Файл: азастандаы Data журналистиканы алыптасуы мен дамуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстандағы Data журналистиканың қалыптасуы мен дамуы
Нуритдинова К.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Журналистика факультетінің 1-курс
магистранты
Ғылыми жетекші: Өзбекова Г.,
филология ғылымдарының кандитаты, доцент
Бұл мақала Қазақстандағы үдерісті тренд ретінде дамып келе жатқан дата журналистика саласы туралы сөз қозғаймыз. Дата журналистика және олардың тәсілдері арқылы ақпараттың даму стратегиясын анықтау, заманауи журналистика көрінісі статистикаға, визуалға, инфографикаға ақпарат интеграиялап, жаңа формат қалай туындағаны зерттеліп, деректер журналистикасының түрлі анықтамалары көрсетілетін болады. Дата журналистика деректерді, қызықсыз және мағынасыз сандарды тарихқа айналдыратынын, сондай-ақ, қазіргі заманның маңызды мәселелеріне назар аударатынына байқауға болады.
Түйін сөздер: дата журналистика, инфографика, визуализация, медиа, жасанды интеллект,цифрлық технологиялар
Қазақстан медиа кеңістігінде қазіргі уақытта деректер арқасында ақпаратты жаңа түрін құруға негіз бола алатын біртұтас кеңістік құруға мүмкіндік алды. Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды және жан-жақты дамуы, медиа-өнімдердің кеңінен таралуы, адамның және бұқаралық ақпарат құралдары әлемімен тығыз қарым-қатынас жасауы, актуалды мәселелерді шешу тенденциясы көрініс тапты.
Жылдамдық, ұтқырлық, әмбебаптылық, интерактивтілік, мультимедиа - бұл қазіргі заманғы БАҚ, заманауи редакция және медиа кеңістіктің негізгі сөздері.
БАҚ міндеті ақпаратты жинау, алу және баяндау ғана емес, жаңа техникалық мүмкіндіктердің көмегімен контекст ұсынып, адамдарға жаңалықтарды түсіндіру болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – Ғаламтор БАҚ оффлайн және онлайн басылымдарының жұмыстарын бағалау мен сараптау.
Бұл мақсатқа келесі міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады:
Міндеттері:
1) Деректер журналистиканың өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
2)Деректер журналистикасы тәсілдерінің ерекшеліктері мен кезеңдерін талдау.
3)жаңа ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланатын қазақстандық БАҚ тәжірибесін талдау.
Соңғы жиырма жыл ішінде адамдар үшін ақпараттың рөлі түбегейлі өзгерді, біз оны басқаша қабылдай бастадық. Қазіргі адам ақпараттың шамадан тыс жүктелу әлемінде өмір сүреді: күн сайын біз жүздеген түрлі медиа хабарламаларға тап боламыз. Дәстүрлі БАҚ пен коммуникацияның дәстүрлі түрлеріне жаңа медиа мен коммуникацияның жаңа түрлері - блогтар, әлеуметтік желілер, ұялы телефондар, планшеттер және т. б. қосылды. Енді тұтынушы жаңалықтарды кез келген жағдайда ала алады: жолда, кезекте, жеке және қоғамдық көлікте, жұмыста, тамақтану кезінде, спортпен шұғылдану кезінде - жаңалықтарды алуға мүмкіндік беретін гаджет болса жеткілікті.[1] Дата журналистика баспа, телеграф, телефон, радио және теледидар ойлап табылғаннан кейін, түбегейлі өзгерістерге ұшырап және ұялы байланыс жүйелері, спутниктік байланыс жүйелері, цифрландыру және интернет арқылы медиа әлемінде жаңа өлшемге айналды. Жаңа коммуникациялық технологиялар мен деректер журналистика құрылымды кәсіби тұрғыдан өзгертті, өйткені олар технологияның шексіздігі мен мәңгілігіне байланысты веб-сайт арқылы мақсатты топқа жеке қол жеткізе бастады. Осы зерттеу аясында коммуникациялық технологиялар мен дата журналистика арасындағы байланыс бағаланады. Байланыс технологиясындағы кез-келген өзгеріс медиаға әсер етті. Газет алдымен ғаламторға қарағанда компьютерлерге ауысты. Барлық БАҚ-ты өзгертетін деректер журналистикасы газет нарығына үлкен өзгерістер енгізді.