Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 17567

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Наным сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңның 3 бабы бойынша Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жеке өзі немесе басқалармен бірге кез келген дінді ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқықты, дінге қатысты айқындалуға, құдайға құлшылық етуге, діни әдет ғұрыптарға, дінді оқытуға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының азаматтары дінге қатынасына тәуелсіз экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық салаларында заң алдында тең. Дінге қатынасына байланысты азаматтардың құқықтарын тікелей немесе жанама шектеу немесе артықшалықтарын белгілеу немесе осыған байланысты дұшпандық пен жек көрушілікті қоздыру, азаматтардың сезімін қорлау, дін өкілдері үшін киелі болып табылатын бұйымдарды,ғимараттар мен орындарды қорлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жауапкершілікке тартылады.

Заңмен қарастырылған жағдайлардан тыс ешкімнің өзінің діни сенімінің мотиві бойынша азаматтық міндеттерді орындаудан, бас тартуға құқы жоқ.

Діни сенім мотивіне байланысты бір міндетті басқа міндетпен алмастыру тек Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жүзеге асырылады.

Аталған заңның 4 бабына сай діни бірлестіктер мемлекеттен ажыратылған. Барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында тең. Ешқандай дін мен діни бірлестіктердің бір бірінен артықшылықтары жоқ. Діни бірлестіктер мемлекеттік функцияларды атқармайды және мемлекет егер заңға қарсы келмесе діни бірлестіктердің әрекетіне араласпайды. Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды.

Діни бірлестіктер мемлекеттік билік пен басқару органдарын сайлауға қатыспайды. Бірақ мемлекет мәдени ескеркіштер қатарына жататын діни ғимараттарды жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландырады. Конституцияда көрініс тапқан діни негізде саяси партиялар құруға тиым салу қағидасын одан әрі дамыта Заң діни бірлестіктерге саяси партиялардың әрекетіне қатысуға және оларды қаржыландыруға тиым салады. Діни бірлестік қызметкерлері саяси өмірге тек өз атынан барлық азаматтар қатар қатыса алады.

Діни бірлестіктер заң мен құқықтық тәртіп талаптарын сақтауы тиіс. Мемлекет дінді ұстанатын және оны ұстанбайтын, сондай-ақ әртүрлі діни бірлестіктер арасында өзара төзімділік пен сыйластық қатынас орнатуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің әрекет етуіне жол берілмейді.

Мақсаты мен іс қимылы мемлекетте бір діннің үстемдігін орнатуға бағытталған, діни ала ауыздық пен дұшпандықты қоздыруға, соның ішінде, күш көрсетумен немесе күш көрсетуге үндеумен байланысты діни бірлестіктер құруға тиым салынады. Діни экстремизмге үндеуге, сондай-ақ конфессия аралық айырмашылықтарды саяси мақсаттарға пайдалануға бағытталған іс- қимылдарды іске асыруға тиым салынады. Елімізде эстремизмнің алдын алу мақсатында «Экстремизмге қарсы күрес туралы заң қабылданды». Бұл заң ұлттық, этникалық, діни араздық пен төзімсіздік қаупін тудыратын әрекеттерге тосқауыл қояды. Осы заң негізінде «Хизбут тахрир», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Мұсылман ағайындар» сияқты саяси партиялар мен ұйымдар елімізде заңсыз деп танылды.


Діни бірлестіктердің қызметі тек сот шешімі бойынша ғана үш айдан алты айға дейін төмендегі жағдайда тоқтатылады:

А) Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылғанда;

Б) діни бірлестіктің жарғысына қайшы келетін іс әрекеттерді жүзеге асырғанда.

Діни бірлестіктің қызметі тоқтатылған мерзімде оның атынан бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуге, жиналыстар мен митингілер ұйымдастыруға және өткізуге тиым салынады. Егер діни бірлестіктің қызметі тоқтатылған уақыт аралығында орын алған заң бұзушылықтар түзетілсе, діни бірлестік қызметін қайта жалғастыра алады.

