Файл: Пластмассалар оларды трлері. Бастауыш сыныптарда пластмассаларды деуді оыту дістемесі, ралдар мен жабдытар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 11

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

тақырыбы: Пластмассалар олардың түрлері. Бастауыш сыныптарда пластмассаларды өңдеуді оқыту әдістемесі, құралдар мен жабдықтар
Пластмасса — жасанды материал, белгілі бір өзіне қатысты өңдеу барысында оны керекті формаға келтіруге болады. Мысалы, пленка, парақ, тұрба, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар т.б. Пластмассаның құрамында жасанды смола, қосылғыштар, пластификатор (ағарту материалы), бояу т.б. компоненттері бар.

Бастауыш мектеп оқушылары көркем еңбек сабағында мынадай пластмассаның түрлерінен бұйымдар жасай алады:

1. Полиэтилен пленкасынан;

2. Поролоннан;

3. Фото және кино пленкасынан;

4. Целофаннан;

5. Линолеумнан;

6. Пенопластан.

Бұл пластмассаның түрлерін өңдегенде қарапайым құрал-саймандарды қолдануға болады (пышақты, қайшыны).Ал, құрастырғанда, ПВА желімін.





Пластикалық материалдар – құрамында бұйымдар дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер материалдар бар. Пластмасса шыны тәрізді немесе кристалды, диэл, қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады.

Пластмасса түрлері



Полимерлерден басқа пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық тармақталған немесе торланған құрылымды болады. Пластмассалар гомогенді немесе гетерогенді материалдар болуы мүмкін. Гомогенді пластмассаларда полимер материалдардың қасиетін анықтаса, гетерогенді пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады. Қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.

Пластмасса – шикі мұнайдан алынатын қосынды болып табылады. Полиэтилен- қаптама, шелек ,сөмке жасауға қолданады.

Перпекс ( акрил спиртінің ерекше түрі) – көру линзасы, иллюминатор әйнегі, қауіпсіздік белдігін жасауға қолданады.

Полиэстр – мата мен шыны талшық өндіруге қолданады.

Полистирол – бір реттік ыдыстар жасауға қолданады.


Эпоксидті смола –берік желім жасауға қолданады.

Акрилдер – бояғыштар мен киім түрлерін жасуға қолданады.

Полихлорвинил – құбыр,шланг, көліктердің жабындарын өндіру үшін қолданады.