Файл: умк Римское право каз 10-11 СДУ 1-курс.doc

Добавлен: 07.02.2019

Просмотров: 2405

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


















«Қылмыстық құқық (жалпы бөлім)» пәнін оқу-әдістемелік жабдықтау картасы

Мамандық «5B030100» Заңтану

Заңтану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

2011/2011 оқу жылы


Оқылатын бөлім

Негізгі әдебиет

(авторы, аталуы, басылым жылы, оқылатын бөлім бойынша беттері)

Қосымша әдебиет және Интернет көздері

Қажет болған жағдайдағы басқа да ресурстар

Рим құқығының түсінігі мен маңызы, қайнар көздері.


Дигесты Юстиниана. Избранные фрагменты. -М., 1984.

Лунин Э. А. Римское право.- М., 2004.

www.google.ru

Құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.

Дождев Д.В. Римское частное право. –М., 1997.

Новицкий И.Б. Основы римского гражданского права. –М., 1972.



Тұлғалар.

Кузицин В.А. История Древнего Рима. Учебник для ВУЗов. –М., 1994.

Новицкий И.Б., Перетерский И.С. Римское частное право. –М., 1999.

www.google.ru

Отбасы құқығы.

Машкин Н.А. История Древнего Рима. Учебник. - М., 1979.

Омельченко О.А. Римское право.- М., 2000.



Заттарға құқық.


Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Лекциялар курсы. А., 1999.

Римское частное право. Учебник./ Под ред. Новицкого И.Б., Перетерского И.С. –М., 2002.



Мұрагерлік құқық.

Орта ғасырлар тарихы. І том. Редакциясын басқарған С.Д. Сказкин және басқ. А., 1976.


Скрипилев Е.А. Основы римского права. Конспект лекций. М., 1998.


Рим міндеттемелік құқығы.



Памятники римского права: Законы 12 таблиц, Институции Гая, Дигесты Юстиниана. М., 1997.

Смирнов М.М. Римское частное право (конспект лекций). М., 1999.


Міндеттемелердің жеке түрлері.


Хрестоматия по истории Древнего Рима. –М., 1989.


Харитонов Е.О. Основы римского частного права. –Ростов, 1999.


Меншік құқығы және басқа да заттық құқықтардың

түсінігі мен пайда болу негіздері


Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. Под ред. З.М.Черниловского. –М.,1994.


Большой юридичесий словарь. 2-е изд./Под ред. А.Я. Сухарева, В.Е. Крутских. М., 2001.


Меншік құқығы мен басқа да заттық

құқықтардың тоқтатылу негіздері


Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. –М., 1997.


Лунин Э. А. Римское право.- М., 2004.



Ортақ меншік түсінігі мен түрлері


Бартошек М. Римское право (понятия , термины, определения ). -М., 1984.

Платонова Е.В. Римское частное право (конспект лекций в схемах). М., 1999.



Міндеттемелік құқық. Міндеттеме түсінігі, түрлері және пайда болу негіздері

Бартошек М. Энциклопедия римского права.- М., 1989.

Черниловский З.М. Лекции по римскому частному праву. –М., 1991.



Міндеттемені орындау мен міндетемедегі адамдарды ауыстыру.

Міндеттемені тоқтату

Лунин Э. А. Римское право.- М., 2004.

Черниловский З.М. Римское частное право. Элементарный курс.Учебник. –М., 1997.



Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдері


Новицкий И.Б. Основы римского гражданского права. –М., 1972.

Айтжан Б.Е., Хусаинова А.М. Рим құқығы. А., 2005.



Шарт туралы жалпы ережелер


Новицкий И.Б., Перетерский И.С. Римское частное право. –М., 1999.


Хутыз М.Х. Римское частное право. –Харьков, 2000.

Римское частное право. Учебник./ Под ред. Новицкого И.Б., Перетерского И.С. –М., 1997.





Дайындаған:

пән оқытушысы Жумабаева Қ.Ж.



Кафедра меңгерушісі Молдабаева Д.Ж.








Рим құқығы

1-тақырып

Тезис


Рим құқығы жалпы теориялық және тарихи заң ғылымдары жүйесінде ғылыми пән ретінде ерекше орын алады. Ол мемлекет пен құқықтың тарихи дамуын зерттейтін заң ғылымдарының бір бөлігі болып табылады. Мемлекет және құқықтың жалпы теориясында қалыптасқан түсініктер мен терминдерді қолданады.

