Файл: Invitroжағдайында өсірілген өсімдік жасушыларының биологиясы.docx

Добавлен: 03.02.2019

Просмотров: 1305

Скачиваний: 13

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Клеткалардың бір фазадан екінші фазаға өтуін ішкі және сыртқы факторлар байқалады. Ішкі факторларға пролиферативтік қор, созылып өсу ұзақтығы және клетканың күйі жатады. Сыртқы факторларға, қоректік ортаның құрамы, pH, оттегінің мөлшері, температура, клеткалар тығыздығы және т.б. Пролиферативтік қор деп бөлінетін клеткалар саның клеткалардың жалпы санына қатынасын айтады. Оның қатынасы процентпен көрсеткенде митоздық индекс деп аталады. Өсірген клеткалардың барлығы бөлінбейді, сондықтан пролиферативтік қор төмендейді. Оның себептері:

  1. Біржолата, қайталамсыз дифференциялану.

  2. Клеткалардың тыным кезеңіне өтуі.

  3. Клеткалардың құруы.

Клеткалардың бөлініп өсуі мен құруы теңескен кезде олар стационар күйінде болады. Бұл кезде әр түрлі фазаларда болаған клеткалар саны сол фазаның ұзақтығына тура пропорционал келеді.


  1. Дедифференциация, морфогенез және регенерация.


Бір қалыпты бөлініп ретсіз өсіп жатқан каллуста қайта дифференциялану процесінің арқасында ұлпалар, мүшелер, ұрық тәрізді құрылымдар пайда болады. Алдымен каллус өсіп, белгілі бір деңгейге дейін өз массасын көбейтеді. Сонан соң ол морфогенезге бағытталады. Бірақ, каллустың тек қана бірлі-жарым клеткалары өзінің даму бағдарламасын өзгерте алады. Өйткені тек сол клеткалар детерминацияланады, яғни өзінің даму жолын өзгертуге дайын болады. Дәл осы кезде сыртқы факторлардың, әсіресе индуктордың әсері шешуші болып шығады. Индуктор ең әсерлі қоздырушы, онсыз морфогенез процестері басталмайды. Көбінесе индукторлық қызметті фитогормондар атқарады. Сөйтіп клетканың күйі мен индуктордың әсері дәл сәйкес келген кезде морфогенез процесі басталады.

Сонымен клетка редифференцияланады, басқаша айтқанда ол қайтадан дифференцияланады. Алғаш рет бұл заңдылықты Скуг пен Миллер 1957 жылы анықтады, кейін оны көптеген тәжірибелер растады.

Сондай-ақ каллуста төтенше жағдайда әр түрлі морфогендік құрылымдар пайда болуы мүмкін. Бұл құбылысты каллустың әрбір бөлігінде ерекше гормондардың концентрациялық градиенті түзіліп, соның арқасында морфогенездің түрлі жолдары индукцияланады деп түсінуге болады. Сонымен каллуста пайда болатын меристемалық аймақтардың түрі ауксин мен цитокониннің ара қатынасына байланысты болса да, олардын морфогенездің кезеңдерінде нақтылы қатысуы әзірше анықталмай отыр.

Скуг пен Миллердің темекі каллусында ашқан заңдылығы in vitro жағдайында өтетін морфогенезді зерттеуге зор үлес қосты. Бірақ клетка мен молекула деңгейінде оның механизмі әлі белгісіз.

Қорыта айтқанда, in vitro жағдайында дифференциялану мен морфогенезді гормондармен реттеу концепциясын әмбебап концепция деп есептеуге болмайды. Себебі, дифференциялану мен морфогенезді реттегенде гормондардын ерекшелігі жоқ, гормондық өндеуді сезінбейтін клеткалар бар,in vitro жағдайында өсірген клеткалардың тотипотенттігі тек гормондарға ғана байланысты емес. Клеткалардың морфогенезге қабілеті өсімдіктің генотипіне, оның физиологиялық күйіне, эксплант алынған мүшесіне, даму мерзіміне және басқа химия-физикалық факторларға байланысты.


In vitro жағдайында тағы да бір аз зерттелген морфогенез жолы бар, ол флоральдық морфогенез жолы. Мұнда каллуста вегетативтік бүршігі орнына гүл бүршігі пайда болады. Бұл құбылысты бірінші байқаған француз зерттеушілері еді. Олар эксплант ретінде гүлдеп тұрған темекі сабағаның жоғарғы буынаралық кесіндісін алған.

Каллус клеткасынан зигота сияқты биполярлық ұрық тәрізді құрылымның түзілуі сомалық эмбриогенез немесе эмбриоидогенез деп аталады. Эмбриогенез әр түрлі жолдармен жүзеге асады. Т.Б.Батыгина in vitro жағдайында эмбриондардың түзілу жолдарын схема бойынша көрсеткен. Оның негізі екі бағыт: эмбриод тікелей жеке бір клеткадан пайда болады немесе эмбриондық клеткалық комплекстен түзіледі. Эмбриондық клеткалық комплексі (ЭКК) деп бір немесе бірнеше клеткалардың бөліну нәтижесінде пайда болған комплексті айтады, одан кейін эмбрион түзіледі.

