Файл: Диссертация ылыми жетекшісі п.. к., ауым проф м. а. М. Т. Искакова орауа жіберілді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 76

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ
ӘОЖ 373.5.016:510.6(574)

ЕСБАЛАНОВ АЛМАС ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ
Негізгі мектептің 5-6 сынып оқушыларына логикалық есептерді шешуге үйрету әдістемесі
7М01501 - «Математика»
Педагогика ғылымдары магистрі дәрежесін алу үшін орындалған

диссертация

Ғылыми жетекшісі:

п.ғ.к., қауым. проф. м.а. М.Т. Искакова

Қорғауға жіберілді:

Математика, физика және информатика

институтының директоры м.а.

_______________ Ш.И. Хамраев

«___» __________ 2022ж.


Кaфeдрa мeңгeрушici:

п.ғ.д., прoфeccoр _________________________________ A.E. Әбiлқacымoвa

Ғылыми ceминaр төрaйымы:

п.ғ.д., прoфeccoр _________________________________ A.E. Әбiлқacымoвa

Алматы, 2022

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................................................3


  1. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Математиканы оқытудағы логикалық есептердің маңызы....................................7

    2. Логикалық есептердің классификациясы..............................................................11

    3. 5-6 сынып оқулықтарында кездесетін логикалық есептер..................................16




  1. 5-6 СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕМЕСІ

    1. 5 сынып оқушыларына логикалық есептерді шешуге үйрету әдістемесі..........21

    2. 6 сынып оқушыларына логикалық есептерді шешуге үйрету әдістемесі..........36

    3. ҰБТ-дағы логикалық есептерді шешуге үйрету...................................................50


ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................58











































































КІРІСПЕ
Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Логикалық есептерді шығара білу - әрбір оқушы үшін, әсіресе ақпараттардың толассыз үлкеюі барысында сөзсіз кең ойлану мен жылдам білім үйрену үшін таптырмас дағды. Қазіргі кезде қоғамға тек орындаушылар ғана емес, сонымен қатар творчесволық ойлай алатын, өздігінен қажетті білімдерді меңгере алатын адамдар қажет. Логикалық есептерді шығару барысында әрдайым күрделі есептерге жеңіл шешім тауып үйрену қабілеті жасөспірімдерге тек оң әсерін береді. Әрине, логикалық есептерді шешуді үйрету – жаңа әдіс емес. Математика пәнінің пән ретінде қалыптасу барысында көптеген кітаптарда логикалық есептерді шешуге әр кезде де орын табылып отырған. Уақыт өте келе олардың қамту аймағы үлкейіп келеді.

Қазіргі ақпараттық технологиялар қарқында дамыған қоғамда азаматтардың өздігінен ойлау қабілеті, өздігінен қажетті білімді алу қабілетінің бар болуы, шешім қабылдап, жылдам әрекеттерге кірісуі, өмір сүрудің жылдам өзгеріп тұратын шарттарына ыңғайланатын адамдар үлкен сұранысқа ие. Сол себепті заманауи мектепті бітірген оқушының кейбір дағдылары қалыптасқаны абзал: жылдам өзгеретін өмірлік ситуацияларға адаптация жасау; әр түрлі проблемаларды шешу үшін, практикада қажетінше қолданатын білімді өздігінен алу; өздігінен қорытынды жасап, қолда бар мағлұматпен сапалы жұмыс істеу; теке-тірестердің алдын алу немесе одан жеңіл шығу әдістерін білу; критикалық және творчестволық ойлау қабілетінің бар болуы, үнемі өзін жан – жақты дамытып отыру. Өздігінен оқи білу – білім алу сапасынның елеулі түрде алға жылжуының бірден – бір себебі, дағдылардың қалыптасуының себебі, әрі жеке қасиеттердің дамуының ілгерілетушісі.