Рим құқығы екі жарым мың жыл бұрын пайда болып, қазіргі кезде де өз маңызын жоғалтпаған көптеген азаматтық құқық кодификацияларының негізі, түсініктер мен анықтамалардың жинағы болып табылады. Ол мүлік иеленушілердің барлық маңызды құқықтық қатынастарын дәл және нақты реттейтін мүліктік – құқықтық институттарды зерттейді. Рим құқығы бүкіл континентальдық еуропадағы құқықтың дамуына әсер етті және оның негізі болып қаланды. Ортағасырлық мемлекеттердегі рим құқығының рецепциясы арқылы еуропалық мемлекеттер оның негізгі түсініктері мен терминдерін өздеріне қабылдап алды. Сондықтан көптеген құқықтық жүйелерде рим құқығының терминдері сақталып қалды және оларды түсіну үшін болашақ заңгер Рим құқығы курсын оқуы қажет. Студент рим құқығымен таныса отырып,тек сол құқық жүйесінен бізге жеткен терминдерді меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге қазіргі кездегі азаматтық құқықтың негіздерінен де жалпы мағлұматтар алады,сондай-ақ рим құқығындағы мүліктік, отбасылық, мұрагерлік қатынастарды, құқықтарды қорғау әдістерін оқып үйренеді.

Пәнді оқытудың мақсаты студенттерді рим құқығының негіздерімен, оның даму процесімен таныстыру және қазіргі азаматтық заңдармен байланысын түсіндіру. Рим құқығында қалыптасқан көптеген ұғымдардың түсініктері олардың қазіргі заң шығару және құқыққолдану тәжірибесінде пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

Рим құқығы курсын оқытудың міндеттері антикалық Римдегі жеке құқықтың пайда болуы мен оның даму тарихын , жеке құқықтың негізгі институттарымен және құрылымдарымен таныстыру, рим заң ғылымында қолданылған негізгі түсініктер мен терминдердің мағынасын түсіндіру және олардың қазіргі кездегі қолданылу аясын көрсету, сонымен бірге нақты казустармен және оларды рим заңгерлерінің шешу жолдарымен таныстыру.Пәнді оқытудың негізгі міндеттерінің бірі студентте заңи сана-сезім, яғни айғақтарды құқық призмасы арқылы қарауға қабілеттілік қалыптастыру. Осыған байланысты студенттер рим құқығының қайнар көздерін, заттық құқықтар мен рим заңгерлерінің көзқарастары бойынша талаптарды, міндеттемелік құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерін жеке-жеке нақтылы оқиды.

Рим құқығы пәнін оқытудың нәтижесінде студент келесі дағдыларға үйренуге міндетті: рим жеке құқығындағы негізгі институттарды білу, рим құқығынан рецепцияланған қазіргі кездегі азаматтық құқықтағы түсініктер, терминдер мен институттардың мағынасы мен мазмұнын түсіну.




2-тақырып

Тезис

Ең ежелгі Рим құқығы квириттік құқық деп аталды,кейін ол цивильдік құқыққа айналды.Цивильдік құқыққа әдет-ғұрып құқығы және оған берілген түсіндірмелер кірді.Цивильдік құқықпен бірге преторлық құқық қалыптасты.Ол преторлардың цивильдік құқыққа жасаған өзгерістер мен толықтырулары шығарған эдиктілерінен тұрды.

Рим құқығындағы тағы бір құқықтық жүйе халықтар құқығы болды.Оған сауда құқығы,сауда қатынасындағы әдеттік құқықтар және римдіктердің басқа қауымдармен неке құқығы кірді.

Юстинианның институциясы бойынша құқықтың қайнар көздерін ауызша және жазбаша деп екіге бөлді.Ауызша құқықтың қайнар көздерін әдет-ғұрыптар деп атады.

Заң деп- ежелгі Римде халық жиналысының шешімдерін айтты.Заңның қабылдануына үш мемлекеттік орган қатысуы тиіс болды:

-Магистрат заңның жазбаша жобасын жасады.

-Халық жиналысы заңды қабылдады немесе одан бас тартты.

-Сенат заңды мақұлдап бекітті.

Магистраттардың эдиктілері-магистраттар қызметіне кіргенде міндетті болатын бағдарламасын жариялайтын эдиктілер болып табылады.

Сенатус консульттер- Сенаттың құқықтық актілері мен қаулылары.

Юриспруденция-заңгерлердің қызметі кезіндегі айтқан көзқарастары мен жазған шығармалары.


Императорлық конституциялар-олар төрт нысанда шықты:

- Эдиктілер- императордың қаулылары.

- Декреттер- сот ісі бойынша шешімдер.

- Рескрипттер- императорға түскен сұрақтарға жауап.

- Мандат- мемлекеттік қызметшілерге нұсқаулықтар.


Рим құқығының жүйелері біріктіріліп Юстиниан кодификациясы деп аталды. Ол негізгі төрт бөлімнен тұрды:

- Институциялар- заң ғылымын түсіндіретін оқулық.

- Дигеста- құқықтық материалдардың жинағы.

- Кодекс- ең маңызды императорлық жарлықтардың жинағы.

- Новеллалар- Юстинианның конституциялары.


3-тақырып

Тезис


Рим құқығы бойынша құқық дегеніміз- жалпыға бірдей құқықтарда көрсетілген,белгілі бір тұлғаға тиісті құқытық тәртіп немесе құқықтық ереже болып табылады. Әр адам өзінің жеке құқығын пайдалануына және одан бас тартуына болады. Субъект өз өкілеттіктерін жүзеге асырғанда өз құқықтарының шектерін сақтауға міндетті.

