Файл: Таырып здіксіз тасымалдау машиналары. Таспалы конвейерлер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары
Топ: 21 элеватор

Пән: «Көтеру-тасымалдау құрылғалары мен механизмдері»

Тақырып : «Үздіксіз тасымалдау машиналары. Таспалы конвейерлер».

Сабақ түрі - құрастырылған

Сабақ типі – жаңа білімді беру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  1. Үздіксіз тасымалдау машиналарды оқу, арналуы мен жіктелуін, қолданы саласын меңгеру

  2. Таспалы конвейерлердің түрлері, жалпы құрылысы және жұмыс қағидасымен танысу

  3. Сұлбаларды оқу

Дамытушылық:

  1. Студенттердің білімділік қызығушылықтарын дамыту

  2. Тандаған мамандыққа деген қызығушылығықтарын қалыптастыру, теория мен практиканың өзара байланысын көрсету

Тәрбиелілік:

  1. Қабылдаған шешімдер үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу


Оқыту әдістері: иллюстративті-түсіндірмелі, мәселелі.
Оқыту құралдары: сұлбалар, медиапроектор, мультимедиялық презентация.

р/с

Сабақ кезеңдері

Кезең міндеттері

Әдістер


Оқытушы әрекеті

Студенттердің әрекеті

Регламент, мин

1

2

3

4

5

6

7

1

Ұйымдастырушылық

Студенттердің жұмысқа дайындығы


Әңгіме, мәселелі

Студентермен амандасу. Студенттерді түгендеу, журналға белгілеу.

Тақырып пен мақсатты хабарлау. Мәселелі сұрақ қою

Оқытушымен амандасу

Сабақта жоқ студенттерді хабарлау

5 мин

2

Негізгі

Үздіксіз тасымалдау машиналарымен студенттерді таныстыру,. Олардың арналуын анықтау. Қолдану саласын меңгеру. Таспалы конвейермен танысу. Сұлбаларын оқу

Иллюстративті- түсіндірмелі

Жаңа сабақты түсіндіру. Презентация көрсету.

Сұлбаны түсіндіру.


Тыңдау. Дискуссияға түсу. Негізгі сәттерді жазу. Сұлбаларды оқу

.

40 мин

3

Жаңа білімді бекіту

Үздіксіз тасымалдау машиналарының жіктелуіне талдау жасау

Көрнекі, ізденіс, әңгімелесу, ауызша

Студенттердің үздіксіз тасымалдау машиналарын талдауын бақылау. Кестелерді толтыруын тексеру


Лекциямен жұмыс. Үздіксіз тасымалдау машиналарын талдау. Топпен жұмыс. Кестелерді толтыру

25 мин

4

Қорытынды

Қорытынды шығару. Сабақтың нәтижесін талдау


Ауызша

Сабақ рефлексиясы.

Бағаларды қою

Үй тапсырмасын беру

Сабақ басында қойылған мәселелі сұрақтарға жауап беру.

10 мин



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең:

- Студентермен амандасу.

- Студенттерді түгендеу, журналға белгілеу.

- Тақырып пен мақсатты хабарлау.

- Мәселелі сұрақ қою

- Таспалы конвейерлердің өнімділігі неге байланысты?

2. Негізгі кезең:

Оқытушы:

Үздіксіз тасымалдау машиналары негізінен сусымалы майда материалдарды (жүктерді) біраз қашықтыққа горизонталь немесе көлбеу, сирек тік бағытта (элеваторлар) үздіксіз ағынмен тасымалдайды, бос, тоқтап қайту процесі жоқ құрылғыны айтамыз. Негізінен тасымалдау бағыты горизонталь немесе көлбеу, тасымалдайтын материалы – сусымалы жəне кіші көлемдегі (массадағы) жүктер, кейбір кездерде өте көлбеу орналасқанда материалдар сырғымас үшін арнайы бөгеттермен, ал тік бағытта үздіксіз тасымалдау үшін арнайы шөмішпен жасақтап тасымалдайды. Олар тау-кен өндірістерінде, металлургия мен химиялық өндірісте, ауылшаруашылық және қоймалық шаруашылығында, әсіресе осы мамандық бойынша элеваторлар мен астық өндіру кәсіпорындарында, тасымалдау жүйесінде қолданылады.