Зерттеу барысында 5-6 сыныптарға арналған логикалық есептер қарастырылады, сонымен қатар басқа сыныптарда олардың кездесу жиілігі мен ҰБТ тапсыру кезінде бере көмегі, ҰБТ тапсыру кезіндегі қамтылған логикалық есептердің кездесу жиілігі көрсетіледі.

Сонымен қатар зерттеу барысында логикалық есептердің маңыздылығы, олардың классификациясы, 5 сынып пен 6 сынып бойынша тақырып – тақырып бойынша бөлінуі, оларды шешу жолдары мен осы тақырыптарды меңгеруге арналған көптеген есептер кездеседі. Әр баланың жаңа тақырыпты қабылдау қабілеті біркелкі таралмағандықтан, әр тақырыпты шешудің 2-3 әдісі көрсетілген. Әдісті меңгеру тиімді болуы үшін әдістемеден кейін бірден мысалдар жүреді.

Әр уақытта жаңа есептер шешу маңыздылығы үлкен, әрі оны тек ескі әдістермен ғана емес, жаңа әдістердің көмегін пайдалану арқылы қажетті мәселелердің шешімін табуды мектеп қабырғасынан бастап шешіп үйретуге көмегін тигізеді. Себебі көптеген жаңа есептердің қатып қалған жалғыз шешімі жоқ,жан-жақты шеше білу қасиеті ерекше орын алады. Оқушылардың,тіпті ұстаздардың белгілі бір есепті қабылдауы әртүрлі болғандықтан, әр тарауда кем дегенде бір әдіспен шығару жолы көрсетіледі. Салыстырмалы түрде бұл ғылыми жұмыста теориялық материал аз, негізгі мақсат оқушылардың қызығушылығын оятып,математиканы творчестволық тұрғыдан сан-алуан шешіділігін ұғындыру, әрі мүмкін болғанша әдістер санын көбейту. Бұл ғылыми жұмыста әрбір тақырып бойынша логикалық есептерді шығарудың тәсілдерін көрсетіп, оларды шығарып үйрену үшін сол тарау бойынша есептер жинағын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми жұмыста логикалық есептердің ҰБТ секілді болашақтағы тестілеулерге дайындық бола алатындығы көрсетіледі. Ғылыми жұмыстың теориялық бөлімінде алдымен графикалық әдіске сипаттама беріледі. Яғни графикалық әдістің мәні ашылып, оның неге негізделгені және әдістің ерекшеліктері айтылады. Ал практикалық бөлімде теңдеулер мен теңсіздіктерді графикалық әдіспен шешуге арналған әдістемелік нұсқаулық құрылған. Зерттеудің негізгі мақсаттарының бірі – 5-6 сыныптарға арналған логикалық есептерді систематикалық жүйелеп, деңгейлеп жазу. Бұл зерттеу жұмысында логикалық есептерді шешу процессі келесі түрлерде кездеседі:



1) есептердегі мәтіннің анализі;

2) есептегі болып жатқан процесстерді графикалық кескіндеу;

3) есептерді шешуді іздеу моделін құрастыру;

4) дайын модельдерді түрлендіру;

5) есепті шығару моделін пайдаланғаннан кейін, типтес есептер беру;

6) табылған шешімді зерттеу.

Зерттеу жұмысы барысында жаңартылған мазмұндағы 5-6 сыныптың математика кітаптарына шолу жасалып, ондағы есептердегі логикалық есептердің жиілігі мен атқаратын рөліне, мүмкін болатын пайдалы жақтарына шолу жасалады. 5-6 сыныпта математика кітабы екі баспада шығатындықтан,әр баспаға қысқаша ғана шолу жасалады.

