ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Емтихан кезіндегі тәртіп
Материалда: магнитафон, ватман, әр түрлі сурет салу құралдары, А4 қағаздары, қарындаштар, тестке жауап жазатын бланктер.
1-2 балл. Өмірдің кейбір қиыншылықтары болсадағы сіз оны ашық қызыл (розовый) түсте көресіз. Ол жаман да емес, белгілі бір шекке жеткенше.
3-6 балл. Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз жалпы алғанда нормадағы деңгейде, бірақта қазірден бір шаршағандық, мысқыл көзқарас сезінеді. Ерте емеспе?
7-10 балл. Сізбен байланысты болған оқыйғаның бәрін теріс, жаман (негативті) қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде қуанышты сәттердің мүлдем болмағаныма?
Әрине сіз келіспеуге құқылысыз, сондадағы шыққан қорытынды туралы ойланусізге пайдалы болар. Сонымен қатар алдымыздағы Емтиханға қандай киіммен барған жөн.
Киімнің түсі көзге жағымды , қонымды ,біріңғай, байыпты түстен және синтетикалық емес болғаны дұрыс. Алыстан айқайлап тұратын, көзге ерекше түсетіндей киімдерді кимеуге тырысыңыз. Өзіңізбен сұхбаттасатын адамдарда жағымсыз пікір тудырмауға тырысыңыз. Артық ешнәрсе болмауға тиіс! Емтиханнан соң мейлі, не кисеңізде өзіңіз білесіз.
Емтиханға дейінгі және емтихан кезіндегі тәртіп барысындағы ұсыныстар.
-
Емтиханға бір күн қалғанда ештеңе істемеңіз. Егер оқып үлгермеген жерлерің болса тырыспағаныңыз жөн, оданда дем алып, ертеңгі емтихан туралы біраз ұмытқаныңыз дұрыс. -
Емтихан алдында ұйқыны қандырып алу керек. -
Емтиханға кірер есік алдында өзіңді сабырлық сақтауға жинақта «Мен сабырлымын! Мен мүлдем сабырылымын.» деп бірнеше рет қайтала. Жауап берушілердің алдыңғы қатарымен бар. Неғұрлым көп отырсаң соғұрлым үрейленіп, мазаң кетеді. -
Өз бойыңды жинақтап, ойыңды шоғырландыр. -
Тапсыратындығыңа сенімді болып бөлмеге нық кір. -
Арқаңды түзу ұстап, ыңғайланып отыр. «Мен басқалардан биікпін, ақылдырақпын, қулаумын сондықтан мен ойлағандай жақсы болады» деп ойлан. «Мен сабырлымын, мен мүлдем сабырлымын» деген сөзге тоқтал. Бірнеше рет қайтала. Ақырында саусақтарыңды жұмырдыққа түй. -
Жайсыздықтан арылу үшін мынандай демалу жаттығуларын жаса:
– ыңғайланып отыр
-
мұрныңмен терең дем ал (4-6секунд) -
демді ішіңде ұстап тұр (2-3 секунд) -
баяу шығар
-
Тест бланктерін толтыруда артық сұрақ қоймас үшін зейін қойып тыңда. Саған бәрін түсіндіріп айтады: қалай толтыру керек, қандай әріппен жазу керектігін, қандай санмен облыс, аудан, мектеп номерін жазу керектігін т .с.с. -
Зейініңді тапсырманы орындауға шоғырландырып айналадағыларға көңіл аудармауға тырыс. Асықпай тез орындауға тырыс. Тапсырманы толығымен оқып шық. Асығамын деп басын оқып, аяғын өзің құрастырма. Сенен нені сұрап тұрғанын анықта! -
Сұрақтардың ішінен күдіксіз, жақсы білетініңе бірінші жауап бер. Сонда сенің бойыңда сенім күші арта бастайды да сен сабырлы қалыпқа түсесің. Кез келген тестте сен жақсы білетін сұрақтар бар, тек ойыңды шоғырлындыр. -
Жаңа тапсырмаға көшкенде алдыңғыны ұмыт, тест жауаптары бірімен бірімен байланысты болмайды. -
Жауап бергенде бір – бірлеп шығарып тастау тәсілін қолдан! Мүлдем келмейді дегендерін бір – бірлеп шығара отырып жауап бер. -
Егер анық жауабын білмей күмәндансаң өз интуицияңа сенім арт. -
Тексеруге уақыт қалдыр, көзіңмен бір жүгіртіп тексеріп шықсаң мүмкін айқын қателеріңді байқарсың. -
Барлық тапсырмаларды орындап шығуға тырыс. Есіңде болсын, жүз пайызға толық жауап берушілер кемде кем. Өйткені тесттік тапсырмалар максималды деңгейге есептелінген. Жақсы бағаға 80-70 пайызда жетіп қалады.
Ауызша жауапбергенде нені ескеру керек:
Егер емтихан алып отырған адам шапшаң қимылды, ширық болса онда сенің созып, ақырын берген жауабың оның көңілін қайтаруы мүмкін.
Керісінше байыпты, салмақты адамға сенің шапшаң, қатты, қыймыл-қозғалысыңды қоса берген жауабың ұнамауы мүмкін.
Әр нәрсенің шекті болуын есіңнен шығарма. Артық кетпе!