- Сонымен үздіксіз тасымалдау машиналары деген түсінікті қалай түсіндіре аласындар? (Студентердің жауабын тыңдау)

Оқытушы:

- Үздіксіз тасымалдау машиналарын қалай қолданады? Бұл сұраққа жауап беру үшін үздіксіз тасымалдау машиналарының жұмыс істеу қағидаттарымен ерекшеленетін екі тобын қарастырайық

Бірінші топ, тарту элементі бар конвейерлердің бəріне ортақ жұмыс істеу үрдісі, ол сусымалы материалдарды, тұйықталған екі тармақтан тұратын тарту элементінің көмегімен, көбінесе жоғарғы жағында орналасқан

жұмысшы тармағындағы жүктерді үздіксіз тасымалдайды. Тасымалданатын жүктердің қасиеті мен формасына, мөлшеріне байланысты конвейердің тарту элементтерінің конструкциясы соған сəйкестендіріліп жасалынады. Оған жататындар: ленталы, шынжырлы, қалақшалы, пластиналы, тележкалы, люлькалы, арқанды аспалы т.б. конвейерлер.

Екінші топ тарту элементі жоқ конвейерлердің құрылымы əртүрлі болып келеді, олар бір-біріне ұқсамайды. Конструкциясының құрылымы, тасымалданатын материалдың геометриялық формасы мен мөлшеріне, қасиеттеріне, технологиялық тасымалдау талаптарына сəйкес жасалынады. Оған жататындар: роликті, бұрандалы, тербелмелі (вибрациялы), айналмалы тасымалдаушы құбырлар. Олардың ерекшелігі: тасымалданатын материалдар жылжымалы, айналмалы, секіртпелі жүріспен конвейердің жұмысшы бетімен үздіксіз ағынмен қозғалады.



Схема 1

Үздіксіз тасымалдау машиналарын жіктеу



Студенттер конспектілейді. Сызбаны сызады.






Сурет. 1. Конвейерлер:

а — таспалы, б — қалақшалы, в — пластиналы, г — дірілді, д — бұрандалы; 1 — электроқозғалтқыш, 2 — редуктор, 3,5 — жетекті және жетекші барабандары, 4 — таспа, 6 — керме қондырғылар, 7 — шынжырлар, 8 — қалақша, 9, 11 — керме және жетекті жұлдызша, 10 — науа, 12 — пластина, 13 — түтік, 14 — сыдырма, 15 — қозғалмайтын бағыттағыш, 16 — лоток, 17 — рессорлар, 18 — дірілтудырғыш, 19 — серіппе, 20 — білік, 21 — білік айгөлегі, 22, 23 — тиеу, түсіру тетігі

Оқытушы

Суретке, сұлбаға қарап мына сұраққа жауап береңіздерші.

- Үздіксіз тасымалдау машиналардағы материал қалай орнын ауыстырады, қалай жылжиды?

(Тарту элементі бар бірінші топ конвейердегі орналасқан тірекке, ұстағыш элементтерге (ролик, т.б.) тіреледі және ол тасымалдауыш материал орналасқан жетекші органға (пластина, ожаулар) негізгі болып саналады.

Тарту элементі жоқ машиналар материалды қатты жұмыс органымен оларды айналдыру немесе дірілдің көмегімен орынын ауыстырады. )

Оқытушы

Аталған үздіксіз тасымалдау машиналарының ішінен тарту органы бар таспалы конвейерге нақтырақ тоқтасақ.

- Таспалы конвейер дегеніміз не, онын жұмыс істеуі қандай. Ол неге арналған. Қолдану саласы мен басқа да пайдалану мінездемелерін қарастырайық.




