Файл: Электротехникалық материалтану зертаханалық жұмыс 3,4.docx

Добавлен: 02.02.2019

Просмотров: 1235

Скачиваний: 20

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қисықтың бірінші өлшеу нүктесінің мәнін анықтағаннан кейін, микрамперметр тізбектен айырылады да реостат R1 көмегімен амперметр А1 бойынша токтың екінші мағынасы қойылады. Ол ток өрістің кернеулігін Н2 үлкенірегіне сәйкес; коммутациядан кейін екінші өлшемнің мағынасын анықтайды. (5.4) формула арқылы В2 индукцияны есептейді. Солай операцияны барлық нүктелерге қайталап отырып, нәтижесін кестеге енгізеді;

б) гистерезис тұзағының нүктелерін табу үшін тұзақтың тек бір бөлігін өлшейді. Олар төмендегі 5.3 - суреттегі ОАВ2 СА1 нүктелері.

5.3 – сурет


Ал екінші бөлігінің біріншіден айырмасы тек индукциямен өрістің кернеулік белгілерінің қайысысы абсолюттік мөлшері бірдей болады.


АВ2 бөлігі үшін өлшеу кезінде әр түрлі әдістер қолданылады, мұнда кернеу өрісі оң және В2СА1 бөлігі, бұнда теріс болады. АВ2 бөлігін өлшеуді А нүктесінен бастайды. Ол үшін айырғыштың 1-де, кілт К1 тұйықталу кезінде R1 реостатпенен магниттейтін өрістің максималды кернеулігіне сәикес магниттеуші ток тұрғызады. К2 кілтімен ток көзін айырады. R2 реостатымен А2 амперметр бойынша ток көрсеткішін анықтайды, бұл Н1 нүктесіндегіден кішкене болады (5.4 - сурет).




5.4 – сурет. -тың кезіндегі қатынасы


Қайтіп К2 кілтін қосып тоқты коммутаттаймыз. Кернеу өрісімен келетін Нм және айырғыш кілтін /1/ қалпына қоямыз.

Микроамперметрді қосып шкаланың көрсеткішін, ауытқу К2 кілтін қосқаннан кейін көреміз. келесі формуламен табамыз

. (5.6)

В1 индукциясын оңай анықтаймыз, өйткені индукция қисығынан табылады. Сондай ақ, магниттелетін өрістің кернеулігіне Н2Н1 сәйкес В2 нүктесін жоғарыдағы әдіспен табамыз. Үлгінің қалдық индукциясы В2 нүктесін айырғыш П-ны 1 қалыптан 0-ге қосып табуға болады. 5.5 - суретке сәйкес, тұзақтың В2 СА1 бөлігін өлшеуді өрісті магнитсіздендіретін кернеуліктің Н1 мөлшерін қойғаннан кейін бастайды. Ол үшін айырғыш П, 1-ші қалыпта болған жағдайда кілт R2-ны ток көзінен айырады, реостат R2-мен амперметр А2 бойынша өрістің кернеулігі Н1-ге сәйкес токты қояды. Ол кернеулік үлгі заттың коллективтік күшінен Н0 әлде ғана аз. Содан кейін К2 кілтін түйықтап, коммутация жасау керек, айырғыш П-ны 2 қалыпта қалдырады, магнитсіздендіру тізбекті кілт К2 – мен ашады, милиамперметрді қосып айырғыш П-ны 1- қалыпқа қойып, сондағы стрелканың лезде көрсететін ток I2-ні бақылайды. Осы ток индукциялар Вм – В1 айырмасына пропорционалды, деп санап 5.6 формуласы арқылы есептеледі.


5.5- сурет. -тың кезіндегі қатынасы


Өрістің кернеулігі (5.4) формуласымен есептеледі. Соған ұқсас В2СА1 бөлігінің екінші нүктесі анықталады. Негізгі индукция қисығымен, гистерезис тұзағын салудың алдында зерттелетін үлгі мұғалімнен берілген сан мәнін білу керек.


5.4 Берілген жұмыс

5.4.1 Индукция қисығы мен гистерезис тұзағын алынған өлшем арқылы


салу керек.

5.4.2 μ = f (Н) қатынасын салу.

5.4.3 Салынған суреттерді [1]-ші кітаптағы суреттермен салыстырып,

зерттеген заттың қайда пайдалануын білу.


    1. кесте. магнит қасиетін есептеу кестесі

І1 , А

І2 , А

, А/м

, Т

5.5 Бақылау сұрақтары


5.5.1 Магнит материалдары қайда қолданылады?

5.5.2 Магнит материалдарының сипаттамасы қандай?

5.5.3 Магнит өрісінің негізгі мінездемесі, өлшем бірлігі?

5.5.4 қисықты салу үшін қандай аппараттар мен аспаптар

қолданылады?

5.5.5 Магниттік сипаттамаларды анықтайтын қандай әдістер қолданылады? Ол әдістердің маңыздары қандай?

5.5.6 Қондырғы сұлбасы.

5.5.7 Жұмыс жасау қатары.