Республикамызда діннің саясатқа араласуына тиым салынғанымен, дін қызметкерлерінің барлық саяси азаматтық құқықтар қорғалған. Дін қызметкерлері жергілікті мәслихаттарға, парламентке депутаттыққа сайлана алады.

Аталған заңның 5 бабына сәйкес республикамыздағы мемлекеттік білім беру мен тәрбие жүйесі діннен ажыратылған және зайырлы сипатта.

Ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар өз балаларын өз сенімдеріне сай тәрбиелеуге құқықты, бірақ балаларды дінге мәжбүрлеуге жол берілмейді. Балаға діни тәрбие беру оның тәндік және психикалық денсаулығына, сондай-ақ адамгершілік дамуына нұқсан келтірмеуі керек.

Алайда діндер заң алдында тең болғанымен, олардың қоғамға ықпалы бірдей емес. Мемлекеттік конфессионалдық қатынастың еуропалық нұсқасында мемлекет пен діни ұйымдардың үш деңгейлі қарым қатынасы қалыптасқан. Бірінші төменгі деңгейде мемлекетпен өте шектеулі ынтымақтасатын діни топтар орналасқан. Олар мемлекеттен қаржылай көмек ала алмайды, мемлекеттік ақпарат және байланыс құралдарына кіре алмайды, өз оқуларын мектептерде оқыта алмайды. Бұл топтар әдеттегідей жалпы заңмен, барлық бірлестіктерді реттейтін заңмен реттеледі. Екінші деңгейдегі дін топтары мемлекеттен қолдау табады. Бұл конфессиялар ерекше тәртіппен реттеледі. Бірінші топтан екінші топқа өту белгілі мемлекеттік бақылауға жатады. Үшінші жоғары деңгейде келісім жасалған ұлттық және мемлекеттік шіркеулер, діни қауымдар орналасқан.

Мемлекеттік конфессионалдық қатынастың аталған еуропалық үлгісі еліміздің құқықтық практикасында да ескерілуі қажет деп санаймыз. Өйткені қоғам дамуына, адамгершілік ахуалдың кемелденуіне оң ықпал етіп, уақыт сынынан өткен діндермен мақсаты күңгірт, ілімі ала құла діндерді қатар қою қаншалықты дұрыс және күні кеше ғана келіп, азаматтарды өзіне тартып бауырына басқысы келетін діндердің еліміздің болашағына қандай үлес қосады деген сұрақтардың да беті ашық қалып отыр. Дегенмен, Республикамызда еліміз үшін дәстүрлі болып табылатын және халықтың басым көпшілігі ұстанатын діндерге көңіл бөлінуде. Ислам дініндегі құрбан айт пен православиедегі пасха мерекелері демалыс күндері болып табылады.


Сонымен қатар «Наным сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңның жетілдіруді талап ететін бірқатар тұстары да бар. Еліміздің әр түрлі аймақтарында орын алып, бұқаралық ақпарат беттерінде жарық көрген оқиғалар заңды жетілдіруге немесе нақтылай түсуге түрткі болып отыр. Мысалы, діни бірлестіктерге жер телімдерін беру мен ғимараттар салу жергілікті мемлекеттік органдары тарапынан заңмен реттелуі қажет.

Республикамыздың азаматтары көше көшені аралап, өздерінің үн парақтарын тықпалайтын миссионерлікке де наразы екенін газет, радио, теледидар беттерінде ашық айтып жүр. Кейбір миссионерлердің тіркеуден өтпей әрекет ететіні де белгілі. Сондықтан діни үгіт насихат жұмыстарын белгіленген аумақтарда жүргізу және білім беру мен тәрбие орындарында діни насихат ісі де реттелуі қажет деп санаймыз. Бірақ бұл азаматтардың дін туралы объективті ақпараттар мен білім алуына кедергі болмауы керек.

