Файл: дебиеттік оу пнінен 3 тосана арналан тжб оушыны атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әдебиеттік оқу пәнінен 3 тоқсанға арналған ТЖБ

Оқушының аты-жөні:

  1. Мәтінді мұқият тыңда

Спортшы Бейбіт

Бейбіт – сыныптағы балалардың ең кішісі, әрі нәзігі. Бұл дене шынықтыру сабағында байқалатын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Оған өзі де намыстанатын. Тез өсіп, үлкен болу оның арманы еді.

Ағасы аулаға турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып жүрді. Денесін шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды. Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.

Жазда ол ауыл балаларымен бірге бокс үйірмесіне барып жүрді. Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт алған бетінен қайтпады. Бокс өнеріне деген ынтасы арта түсті.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер

  1. Бейбіт не үшін намыстанды?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Оның арманы не еді?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Бейбіт нені бұлжымас әдетке айналдырды?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Ол қай спорт түрімен әуестенді?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Спортпен айналысу Бейбітке қалай әсер етті?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқылым

  1. Мәтінді түсініп оқы.

Аңшы артынан естілген сыбдырға жалт қарайды. Өзіне қарай келе жатқан сары ала жолақты, сойдақ тістері ақсиған жолбарысты көріп, қорқып кетеді.

Ал жолбарыс аңшыға тиіспей, алдыңғы аяғын созыпты. Аяғы ісіп кеткен екен.

Аңшы пышағымен жолбарыстың аяғын тіліп, іріңін шығарады. Белбеуімен мықтап таңады. Сөйтеді де орнынан тұрады.

Жолбарыс аңшыны жібермейді. Аңшы оның соңынан ереді. Жолбарыс аңшыны қазынасы бар жартасқа ертіп әкеледі де, бір ақырып алып, жөніне кетіпті.

1) Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой ____________________________________
2) Аңшының бұл әрекетін қалай бағалайсың? 2 тұжырымды белгіле () .

3) Мәтіннен жолбарысты сипаттайтын сөздерді теріп жаз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4) Мәтіннен қандай ой түйдің? Жаз.

Жазылым

  1. Сұрақтардың көмегімен оқыған мәтінге жоспар құрастыр.

  1. Оқиға неден басталды?, Аңшы қандай аңға кезікті?

  2. Ары қарай не болды?, Аңшы жолбарысқа қалай көмектесті?

  3. Оқиға немен аяқталды?, Жаралы аң қандай жақсылық жасады?

Жоспар:

  1. __________________________________

  2. __________________________________

  3. __________________________________

[3]

  1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жаз.

  1. Қамыс арасынан үлкен шыға келді жолбарыс.

__________________________________________________________________

  1. Жолбарыс жөніне кетті бір ақырып алып.

________________________________________________________________

[2]