Логикалық есептермен жұмыс істеу барысында баланың ойлау шапшаңдығы,ойлау қабілеттері дамиды.Ертеректе елімізде түрлі жұмбақ жасыру арқылы баланың ойлау қабілетін күшейтуге тырысқан.Қазіргі таңда ғылым мен техниканың тоқтаусыз қарқынды дамуы себепті біздің елімізге де ғылым мен техника бағытына бет бұрғанымыз абзал.Ғылым мен білімнің басы мектептен басталғандықтан,мектеп қабырғасынан болашақта ғылыммен айналысатын,не болмаса кез-келген мамандықты еш қиындықсыз меңгеретін алдыңғы қатарлы озат ұрпақ тәрбиелеуде логикалық есептердің,олимпиадалардың,зертханалық тәжірибелердің әсері мол. Айта кететін бір жәйт-қазақ тіліндегі логикалық-олимпиадылық есептердің аздығы және халықаралық немесе қалааралық олимпиадаларға дайындық тек арнайы мектептерде немесе жекелеген оқу центрлерінде ғана жүзеге асады.Еліміздің түпкір-түпкірінен логикалық есептерді шешуге қызығушылығы бар оқушыларға шабыт беру мақсатында жалпыға білім беретін мектептер үшін логикалық есептерді шешу жайлы мағлұматтың көбейгені жөн. Оны жүзеге асырудың бірден-бір жолы қосымша хрестоматия нұсқаулықтар шығару немесе мектепшілік демалысаралық уақытында үйірмелер ұйымдастыру.

Жалпы логикалық есептерді құрылымына, мазмұнына және қиындығына қарай деңгейлерге бөліп,әр түрлі деңгейдегі оқушыларға әр түрлі деңгеймен берген абзал. Егер ұстаздарға нұсқаулық берген жағдайда мектептің жас мамандарының өзі көптеген логикалық есептерді шешуге оқушыларды үйрете алады. Сонымен қатар бұл жұмыста әр түрлі сыныптардағы кездесетін логикалық есептер қарастырылып, олардың қаншалықты біз қарастырып отырған тақырыптарды қамтитыны жайлы айтылады. Жаңартылған мазмұндағы кітаптарлағы қолдану жиілігі, болашақта тапсырылатын ҰБТ кезіндегі кездесетін есептер мен оларды шешу жолдары көрсетіледі. Яғни оқушыға шығарылып жатқан логикалық есептердің бекер еместігі көрсетіледі. Мысал ретінде пайыздар тақырыбына қарапайым деңгейдегі келесі есепті қарастырып өтейік:


Зерттеудің мақсаты: Жалпы білім беретін мектептің математика курсында 5-6 сынып оқушыларының ғылымға, ізденіске, әрі өз білімдерін шыңдауға итермелеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • 5-6 сыныптарға арналған логикалық есептерді шешіп үйрету;

  • мектептің математика курсында 5-6 сынып оқушылары үшін логикалық есептерді шығарып үйренудің маңыздылығы;

  • 5-6 сыныптарға арналған логикалық есептердің неғұрлым көп тақырыптарын қамту.

Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептерде 5-6 сыныптарға арналған логикалық есептерді математика курсында шығартып үйрету процессі.

Зерттеу пәні: Жалпы білім беретін мектепте 5-6 сыныптарға арналған логикалық есептер.

Зерттеудің ғылыми болжамы: математикалық олимпиадаларға қатысқысы келетін немесе логикалық есептерді шешіп,білімін шыңдағысы келетін оқушылар үшін жақсы дидактикалық материал болады. Қосымша айта кететін жәйт, логикалық түрғыдан деңгейін жоғарғы деңгейге көтерген оқушылар үшін жаңа тақырып үйрену барысы әлдеқайда жеңілдеп,жаңа білімге деген құштарлығын арттыруға көмек беретіні анық.

Зерттеу әдістері:

Теориялық әдістер – бұрынғы оқулықтарда логикалық есептердің орны, үлгілеу, жалпылау, қорыту.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: 5-6 сыныптарға арналған логикалық есептердің теориялық негіздерін практилық негіздерімен қатар алып жүру арқылы әдістеме құрастыру.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Қазіргі уақытта жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жалпы білім беретін мектеп оқушыларын логикалық тұрғыдан дамытып, оларға дидактикаық материал түрінде ұсынылады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Диссертациялық жұмыс педагогикалық институттардың және университеттердің математика мамандығын таңдаған студенттер үшін машықтанудан өткенде, факультатив сабақтарын өткізгенде әдістемелік жәрдемші бола алады әрі логикалық тұрғыдан білімін шыңдау мақсатында қолданатын мектеп оқушылары үшін әрі қосымша эллектив жүргізетін мектеп ұстаздары үшін дидактиалық материал бола алады.