Соңғы кездері мемлекеттік мектептер мен оқу орындарында діни үлгідегі киім кию мәселесі, білім беру бағдарламасына енген сурет, ән және дене шынықтыру сабақтарынан бас тарту фактілері ұшырасады. Оқу орындарының жалпыға бірдей ішкі тәртіп пен оқу бағдарламасына сәйкестікті талап етуі кейбір оқушылардың ата аналары тарабынан діни бостандықты шектеу ретінде бағаланатыны да жасырын емес. Мемлекетіміздің зайырлы сипатын ескере отырып, осы жағдайларды да заңдық реттеу қажет деп санаймыз. Заңға өзгертулер енгізу үш мақсатты қамтамасыз етуі қажет. Олар: адам құқықтарын қорғау, діни бірлестіктердің қызметін реттеу, азаматтық заңнамамен сәйкестендіру және кемшіліктердің орнын толтыру.

Жоғарыда аталған мәселелерді құқықтық реттеу республикамыздағы әр түрлі конфессиялардың өзара және мемлекетпен қарым қатынасын жүйелі жетілдіріп, өзара төзімділік пен келісімді дамытуға өз үлесін қосады деп ойлаймыз.

Бақылау сұрақтары

1. Еркін ойшылдықтың қалыптасуына ықпал еткен факторларды талдаңыз

2. Еркін ойшылдықтың тарихи формаларын атап, олардың мазмұнын ашыңыз

3. Көне заманда кең таралған еркін ойшылдық формалары

4. Ортағасырлық ғылым мен философияның еркін ойшылдықтың дамуындағы рөлін ашыңыз

5. Қайта өркендеу мен жаңа замандағы еркін ойшылдықтың дамуына үлес қосқан философтардың көзқарастарына талдау жасаңыз

6. Секуляризация ұғымының мәні мен мазмұнына талдау жасаңыз

7. Ар-ұждан бостандығы ұғымын және оның тарихи қалыптасуын сипаттаңыз

8. Қазақстандағы діни наным-сенім бостандығының құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындаңыз



ЕСКЕРТУЛЕР

І тарауға


1 Бенвенист Э. Словарь индоевропейских социальных терминов. М., 1995. С. 398.

2 Флоренский П.А. Вступительное слово пред защитою на степень магистра книги «О Духовной истине» // Флоренский П.А. Столп и утверждение истины. М., 1990. Т І (ІІ). С. 818.


3 Berger P.L. Zur Dialektik von Religion und Gesellschaft. Elemente einer soziologischen Theorie. Frankfurt, 1973. S. 26.

4 Berger P.L. Auf den Spuren der Engel. Die modern Gesellschaftund die Wiederentdeckung der Transzendenz. Frankfurt, 1981. S. 66.

5 Luckman Th. Das Problem der Religion in der modernen Gesellschaft. Freiburg, 1963. S. 20.

6 Қар.: Кант И. Соч. В 6 т. Т. 5. С. 522; Соныкі. Трактаты и письма. М., 1980. С. 178, 180.

7 Кант И. Трактаты и письма. С. 224.

8 Сонда. С. 173.

9 Гегель. Дін философиясы. М., 1977. Т. 1. С. 282.

10 Сонда. С. 411-412.

11 Қар.: Гегель. Дін философиясы. М., 1975. Т. 1. С. 366.

12 Гегель. Дін философиясы. Т. 1. С. 371.

13 Фейербах Л. Избр. филос. произв. М., 1955. Т. 2. С. 52.

14 Қар. сонда. С. 696.

15 Қар. сонда. С. 421.

16 Қар. сонда. С. 837.

17 Қар. сонда. С. 456-463.

18 Қар. сонда. С. 457.

19 Қар. сонда. С. 414.

20 Қар. сонда. С. 448.

21 Қар. сонда. С. 308-309.

22 Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е изд. Т. 3. С. 146.

23 Қар.: Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е изд. Т. 23. С. 86, 140; т. 26. Ч ІІІ. С. 307.

24 Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е изд. Т. 1. С. 414.

25 Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е изд. Т. 20. С. 328.

26 Weber M. Wirtschaft und Gesellschaft. Tubingen. 1964. 1. Halbband. S. 317.

27 Қар.: Вебер М. Избранные произведения. М., 1990. С. 366, 368.

