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен  өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның  жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл  оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі  жеке адам үшін елеулі болып табылатын  барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын  сапалық өзгерістер процесі. Жеке адамның  әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен  тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен  сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне  байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен  дамудық арасында екі жақты байланысы  болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған  жөн. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның  қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық  көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі  жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997),Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Адамның адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы композитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн. Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды. Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған. Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген. Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады. Әлеуметтану адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді.


2.2. Жеке адамды дамыту мен қалыптастырудағы тәрбиенің ролі

Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі – тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы  мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын  мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің  құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін  педагогика тарихында, аса артық  бағалаушылар да болды. Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне  керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның  баланың қалыптасуындағы рөлін  онша бағаламады. Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский  тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық  пен ортаның әсерін де ескерген жөн  деді. Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша  тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының  тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге  болады деген жорамал ойға келді. Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам  құруды ұсынды. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін  тиімді етіп, оның жақсы дамуына  қажетті материалдарды іріктеп  алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың  ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. Мектеп мемлекет қолындағы  ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының  дамуы мен қалыптасуына ықпал  ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті  ықпал етіп, тұқым қуалаушылық  пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді. Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды. Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен.


2.3. Қазіргі кездегі жеке тұлға мәселесі

Елімізде жеке тұлға мәселесін  алдыңғы орынға қойып отыр. Осыған дәлел ретінде Елбасы жолдауын алуымызға  болады.

Елбасының биылғы Жолдауының негізі - адам мәселесі.

Адамзаттың жүріп келген тарихына көз салсақ, жаңа бір империялар мен өркениеттердің пайда болуы, тозуы, күйреуі секілді ұлы өзгерістерді көреміз. Сол өзгерістердің, бүгінгі  ұрпақ сабақ алуға тиіс өзіндік  тарихи себептері бар. «Осыған орай Елбасы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында да «Адам - елдің  басты байлығы» деп Қазақстан  халқының біліміне, денсаулығына, «Ардагерлерге  қамқорлық», «Тұрғын үй-коммуналдық  сектор саласындағы саясатқа» арнайы тоқталды. Бұл аталғандар жеке адам үшін қажетті салалар, ал жеке адам бақытты болуы үшін мемлекеттің  өркендеуі қажет, бүкіл әлемдік  дамудың ұлы көшінде өзіндік  орны болуы керек. Басқаша айтқанда жеке адамдардан бастап, мемлекеттік  деңгейге дейінгі  мәселелер кешенді түрде қамтылған. Жолдауда тереңнен ойластырылып, алдағы даму бағыттарымыздың қандай болатыны туралы айқын бағдарлар көрсетіліп отыр», деді- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Адам, адам болып тумайды, қалыптасады. Адам-әлеуметтендірудің  жемісі. Білім беру-әлеуметтендірудің  құралы болып саналады.Сондықтанда, елімізде білім беру жүйесі қарқынды дамуда. “Интеллектуалды ұлт-2020” ұлттық жобада білім беруді үш бағытта оқыту және бұл білім жүйесінің иновациялық дамуы, қуатты ақпараттық серпіліс және жастардың рухани тәрбиесі.

        Білім  берудің шынайы мақсаты-адамға  белгілі бір білімді жеткізу  ғана емес,сондай-ақ оның рухани,адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Қоғамда қазіргі таңда шешімін таппаған мәселелер көптеп кездеседі. Еліміздегі жетім балалардың жағдайы, нашақорлық, жемқорлық және араққа құмарлық т.б мәселелер.



 

 

 

 

 

 

Қорытынды

          Кез келген әлеуметтік теория тұлға мен қоғам арасындағы қатынас, тұлғаның іс-әрекетінің заңдылығы мен оның анықталуы туралы сұрақтарға өз жауаптарын ұсынады. Тұлғаның барлық қасиеттері геналарға, яғни шыққан тегіне байланысты деп есептелген. Ал ағылшын философы социологизаторлық бағыттың негізін салушылардың алғашқыларының бірі Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деген қорытындыға келді.

Сонымен жоғарыда қаралған мәселенің түйінін қорыта айтар  болсақ, адамның дамуына ықпал  ететін факторларға: тұқым қуалаушылық; әлеуметтік орта және тәрбие жатады екен.