Ақпараттың таралуы мен жылдамдығын әкелді. Жеке журналистер құрған әлеуметтік медиа дәстүрлі газетті цифрлық медиаға қосылуға мәжбүр етті. Мобильді технологиясының дамуымен дәстүрлі медиа тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа технологияларға бейімделуге мәжбүр болды. Бұқаралық ақпарат құралдары онлайн әлемге ауысқаннан кейін газет мобильді қосымшаларымен кірген кезде белсенді бола бастады. Қосымшалар мен мобильді веб-сайттар газетке таратудың жаңа формасын әкелді. Содан соң, бірінші QR кодтар, Blippar технологиясы дәстүрлі газетке мобильді БАҚ-пен байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Дата журналистика ұғымын қарастырсақ, бұл бірнеше тұжырымдамаларды біріктіру және оларды журналистикамен байланыстыру үшін кеңінен қолданылады. Кейбіреулер оларды журналистік процесте жаңа технологияларды неғұрлым қарапайым қолданудан бастап күрделі пайдалануға әкелетін деңгейлер немесе кезеңдер ретінде қарастырады.[2] Бірақ, журналистика сала бойынша тренері Хенка ван Эсстің айтуынша, " деректер журналистикасы тиісті оқиға болғанға дейін құралдар арқылы алдымен өңделуі тиіс кез келген деректерге негізделуі мүмкін. Ол визуализацияны қамтымайды".[3] Бұл ұғымды "деректер журналистикасы дегеніміз не?" атты кітабында сипатталған [4] - Лондондағы Mozilla Festival (MozFest) іс-шарасында жиналған шетелдік газеттер мен басылымдардың идеяларын талқылау үшін шығарған журналистика бойынша нұсқаулық болып саналады.Ол жерде, біріншіден, «сіз деректерді қайдан іздеу керектігін білуіңіз керек? Екіншіден, дәлелді қорытынды жасау үшін қалай анықтау қажет?» деген сұрақтарға жауап таба аласыз. Оған қоса, журналистің негізгі құралы-Excel, қолданыстағы дерекқор тізімінде атап кеткен, олар: Quora.com, Stack Overflow, Open Knowledge Foundation және т. б. Ғаламтордағы дерекқорлар: Thedatahub.org, Hubofdata.ru, Datacatalogs.org, The data Hub, Data.worldbank.org, Data.un.org, деген сияқты бірнеше елдің даму параметрлерін салыстыруға мүмкіндік береді. Ұлттық мәліметтер базасы бар: Hubofdata.ru, Data.gov (АҚШ), Data.gov.uk (Ұлыбритания), stat.kz (Қазақстан). Wikipedia ресурстар сияқты пайдалы деректер көзі болып табылады. Wikidata.org, Freebase.com, Dbpedia.org. Python, lxml, BeautifulSoup сияқты деректерді алу құралдары да кіреді. The Guardian data Blog және open Platform жобасы сияқты пайдалы дереккөздер де бар. [5]
Қазақстандағы деректер журналистикасын зерттеу барысында қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде дата-журналистиканың даму тақырыбы қамтылды, дәлірек айтсақ: Г. ж. Ибраева( 2014), Ш. и. Нұрғожина, Қ. Ж. Тұрсын, Л. С. Ахметова, Б. А. Ахатова; А. А. Молдабекова, Д. Шорохова. Сондай ақ ҚазҰУ ғалымдарының бірлескен жұмысы Л. П. Нода мен М. Дауылбай ҚазҰУ хабаршысында, журналистика сериясы ("журналистиканы дамытудағы қиындықтар-деректер налистикасы: Қазақстан тәжірибесі"), с. х. Барлыбаева, М. А. Малтабарова ("Қазақстандағы дата-журналистика Тренд ретінде") жұмыстарын атап өтуге болады. [6] Осы зерттеу үшін біз Қазақстандағы ең танымал интернет басылымдарды іріктеп алынды, ол Liveinternet.ru порталы бойынша құрылған рейтингке сүйендік. (8 сәуір,2023). Интернет-басылымдардың ішінде қазақстандықтар көп ақпаратты алатын алаңды, статистикамен топ-30 – ға бөлінген, олар: tengrinews, informburo.kz,vesti.kz, astana.kz,massaget.kz,inform.kz,almaty.kz және тағы сол сияқты басқалары да көрсеткіште болды. [7]
2023 жылғы наурыздағы жағдай бойынша БАҚ статистикасы туралы айтсақ...
Қазақстан Республикасында 2023 жылдың наурыз айында 5476 БАҚ есепке қойылған, оның ішінде 3808 мерзімді баспа басылымы, 195 –телеарна, 86- радио, (601- ақпарат агенттігі, 497 – желілік басылым) 1098–интернет БАҚ. (5187 - Отандық БАҚ, 289 - шетелдік БАҚ).
Бұқаралық ақпарат құралдыарының көп есепте тұрғаны мерзімді баспа басылымы. Барлығы 3808 оның ішінде: газет – 2199, журнал – 1609. Бұқаралық ақпарат құралдарының таратылу тілінің көпшілігі 2001 –БАҚ қазақ және орыс тілінде қатар таратылады
БАҚ бұзушылықтары бойынша...