28 Weber Max. Jesammelte Aufsatze zur Religionsoziologie. Tubingen, 1920. Bd. 1. S. 86.

29 Durkheim E. Les formes elementaires de la vie religieuse. Paris, 1912. P. 65.

30 Ibid. P. 323.

31 Ibid. P. 635.

32 Radcliff-Braun. Structure and Functions in Primitive Society. London, 1959. P. 154.

33 Malinowski B. Antropology // Encyclopedia Britannica. First Supplementary Volume. L.-NY, 1926. P. 132.

34 Парсонс Т. Общий обзор // Американская социологическая мысль. С. 396

35 Қар.: Мертон Р. Явные и латентные функции // Американская социологическая мысль. Р. Мертон, Т. Парсонс, А. Шюц. М., 1994. С. 396.

36 Джеймс В. Многообразие религиозного опыта. СПб, 1993. С. 40.

37 Сонда. С. 342-343.

38 Сонда. С. 38.

39 Сонда. С. 177.

40 Леви-Брюль Л. Сверхъестественное в первобытном мышлении. М., 1994. С. 369.

41 Сонда. С. 371.

42 Сонда. С. 369-370.

43 Қар. сонда. С. 369.

44 Фрейд З. Будущее одной иллюзии // Фрейд З. Психоанализ. Религия. Культура. М., 1992. С. 53-54.

45 Фрейд З. Воспоминание Леонардо да Винчи о раннем детстве // Фрейд З. Художник и фантазирование. М., 1995. С. 205.

46 Фрейд З. Будущее одной иллюзии // Фрейд З. психоанализ. Религия, культура. М., 1992. С. 30.

47 Юнг К.Г. Об архетипах коллективного бессознательного // Юнг К.Г. Архетип и символ. М., 1991. С. 98.

48 Юнг К.Г. Психология и религия // Юнг К.Г. Архетип и символ. М., 1991. С. 165.

49 Сонда. С. 133.

50 Сонда.

51 Сонда. С. 134.

52 Сонда. С. 135.

53 Сонда. С. 139.

54 Сонда. С. 143.

55 Сонда. С. 134.

56 Сонда. С. 161.

57 Юнг К.Г. Об архетипах коллективного бессознательного // Юнг К.Г. Архетип и символ. С. 101.

58 Сонда. С. 101.

59 Юнг К.Г. Психология и религия // Юнг К.Г. Архетип и символ. М., 1991. С. 184.

60 Сонда. С. 132.

61 Сонда. С. 137.

62 Фромм Э. Психоанализ и религия // Фромм Э. Иметь или быть? М., 1990. С. 236.

63 Сонда. С. 241.

64 Сонда. С. 246.

65 Malinowski B. Eine wissenschaftliche Theorie der Kultur und andere Aufsatze. TBAusgabe6 1975. S. 191.

66 Қар.: Кулаков А.Е. Религии мира. М., 1996. С. 8; Гуревич П.С. Философия культуры. М., 1995. С. 93, 100; Философия. Учебник / Под ред. В.Д. Губина, Т.Ю. Сидориной, В.П. Филиппова. М., 1996, С. 292.

67 Петрученко О. Латинско-русский словарь. М., 1994. С. 157.


ІІ тарауға


1 Қар.: Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. М., 1975. С. 134.


IV тарауға


1 Gentesimus annus, n. 51.

2 Флоренский П. Из богословского наследия // Богословские труды. 1977. Сб. 17. С. 105.


3 Сонда. С. 117.

4 Сонда.

5 Тиллих П. Избранное. Теология культуры. М., 1995. С. 236.

6 Сонда. С. 241.

7 Сорокин П.А. Социокультурная динамика // Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. М., 1992. С. 467, 469, 481.

8 Сонда. С. 444.

9 Сонда. С. 492.


VII тарауға


1 Иудаизмдегі құдай есімдерінің ең негізгі есімдерінің бірі – Яхве (Иегова). Бұл есімді дұға ету барысында айтуға да тыйым салынған. Танахта ол Шем (Есім), Адонай (Менің құдайым), Шаддай (Құдыретті) секілді есімдермен аталады. Иудаизмде жетпіске жуық құдай есімі бар, соның ішінде Танахта «Элохим» (Құдайлар) есімі көп кездеседі. Бұл еврейлерде монотеистік сенімге дейін көпқұдайлықтың болғандығын айғақтайды.