Зерттеу нәтижесінің апробациясы:


  1. Есбаланов А.Т. Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған логикалық есептерді шығару тәсілдері // «Математика және физика» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы №1(121), 2022. 10-13 б.

  2. Есбаланов А.Т. 5-6 сыныптарға арналған кейбір логикалық есептерді шығару тәсілдері // «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы, №05(100), Нұр-Сұлтан, 2022.

Диccepтaцияның құpылымы: диccepтaция кipicпeдeн, eкi тараудан, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнен тұpaды.

Кipicпeдe зepттeліп отырған тақырыптың өзeктiлiгi, ныcaны, пәнi, мaқcaты, бoлжaмы, мiндeттepi мeн әдicтepi, зepттey жұмыcының ғылыми жaңaлығы, тeopиялық жәнe пpaктикaлық мaңыздылығы тұжыpымдaлғaн.

«Жалпы білім беретін мектептің математика курсында логикалық есептерді шешуге үйретудің теориялық негіздері» бірінші тарауда бұрынғы кітаптармен салыстыру, 5 – сынып тақырыптарының логикалық есептеріне шығару әдістемесі.

«5-6 сыныптарда математиканы оқытуда логикалық есептерді шешу әдістемесі» eкiншi тарауында 6–cыныптaғы математика кypcында олимпиадалар мен конкурстық сайыстарда кездесетін тақырыптар төңірегінде әдістеме жасалды.

Қopытындыдa зepттey нәтижeлepi жaлпылaнғaн жәнe жүйeлeнгeн, орта буындағы мектептің 5-6 cыныптaрда математика кypcын oқытyды дaмытyғa бaғыттaлғaн әдicтeмeлiк ұcыныcтap тұжыpымдaлғaн.

1 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Математиканы оқытудағы логикалық есептердің маңызы

Логикалық есептерді шешу барысы – оқушылардың бойындағы математикалық ойлау, көпжақтылық, мағлұмат қабылдауға икемділік, сыни ойлау, логикалық даму секілді дағдыларының дамуына көп үлес қосады. Логикалық есептерді шығару барысында эмоциялық сәттер мидың қарқынды жұмысына алмасады да, оқушы есепті шешуін проблемалық мәселені шешуге ұқсатып қарастырады. Бұл оқушының ішкі мотивациясының артуына жағдай жасайды, психологиялық процестер іске қосылып, оқу процессінің құрылуы мен жылдам ілгерілеуіне жағдай туғызады, логикалық жолмен шығару әдістерді көптеп меңгеріп, танымдық білімдері артады. Себебі оқушы өздігінен ғалым секілді үлкен әлде бір үлкен мәселе шешкендей сезінеді. Әр есепті шешудің өзі белес бағындырғандай әсер беретін жағдайда оқушы көбіне келесі белесті бағындыруға көшеді. Көптеген оқушылардың пәнге қызықпай кету себебінің бірі – есептер шығаруда қиналуы. Көп уақыт жұмсап, нәтиже шықпаған жағдайда оқушылардың есеп шығаруға деген ынтасы азаяды. Пәндердің көбінде, жұмыста, бизнесте де соған ұқсас жағдйалар. Менің қолымнан келмейді деп ойлаған адам әрмен қарай жалғастыруға ынталануы қиын. Сондықтан логикалық есептерді шешуге үйрету –жастайынан алдымен есептен қорықпауға үйретеді, бір шешімі бар екендігін біліп тұрады және өсе келе бұл дағдысы дами беріп, еліміздің туын көкке желбірететін азаматтар мен азаматшалардың саны көбейеді.