Рим құқығының алғашқы кезінде жеке құқықтарды қорғауды құқығы бұзылған адам оны бұзған адамға өзі шара қолдану арқылы іске асырды.Кейінірек өз бетінше әрекет ету немесе өзі жазалау мемлекеттік органдар арқылы қорғауға көшті.

Құқықтарды мемлекеттік қорғауда магистрат алдын-ала іс жүргізіп,тараптар арасындағы даудың құқықтық негізі белгіленіп,оны шешу негіздері қаралады.

Юрисдикция- магистраттың сотты ұйымдастыруға көмек көрсетуі.

Арбитр- төрелік сот төрағасы.

Легиациондық процесс- магистраттың тараптардың дауын дұрыс құқықтық негізде қарауы.

Формулярлық процесс- претор судьяға бағдарлама ретінде жазбаша формула беруі.


Рим құқығы бойынша талап дегеніміз- адамдардың өзіне тиісті құқығын сот тәртібімен жүзеге асыруы болып табылады. Талаптар екіге бөлінді:


- жеке талап белгілі бір нақты тұлғаға бағытталады.

- заттық талап мүлікке бағытталады.

Сотта дәлелдемелер ретінде оқиға болған жерді қарау,құжаттарды тексеру,ант қабылдау және куәгерлерден жауап алу қабылданды.

Кейінірек сотта өкілдік етуге рұқсат берілді.Өкілдіктің дамуы барысында процессуалдық өкіл прокураторлар пайда болды

.

Талаптың ескіру мерзімі- мүдделі адамның белгілі бір уақыт ішінде құқығын қорғамауына байланысты процессуалдық қорғаудың жойылуы болып табылады.

Бұл мерзім талап ету құқығы пайда болған кезден есептеледі. Юстиниан кодификациясы бойынша талаптың ескіру мерзімі отыз жыл болып белгіленген. Оның өтуін талап қою және міндетті адамның талапты мойындауы тоқтатты. Талап ету мерзімі өткен соң талап қанағаттандырылмайды.




4-тақырып

Тезис


Рим құқығында жеке тұлғалар және заңды тұлғалар құқық субъектілері болды.Құқық субъектісі персона деп аталды.Толық құқық қабілеттілік болғанда Рим отбасын құру құқығы болды.

Жеке тұлғалардың толық құқық қабілеттігі туғанда пайда болып,өлгенде тоқтатылды. Барлық еркін адамдарда бірдей құқық қабілеттілік болған жоқ.Ежелгі кезден толық құқық қабілеттілік тек рим азаматтарында болды.Шетелдіктердің құқығы болған жоқ.Шет жерліктерді перегрин деп атады.


Рим азаматтығын алу жолдары:

- Бала туылғанда Рим азаматтарының баласы болып туылуы.

- Рим азаматы өзінің құлын бостандыққа жібергенде.

- Рим азаматы шет жерлікті асырап алғанда.

- Рим азаматтығын беру арқылы.


Рим азаматтығын тоқтату жолдары:

- Бостандығы жойылуы немесе тұтқынға түсу.

- Ауыр қылмысы үшін жаза ретінде құлға айналдыру.

- Азаматтықтан бас тарту.


Империя кезінде Римде бағынышты адамдар колондар пайда болды.

Колондықтың пайда болу негіздері:

- Біреуі колон болатын ата-анадан туылуы.

- Басқа жерге қоныстану туралы келісім жасау.

- Колондар тұратын жағдайда басқа біреудің жерінде отыз жыл тұру.

Колондықтың жойылуы:

- Өзі жұмыс істейтін жер учаскесін сатып алуы.

- Діни қызметке кіру.


Рим құқығы бойынша заңды тұлға ұғымы болған жоқ. Бірақ мүліктік қатынаста жеке тұлғамен бірге белгілі бір мүліктері бар жеке тұлғалардың ұйымдасқан бірлестіктері қатысты.Ежелгі заманда Римде жеке корпорациялар,діни мақсаттағы одақтар және қолөнершілердің кәсіби одақтары болды,кейін басқа да бірлестіктер пайда болды.Заңды тұлғалар Сенаттың келісімімен құрылды.


5-тақырып

Тезис

Ежелгі Римде отбасыға үйдің басшысы,әйелі,балалары және басқа да туыстары кірді.Үй иесі толық құқылы азамат болды.Бір үй иесіне бағынышты туыстық агнаттық туыстық деп аталды.Қан бойынша туыстық когнаттық туыстық деп аталды және ол кейіннен агнаттық туыстықты жойды.


Рим құқығы бойынша неке дегеніміз- адамгершілік құқық ортақтығы мен бүкіл өмірге біріккен күйеу мен әйелдің одағы болып табылады.

Некенің түрлері:

- Рим некесі- заңды некеге құқылы тұлғалардың некесі.