2 «Хасидизм» термині иврит тілінде «хасид» деген сөзден шығып, «тақуа» деген мағынаны білдіреді.


IX тарауға


1 Сенека Луций Анней. Нравственные письма к Луцилию. М., 1977. С. 78.

2 Түсіндірме (Толк) – бұл ескі ғұрыпшылдардың түрлері: Помор түсіндірмесі, Филип түсіндірмесі, Спасов түсіндірмесі. Келісім - бір түсіндірмеге кіретін әртүрлі бірлестіктер. Беспоповтықтарға чадород еместер, чадородтарды, зарондарды (зароновцы) және т.б. жатады.

3 Цит. по: Правда о религии в России. Московская Патриархия, 1942. С. 44.

4 Православный церковный календарь. 1991. С. 84.

5 Қар.: Gentesimus annus, n. 51.


X тарауға


1 Коран. Перевод И.Ю.Крачковского. М., 1986.

2 Ибн Хишам. Жизнеописание господина нашего Мухаммада, посланника Аллаха. II Хрестоматия по исламу. М., 1994. С. 19.

3 Ибн Хишам. Жизнеописание господина нашего Мухаммада... С. 22.

4 Сонда. С. 23.

5 Большаков О.Г. История Халифата. Ислам в Аравии 570-663. М., 1989. 92 б. Ерте араб деректері «Медина конституциясының» күнін дәл атамайды.

6 Сонда. С. 94.

7 Аш-Шахрастани Мухаммед ибн Абд ал-Карим. Книга о религиях и сектах. (Китаб ал-милал ван-нихал). М., 1984. С. 153.


XI тарауға


1 Последний Завет. СПб., 1994. С. 301-302.

2 Слова Виссариона. М., 1993. С. 108.

3 Божественный принцип. М., 1997. С. 148.

4 Сонда. С. 436.



XII тарауға


1 Санскриттік терминдерді аударудың осындай нұсқасын орыс буддологы О.О.Розенберг ұсынған болатын.

2 Қар.: Розенберг О.О. Проблемы буддийской философии. Пг., 1918. С. 127.

3 Қар.: Розенберг О.О. Келтірілген шығарма. С. 189.

4 Радхакришнан С. Индийская философия. М.,1956. Т.1. С. 561.

5 Розенберг О.О. Келтірілген шығарма. С. 250.

6 Murti T.R. The Central Philosophy of Buddhism. L., 1955. P. 141.

7 Қар.: Stcherbatsky Th. Conception of Buddhist Nirvana. Leningrad. 1927. P. 43.

8 Murti T.R. V. Op. cit. P. 13, 105.

9 Murti T.R. V. Op. cit. P. 8.

XIV тарауға

1 Rahner K. Kleines Teologisches Worterbuch. Freiburg im Breisgau, 1976. S. 45

2 La philosophie francaise entre les deux guerres. P., 1942. P. 269.

3 Le Senne R. Introduction a la philosophie. P., 1925. P. 172.




XV тарауға


1 Қар.: Бонхеффер Дитрих7 Сопротивление и покорность // Вопросы философии7 19897 № 10. С. 114-167; № 11. С. 90-162.

2 Raschke Carl. A. The Deconstruction of God // Deconstruction and Teology / Ed. Thomas, J. Altizer. New York, 1982. P. 28.

3 Моррис Генри. Соотворение мира: научный подход. Калифорния, 1990. С. 6.






Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Основы религиоведения. Под редакцией Яблокова И.Н. М., 2005

  2. И.В. Васильев. История религии Востока. М., 1988

  3. Гараджа В.И. Религиоведение. М., 1994

  4. Шахнович М.М. Религиоведение. М. 2006

  5. Самигин С.И., Нечипуренко В.И., Полонская И.Н. Религиоведение: социология и психология религий. Ростов-на-Дону, 1996