ВУЗ: Карагандинский Университет Болашак

Категория: Методичка

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.02.2019

Просмотров: 1509

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қауіпсіздік техникасы ережелері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

Жалпы, ДК – де жұмыс істеу алдындағы, жұмыс кезіндегі, апатты жағдайдағы, жұмыс аяқталғандағы қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:

  • Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды;

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды;

  • ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады;

  • ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс;

  • Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды;

  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды;

ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:

  1. Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек;

  2. Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек;

  3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек;

ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  • ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см;

  • Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ;

  • Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады;

  • Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс;

  • Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек;

Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек;

  2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек;

  3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек;

  4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады;

  5. Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.


ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:

  • Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек;

  • Жұмыс орнын ретке келтіру керек;

  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері

Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

  1. Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек;

  2. Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек;

  3. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек;

  4. Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.

Күйген кездегі көмек көрсету:

  1. Адам күйікке шалынған жағдайда:

  • Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек;

  • Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек;

  • Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек;

  • Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету:

  1. Адам талып қалған жағдайда:

  • Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек;

  • Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек;

Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету:

  1. Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:

  • Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;

  • Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек;

  • Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек;

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары

Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.

Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары;

  2. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра бұрып қарау;

  3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  • Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру;

  • Басты кезекпен екі жаққа бұру;

  • Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту;

  • Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы.

Медициналық жабдықтар мен дәрі атаулары:


Қажеттігі:

  • Дербес пайдаланылатын антисептикалық таңу жабдықтары жарақатты таңу үшін;

  • Қан тоқтатуға қажет буу таспасы- қан тоқтату үшін;

  • Жабысқақ пластырь- жарақат таңу, бекіту үшін;

  • Дәке (3 дана)- жарақатты таңып байлау үшін;

  • Пакеттегі мақта (3 дана)- көзді жуып-сүрту, жарақатты өңдеу үшін;

  • Йод- жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу үшін;

  • Марганец қышқыл калий тұзы (марганцовка)- терінің жарақаттанған жеріне жағу үшін;

  • Бриллиант көгінің 1%-тік спирттік ерітіндісі- жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу үшін;

  • Мүсәтір спирті Мақтаға 2-3 тамшы тамызып, талып ақлған адамның мұрнына иіскету үшін;

  • Кордиамин- Орталық нерв жүйесін, жүрек және тыныс алу әрекеттерін жандандыру үшін: 25 тамшы (бір ішкізгенде 1 шай қасық);

  • Резеңке қолғап (1 жұп) Электр тогымен зақымданған кісіні босатып алу үшін;

Сынып журналында және еңбек қауіпсіздігі бойынша оқушылар нұсқамадан өткізу (инструктаж) журналында тиісті тіркеулер жасау қажет. Техникалық қауіпсіздік және тәртіп сақтау ережелерімен оқушылар толық танысқаннан кейін, арнайы журналға қол қояды. Бұл оқушының ережелермен танысып, оларды бұлжытпай орындайтындарына кепіл болады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда оқушы жауапқа тартылады. Журналда әр оқушының орындары (компьютер нөмірлері) де көрсетіледі.

Аппараттық жабдықтар

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:

1.Орталық процессор;

2.Енгізу құрылғысы;

3.Есте сақтау құрылғысы;

4.Шығару құрылғысы.

Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.

Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.

Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.

Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

Дербес ЭЕМ

Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы. Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады. Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды, иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография, тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады. Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындый алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар. Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау-барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің- шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады. Бұл схемалардың интегралдық деп аталу себебі олардың бір кристалы күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады. ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады.ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.


Жүйелік блок мыналардан тұрады:

  • микропроцессор;

  • оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;

  • тұрақты есте сақтаушы құрылғы;

  • қоректену блогы мен мәлімет енгізу-щығару порттары.

Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

  • информация енгізу құрылғылары;

  • информация шығару құрылғылары;

  • информация жинақтауыштар.

ДЭЕМ-нің құрамында ең аз дегенде жүйелік блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір информация жинақтауыш құрылғы кіреді.ДЭЕМ-де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам мен оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады. Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғыларға пернетақта (клавиатура), “тышқан” тәрізді тетік және сканер (із кескіш) жатады. Осындай функцияларды бұлардан өзге жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, джойстиктер (ұршық тәріздес тетік) және басқа да мәселелерді шешуге қолданылатын құралдар орындайды. Мысалы, осылардың кейбіреуін жобалау жұмыстарын автоматтандыруда қолдануға болады. ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары. Әдетте ІВМ дербес компьютерлері мынадай бөліктерден тұрады:

  • Жүйелік блок;

  • Мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей;

  • Әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақты немесе пернелік.

Компьютердегі ең негізгі құрылғы- жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ- нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар. Бұлардан басқа компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:

  • мәтіндік және графикалық информацияларды басып шығаруға арналған принтер;

  • графикалық курсормен басқарылатын құрылғы- “тышқан” графикалық қолтетігі;

  • джойстик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік;

  • графиксызғыш немесе плоттер – сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы;

  • сканер (ізкескіш) – графикалық немесе мәтінді информацияларды оқуға арналған оптикалық құрылғы;

  • ЦД-РОМ – компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды шығару үшін кеңінен пайдаланылады;

  • модем – телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен информация алмасуға арналған құрылғы;

  • стример – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;

  • желілік адаптер компьютерді жергілікті (торапта) қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен, ДЭЕМ-нің негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел және сыртқы), сыртқы құрылғыларды қосу және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады. Енді компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әртүрлі құрылғылардың сипаттамаларын қарастырайық.


Микропроцессор

Микропроцессор бір криталда дайындалған (үлкен) интегралдық темелар – БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ролінде қолдануға болады. Микропроцессерге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. ЫБМ тәрізді компьютерлерде ЫНТЕЛ фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде), яғни оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегагерц - МГц бірлігімен берілген тактылық (қадамдық) жиілігінде жатыр. Бұған дейін кең тараған модельдерге Ынтел-8088 (~5 МГц), 80286 (~20 МГц), 80386СХ (~25 МГц), 80386ДХ (~40 МГц), 80486 (100 МГц-ке дейін), Пентұім (75 МГц-тен жоғары), Пентұім-Про (~300 МГц-тен жоғары), ПентұімІІ, ПентұімІІІ (800 МГц-ке дейін), және ПентұімІВ (1000 МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес боғасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір модеоьге кіретін прцессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді – жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да өсе түседі. Ынтел 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорладың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен (Тұрбо режимы) жабдықталады. Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады (Лаптоп немесе Ноте боок). Мұндай ЭЕМ-дерде жүйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок пернелік астында, ал монитор пернеліктің қақпағы түрінде жасалған.





ЭЕМ-нің жедел жады

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады (РАМ), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (РОМ) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті кезкелген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады. Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәләметтер мен программалар сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискінен жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немес еэлектр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не мегниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт)=1024байт, 1Мб (1 мегабайт)=1024кб, ал венчестер деп аталып жүрген қатты дискіде 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады. Әдетте ЫБМ ПЦ ХТ (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, ЫБМ ПЦ АТ үшін – 1 Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді – жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады. Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32-64кб шамасында. Тұрақты жадқа керектеі программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді ток көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет. Сыйымдылығы 1Мб немесе одан жоғары болып келетін компьтерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады – алғашқы 640кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады: