Файл: Эссе 21асырдаы мектеп андай болуы тиіс Авторы Касымбек Сабина Куанышбекызы Сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі

Эссе


21-ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?

Авторы:Касымбек Сабина Куанышбекқызы

Сынып:8
21-ғасыр даму заманы болғандықтан,оны ең алдымен мектептерді дамытумен бастаған дұрыс деп ойлаймын. Әрбір тұлға мектепте алған білімін өмірде саралайды.Яғни бала кіші кезінен бастап оқуда озат болса, елге де, өзіне де орасан пайда болар еді. Оған әсер ететін бірден бір дүние -оқып жатқан мектебіміз. Осы оқыған мектебіміз біздің дұрыс болашағымыздың кепілі. Бала немесе жасөспірім өзінің мектебінде неғұрлым өзін жақсы сезіне алса, білімге де құштар болары анық. Мысалы, үлкен әрі жайлы мектеп оқушыларының оқу жағдайы жасалғандықтан, оқу үлгерімдері де өте жақсы. Осыған қарап мектеп жағдайы жақсы білім алуға үлкен септігін тигізетінін аңғаруға болады.

Мектеп жайлы болуы әрбір ұсақ-түйекті құрайды. Яғни ол интерьер, жиһаз, мектептің орналасақан жері, мектеп ауласы, білім беруші ұстаздар, әрбір сынып/кабинет дизайны және де білім беру үлгісі ,т.б. Оқу сапасы осы нәрселер арқылы жақсара түспегі анық. Яғни бала миында осы ыңғайлы дүниелер қалыптасып, оқуға құштарлығы күшейеді. Оған қоса мектеп асханасы да жайлы болуы да көп нәрсені аңғартуы мүмкін. Және ең бастысы сабақ оқу үлгісі. Қазіргі кезде барлық мектептер жаңа оқу бағдарламасымен білім алады. Яғни бұл ең үлкен плюс десем де болады. Және мұғалімдердің оқыту сауаттылығы мен үйрету қабілеті неғұрлым көбірек болса ,оқушы сабақты тиімді әрі тез сіңіреді. Бұл дегеніміз сабақтың өзектілігін сақтап,түсіндіру жұмыстарын көп жасау. Білім беруші сабақ түсіндіргенде өзгеде материалдармен байланыстыра білсе ,тақырып түсінікті болады. Яғни бұл жерде интерактивті тақта, қосымша материалдар, түрлі презентациялар мен сабаққа қатысы бар ойындар және т.б. Сонымен қатар сабақтан тыс , бірақ сабаққа қатысты ойындар. Яғни бұларға квест ойындары, пән апталықтары және үйірмелер жатады. Осылардың арқасында оқушы ойы тынығып, уақытты қызық әрі пайдалы өткізе алады. Тағы айта кететіні қоңырау уақытындағы мектеп жағдайы. Яғни бұл жерде залда түрлі ойындар, шахмат немесе дойбы секілді ойындар да оқушының қоңырау уақытында бос өткізбеуіне тиімді жол деп ойлаймын.

Осы жазылған дүниелер менің ойымдағы мектеп жағдайы. Осы арқылы мен өз қиялымдағы мектепті сипаттай алдым. Осындай жайлы мектеп расыменде балалардың жақсы оқуына үлкен септігін тигізері айдан анық. Мектеп жайлылығы ең маңызды дүние болып қалуы да мүмкін. Яғни стандартты мектептерде де осы жағдай қалыптаса алса, бұл керемет болар еді. Мектептің білім беру үлгісі неғұрлым заманауи әрі, біздің ұлттық құндылықтармен байланысты болса, әрбір оқушы білімді жақсырақ сіңіріп алады деп ойлаймын. Сонымен қорытындылай келе мен «Жайлы мектепті» осылай түсіндіре алдым.