Қазіргі кезде орта білім  берудің мақсаты-жылдам өзгеріп  отыратын дүние жағдайларында алынған  терең білімнің, кәсіби дағдылардың  негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеқе тұлғаны қалыптастыру. Яғни қазіргі кезде жаңа білім  парадигмасы бірінші орынға баланың  білімін, білігін ғана емес, оның жеке тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып  отыр. Бұл дегеніміз тұлғаның маңызды  құндылықтарының және ішкі дүниесінің негізінде дүниетанымды қабылдауының даралығымен айқындалады. Білімділікті, біліктілікті тұлғаның интелектуалдық, эмоциональдық, өнегелілік потенциалынан  бөлек қарауға болмайды. Бұл жағдайға байланысты белгілі орыс педагог  ғалымы Г.М.Анохина тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға жағдай жасап, оның құндылық-эмоциональдық қабылдауына  зиянын тигізе жүргізген оқыту тұлғаны  қалыптастыруда технократтық ойлауымен  сыңаржақтылыққа әкелетіндігін  айтады. Технократтық парадигмаға тән  ұран "Күш - білімде", ал оқу-тәрбие процесіндегі нәтижелер "иә-жоқ", "біледі-білмейді", "тәрбиелі-тәрбиесіз","меңгерген-меңгермеген",-деп  бағаланады.Қазақстандық ғалымдар Ж.Әбиев, С.Бабаев, және А.Құдиярова "индивид"- деп адамзат тегінің әрбір  бөлек өкілін, оның сапа қасиеттеріне қатысынсыз тануға болатын және бұл  тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс  адам "индивид" бола алатынын айтады. Сонымен қатар бұл авторлар "жеке адам" ұғымын қолданып, оған төмендегідей анықтама береді: "Жеке адам"-адамның  қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын  білдіреді. "Адам"- ойлау және сөйлеу сыйына, құрал-сайман жасай және еңбек  процесінде оны қолдана алатын қабілетіне ие тірі организм, ол физикалық және руха-ни, табиғи және әлеуметтік, тұқым  қуалаушылық және иемденушілік бірлікті білдіреді. "Тұлға" деп қоғамдық дамудың өнімін, еңбек, қарым-қатынас  және таным субъектісін, қоғамдық өмірдің  нақты тарихи жағдайында анықталған адамды айтуға болады.


"Адам", "индивид", "тұлға", "даралықтағы жеке  бас" ұғымдарын салыстыра келіп,  ғалымдар әрбір адамзат баласы  өмірге жеке адам болып келеді, "тұлға" ретінде қалыптасады, ал даралықтағы жеке бас ретінде өзін сақтап қалады - деген тұжырымға келеді.

Қорытындылай айтқанда,өз жұмысымда «жеке тұлға» түсінігіне, оның түсінігінің тұжырымдамасына, олардың өзара ұқсастығы мен  айырмашылығына анықтама бере отырып, «тұлғаның әлеуметтенуі» деген  сұрақты қарастырдым. Әлеуметтену  дегеніміз тұлғаның қалыптасу процесі, біртіндеп қоғамның таламтарына  бейімделу, қоғаммен қатынасын реттейтін  сана мен мінез құлықтың әлеуметті  бағалы мазмұнына ие болуы. Әлеуметтену  адам баласының дүниеге келуінен басталып азаматты жетілген кезіне жейін  жүреді деп айтады, дегенмен бұкіл  өмір бойы қалыптасқан мүмкіншіліктері, міндеттері және құқығы әлеуметтену  процесінің аяқталуын білдірмейді. Әлеуметтанушылардың айтуынша әлеуметтену  процесі бүкіл өмір бойы жүреді.

 

 

 

 

  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әбсаттаров Р. Дәкенов М.  Әлеуметтану. Алматы, 2003.

2. Қарабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері.  Оқу құралы. Алматы,1982.

3. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы,2001.

4. Т.Сабыров. Ақыл-ой тәрбиесін  берудің кейбір мәселелері.  Алматы, 1977.

5. Масырова Р. Абуова Н. ”Тәрбие  беру-жеке тұлға қалыптастырудағы  негізгі фактор.”Ұлт танымы. 2004. №2.

6. Р. Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.