Файл: Биоэлектрлік потенциалдар. Тыныштық күй потенциалы.docx

Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 2627

Скачиваний: 15

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





3-сурет.

Бұл жасушаларға тән қасиет бірдей аралықтардан кейін (0,2 ден 2 мм дейін), бұл қабықша бөлінеді, және остік цилиндрдің мембранасы ашық қалады. Талшықтың мұндай бөліктерін Ранвье қамтып алуы деп атайды. Олардың ұзындығы шамамен 1 мкм-ді құрайды.

Мембраналық липидтер мен ақ уыздардан тұратын милендік қабықша нерв жасушасының сенімді оқшаулаушысы болып табылады, соның арқасында қозу аксон мембранасының тек ашық жерлерінде ғана болады. Миелинизирленбеген нерв талшықтары мұндай тығыз майлы қабықшаға ие емес. Шванндық жасушалары оларды бір-ақ рет орап тұрады.

Милеинизирленбеген нерв талшықтарының қандай да бір бөлігінің қозуы мембрананың локальдық деполяризациясына соқтырады. Сол уақытта мембрананың қалған (қозбаған) бөлігі өзінің кәдімгі потенциалдар айырмасын сақтайды: сыртқы бөлігі оң, ал ішкі бөлігі теріс зарядталады. Қозған және қозбаған облыстардың аралығында жергілікті токтар пайда болады. Бұл көрші бөліктердің деполяризациялануын туғызады, ал ол осы ретпен келесісін деполяризациялайды. Осциллографтың электродтарын жасушалық мембрананың екі бөлігіне жалғап әсер потенциалының таралуын бақылауға болады. Қозудың мұндай өту тәсілдерін үздіксіздік деп атайды.

Миелинизирленбеген нерв талшықтарында нерв импульстерінің үздіксіз өтуі мүмкін емес. Қозу (деполяризация) мембрананың барлық жерінде емес, тек Ранвье қамтып алуларында ғана болуы мүмкін. Мұндай бөліктердің бірі А-ның деполяризациясы көрші Б бөліктің деполяризациясын тудырады.(4-сурет.)





4-сурет.

Ары қарай қозу В бөлікке өтеді де А бөлігі біраз уақыт қозуға сезімсіз (рефракторлық) болып қалады. Сол себептен нерв талшықтары бойымен импульстің таралуы бір бағытта ғана жүреді. Пайда болған әсер потенциалы Ренвьенің келесі қамтып алуында қозудың пайда болуына қажетті табалдырықтан бірнеше рет артық болады, сол себептен ұлпааралық сұйықтар мен аксоплазмалар кедергісінің нәтижесінде әлсірейтін сигналдарды күшейтеді және тасымалдаушы генератор түрінде қызмет етеді. Мелинизирленген талшықтар бойымен қозудың таралу механизмі секірмелі немесе сальтаторлы деп аталады.

Қозудың нерв талшықтары бойымен таралуын келесі 5- суреттен де айқын көруге болады.


Нерв талшықтарында қозудың өтуі

  • А — миелинсіз талшық (электротоникалық өту).

  • Б — миелинді талшық (сальтаторлық өту). Миелин, түйін аралық бөліктерде аксонды толығымен қоршап алып, электрлік оқшаулаушы, ал жасуша аралық сұйықтық Ранвье қамтып алуы – өткізгіш қызметін атқарады.

5-сурет.

Аутоиммундік аурулар – шашыраған склероз - кезінде ағзаның иммундік жүйесі миелиндік қабықшаны бұзады да, нерв талшықтарының жалаңаштануы (демиелинизация) пайда болады. Бұл жағдайда нерв импульстерінің бүлінген бөлік арқылы өтуі бұзылады да, әртүрлі жағдайлардың болуына соқтырады: көру мен бағдарлаудың бұзылуы, бұлшық ет әлсіздігі, бұлшық ет тонусының жоғарылауы және т.б. Демиелинизация мынандай ауруларда да: невралгия, радикулит, әртүрлі полиневропатия пайда болады.


Нерв импульстерінің өту жылдамдығы

Миелинизирленбеген нерв талшықтары бойымен әсер потенциалы -дің ара қашықтық х пен t уақытқа тәуелділі өзгерісі телеграфты теңдеу деп аталатын теңдеумен анықталады:


мұндағы D – талшықтың диаметрі, l – мембрана қалыңдығы, СМ – электр сыйымдылық, - аксоплазманың меншікті кедергісі, - мембрананың қозу кезінде бірден төмендеп кететін меншікті кедергісі.

Бұл теңдеудің стационар күйдегі шешуі келесі түрде беріледі ( болғанда): ,

мұндағы - нүктесіндегі потенциал; - талшық ұзындығының тұрақтысы, ол мынаған тең:

.

Нерв импульстерінің миелинизирленбеген нерв талшықтары бойымен таралу жылдамдығы ұзындық тұрақтысы сияқты талшық диаметрінің квадрат түбіріне тура пропорциональ. Диаметрдің үлкеюі мен қозудың таралу жылдамдығына әсер етеді.

Шамамен бірдей диаметрдегі нерв талшықтары үшін қозудың таралу жылдамдығы сенімділік факторы деп аталатын -ге тәуелді, ол келесі түрде өрнектеледі:

мұндағы - әсер потенциалының амплитудасы, әсер потенциалының генерациясын тудыратын деполяризацияның критикалық деңгейі. Қалыпты жағдайда сенімділік факторы 5-6 тең, яғни әсер потенциалының шамасы деполяризацияның табалдырық мембрананың келесі бөлігін қоздыруға қабілетті.