Т.Б.Батыгинаның көзқарасы бойынша in vivo және in vitro жағдайында сомалық эмбрионың пайда болуының маңызды себебі-клеткалардың белгілі алғашқы бір тобы, яғни ЭКК-ның түзілуі. Одан кейін эмбрионның дифференциялану кезеңіне өту үшін де белгілі клеткалар массасы қажет. Бірақ сол клеткалар массасының пайда болу себептері әлі белгісіз және клеткалар массасының мәні де түсініксіз. Сомалық эмбриоидтардың дамуында қиын кезеңдердің болатынын басқа зерттеушілер де кейін тәжірибе арқылы дәлелдеді.

Қорытып айтқанда, әзірше морфогенездін белгілі жолы мен регенерацияны толығымен бақылап отырып, бұлжытпай қайталайтын әмбебап биотехнология әлі жоқ. Сонымен бірге, С.Миноча пікірінше «экспланттың физиологиялык күйі», «сыртқы факторға жауап беруге компетенттік», «морфогенетикалық потенциал», «морфогенетикалық компетенттік» деген ұғымдардын барлығы тек әдебиетте пайдаланылатын көмескі сөздер. Олар морфогенездін кездейсоқ пайда болатынын және алдын ала болжанбаған құбылыстарын түсіндіруге арналады. Сондықтан, осы уакытқа дейін X. Стриттін мына мәлімдемесі күшін сақтап келе жатыр: «Қазір in vitro жағдайында морфогенез өткен тәжірибелердін саны өскеніне қарамай, ол табыстарды кездейсоқ оқиға деп бағалауға болады, өйткені біз онын негізгі себептерін білмейміз». Сондықтан, эксперименттік морфогенездін ең маңызды міндеті - in vitro жағдайында дифференциялану мен регенерация процестерін басқару мәселесін шешу болып табылады.




















Қорытынды


Каллус экспланттын дифференцияланған клеткаларынан пайда болады. Дифференциялану - даму процесінде біртекті клеткалардан морфологиялық белгілері және атқаратын қызметі әр түрлі клеткалар түзілуі, яғни маманданған клеткалардын пайда болуы. Сөйтіп, каллустын түзілуі маманданған, бөліну қабілетінен айырылған клеткалардын пролиферацияға өтуіне, яғни қайта бөліне бастауына байланысты. Бұл процесті дедифференциялану деп атайды. Дифференциялану және дедифференциялану процестерінін негізінде гендердің дифференциялдық активтілігі жатады. Клетканың құрылымы мен функциялары гендердін активтілігімен белгіленеді. Ақырында дифференцияланған маманданған клеткалардын өзара айырмашылығы олардын белоктарының құрамына байланысты болады, өйткені әр белоктын жобасы ДНК молекуласында ген


түршеде «жазылған».

Эксплант клеткаларында гендердін активтілігі өзгеруі нәтижесінде терең биохимиялық және құрылымдық өзгерістер өтіп, олар каллус клеткаларына айналады. Осы дедифференциялану процесіне қоректік ортадағы фитогормондар әсер етеді, әсіресе ауксин. In vitro жағдайында клеткалардын морфология, физиология және генетика тұрғысынан өзара айырмашылықтары болады. Клеткалардын әртекі (гетерогенді) болуының себептері мынада - корреляциялық байланыстарынын бұзылуы, қоректік ортанын құрамындағы заттардын және клеткалардың метаболиттершін әсері, эксплант клеткаларынын бастан әр түрлі болуы, клеткалардын белглі типтерінін автоселекциясы т.с.с. Ұзак мерзім өсірген кезде клеткалардын әртектілігі арта түседі.

Клеткалардын жасанды ортада өсуін зерттеп график жасағанда, өсу процесі S-тәріздес қисық сызықпен бейнеленеді. Клеткалардын өсуі ішкі және сырткы факторлармен реттеледі.Каллус кейбір клеткаларды қайта дифференциялану (редифференциялану) процесінін нәтижесінде мүшелердін (органогенез) немесе эмбриоидтардың (эмбриоидогенез) бастамасы болып шығады. Бұл процестерді реттейтін ең маңызды факторлар - гормондар, шын мәнісінде ауксин мен цитокининдердің салыстырмалы мөлшері. Алайда, in vitro жағдайында өтетін морфогенездін клеткалық және молекулалық негіздері әзірше аз зерттелген.

Органогенез бен эмбриоидогенез арқасында регенерант өсімдік пайда болады. Қазіргі уақытта қосжарнақты шөптекті өсімдіктердін көптеген тұқымдастары үшін регенерант өсімдіктерді шығару әдістері жақсы зерттелген. Сонымен қатар, даражарнақты шөптекті өсімдіктерге, әсіресе дәнді дақылдарға мұндай әдістер жете анықталмаған. Астық тұқымдастардын in vitro жағдайында өскен клеткаларында дифференциялану, морфогенез және регенерация процестеріне нақты әсер ететін факторларды іріктеп алу өте қиын. Келешек міндет морфогенез бен регенерацияны толығымен бақылап, бұлжытпай іске асырытын биотехнологиялык әдістер жасау.








































Пайдаланған әдебиеттер


1. Бутенко Р.Г. Биология клеток высших растений in vitro и биотеехнология на их основе. М: ФБК-ПРЕСС, 1999.160с.

2. Уалиханова Г.Ж. Өсімдіктер биотехнологиясы. Алматы. Қазақ университеті. 2001.70б.

3. Бегімқұлов Б. Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. Алматы.Білім, 1996.200б.

4.http://www.rusnauka.com