2023 жылғы 1-31 наурыз аралығында «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес уәкілетті органның нұсқамасымен 1136 интернет-ресурстар мен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды.
Бұзушылықтардың түрлері бойынша:
- 1 – терроризм, экстремизм;
- 86 – 18 + контенті;
- 76 – есірткі құралдарын, алкаголь, темекі бұйымдарын насихаттау және тарату;
- 350 – «Ойын бизнесі» туралы Заңды бұзу;
- 7 – жарнама;
- 26– жалған ақпаратты тарату;
- 5 – қорлайтын іс-әрекеттер бойынша ақпарат;
- 1 – әкімшілік құқық бұзушылық;
- 575 – алаяқтық;
- 9 – құжаттарды қолдан жасау фактілері байқалды. [8]
Қазақстан БАҚ сегментін зерделеу барысында соңғы жылдары (2018 – 2023 жж.) бұл жобалардың алуан түрлілігін көрсеткен болатын,олар тек арнайы қағидаттары бойынша және актуалды тақырыптардың аясында құрылатын екенін, бұл кейбір баспалардың трендтен қалмауы үшін жасалған құбылыс деуге болады. Олар негізінен инфографиканы тек әлеуметтік-экономикалық тарихты ақпаратты ұсынғанда ғана қолдатыны анық байқалды.
Мысал ретінде, COVID-19 статискасын айта аламыз, оны қолдана отырып, соңғы үш жылда инфографика арқылы ақпарат беру сапаға әсер еткенін,ол айтарлықтай артып, біздің азаматтарының цифрлық білімі жоғарылағаны және санамызда сақталып қалатын үдерісті атап өткен жөн.
Бірақ бұған қарамастан, деректер журналистикасы қазақстандық медианың жаңа құралына және трендіне енді ғана еніп жатыр. Онлайн порталдардың көптілігіне қарамастан, инфографика өте сирек қолданылады. Ақпарат ағымы ауқымды болса да, бүгінгі таңда қазақстандық БАҚ ресми ұлттық статистикадан шығатын соңғы сандарға көз жүгіртсек, өте қысқа мақалалар жариялауға бейім екені қатты қыңжылтады.
Сонымен қатар, интернет басылымдарда қысқа әңгімелердің болуы, көркем суреттердің болуы, олардың күшейтпелі интегралды және визуалды инфографиканы аз қолдану, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне құндылықтарына теріс әсер етеді.
Қорытындылай келе, дата журналистиканың бұл саласы қиын да, қызықты да айқара мәлім. Алайда дата журналистер шеберлік іскерлігімен жоғарыда аталған деректер негізінде өзекті материал жасай алады. Көлемді ашық деректердегі мәліметтерді сүзгіден өткізіп, қоғам санасына түйетіндей ой қалдырып, олардың қызығушылығын пайдаланып, маңызды журналистік зерттеулерінде келтіре отырып, халықтың көкейіндегі сауалдарға деректер арқылы қысқа да нұсқа жауап беретін, маңызды мәселелерді шешілуіне де болашақта неғұрлым қабылдауға итермелейтін журналистиканың бір саласы әрқашанда актуалдылығын жоғалтпайды. Дата журналистика мәселенің түбіне жетуге, себептерін анықтауға және деректер негізіндегі ақпаратты аудиторияға дұрыс ұсынуға мүмкіндік береді. Кез-келген қолға алған проблемасы туралы ақпаратқа ие бола отырып, қоғам сұранысына орай және олардың игілігі үшін негізделген оң шешімдер қабылдай алады. Себебі: «Ақпарат кімде болса, қару сонда» деген тұжырымға келеміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Мультимедийная журналистика: инструменты, опыт применения в пермских СМИ - https://vernsky.ru/pubs [1]
2. Rogers, Simon (28 July 2011), "Data journalism at the Guardian: what is it and how do we do it?", The Guardian, London, retrieved 25 October 2012 [2]
3. Michelle Minkoff (24 March 2010). "Bringing data journalism into curricula" [3]
4. What is it Data Journalism? London, 2011 http://ria.ru/files/book/_site/введение_0.html [4]
5. Ибраева, Г. Ж. Журналистика данных – новый тренд ка-захстанских медиа / Г. Ж. Ибраева. – Текст : непосредственный // Вестн. Казахстанского нац. ун-та. (“Қазақ университеті”). – 2014 – № 1 (35). – С. 3-10. [5]
6. С.Х., Барлыбаева; М.А., Малтабаров. Дата-журналистика в казахстане как медиатренд. Серия Журналистики, [S.l.], v. 55, n. 1, p. 21-33, mar. 2020. ISSN 2617-7978. Доступно на:
7. https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/article/details/120220?lang=kk [7]
8. https://www.liveinternet.ru/rating/ru/media/#geo=kz;group=media; [8]