2 сурет. Таспалы конвейер
Конвейер, транспортер – үздіксіз жұмыс істейтін көліктік қондырғы немесе машина. Сусымалы, кесек немесе дара жүктерді тасымалдауға арналған. Конвейер (ағылшынша сonveyer; convey – тасымалдау дегенді білдіреді) ертеректе Үндістан мен Қытайда үздіксіз су көтеретін шынжырлы сорғылар, ал Месопотамия мен Мысырда көп шөмішті және винтті су көтергіштер түрінде пайдаланылған. 16-ғасырдан бастап сусымалы (мысалы, ұн өндірісінде) және дара заттарды жақын араға жеткізетін конвейерлер қолданылатын болды. Техниканың дамуына байланысты 19-ғасырдан бастап әр түрлі конвейерлер шығарыла бастады және бұларды жасау үшін машина жасаудың бөлек бір саласы пайда болды. Қозғау және жүк тасымалдау тетіктері бойынша конвейерлер бірнеше түрге топтастырылады. Қозғау тетігі бойынша конвейер таспалы, шынжырлы, канатты (арқанды) болып бөлінеді. Қозғау тетігі жоқ конвейерге гравитациялық конвейер, инерциялық конвейер, винттік конвейер жатады. Қозғау тетігі бар конвейер жүк тасымалдау тәсіліне сәйкес таспалы, пластинкалы, күреуішті, шөмішті, т.б. болып ажыратылады. Жұмыс ерекшелігіне орай конвейер төсемелі және аспалы болып ажыратылады. Төсемелі конвейер орнықты, жылжымалы (өздігінен орын ауыстыратын және сүйретілмелі) болуы мүмкін. Конвейер тасымалданатын жүк түріне (сусымалы не кесек) сәйкес те ажыратылады. Элеватор, аспалы шөмішті, бесікті, қорапты, эскалатор, адымдағыш конвейер, т.б., сондай-ақ біріктірілген (мысалы, роликті – таспалы конвейер) конвейерлер өз алдына ерекше топ құрайды.
Таспалы конвейер сусымалы, кесек және дара жүктерді тасымалдауға арналған (қ. сурет). Бұл конвейердің жұмыс өнімділігі бірнеше тонна/сағаттан мыңдаған тонна/сағатқа дейін жетеді. Таспаның ені 300 – 2000 мм, қозғалу жылдамдығы 1,5 – 4,0 м/с болады.

Қолдану саласы мен арналуы

Аталмыш тасымалдауыш қондырғы қазіргі таңда кең тараған. Жүк тасымалдау жүйесінде ең перспективті тасымалдауыш қондырғылардың бірі. Сонымен қатар бұл конвейер жеңіл және ауыр өнеркәсіптің барлық түрлерінде қолданылады. Таспалы конвейер деп жетекті, иілмелі тұйықталған таспаның (лентаның) үстіне, негізінде, сусымалы материалдарды салатын, көбінесе, көлденең бағытта тасымалдауға арналған үздіксіз жұмыс жасайтын машиналарды атайды. Таспалы конвейерлермен ұнтақталған, түйіршікті, майда жəне орташа кесекті, кейбір жағдайларда, жеке ұсақ жүктерді (кірпіш, жəшік, қорап, т.б.) тасымалдайды. Құрылыста, қоймаларда, порттарда, пайдалы кендерді шығарғанкезде, металлургияда, полиграфия өндірісінде таспалы конвейерлер кең таралған. Оларды жүк тиейтін құрылғылардың элементтері, сондай-ақ технологиялық функцияларды орындайтын машиналар ретінде пайдаланады.

Таспалы конвейердің жұмысы мен құрылысы 3 суреттерде көрсетілген




Сурет. 3. Таспалы конвейердің және оның құрылысы

Таспа – конвейердің жұмыс органы, алдын ала тартылған және қосылған. (1). Конвейердің соңында жетекті (3) және кермелі (1)  барабандар таспаны майыстырады. Таспа мен жетекті барабан арасындағы үйкеліс күші арқылы бұл жұмыс жасайды.

Анықталатын фактор үйкеліс күші болады, соның арқасында жүк тасымалдайтын және тарту органы қозғалады. Таспаны конвейер бойымен майысып тұруын орындайтын арнайы роликті тіректер орналастырылады, олар таспаның өзіне тіреліп тұруын қамтамасыз етеді. (5,6,7,8,9).



4 сурет Таспалы конвейердің сұлбасы:

1 – жетекті барабан; 2 – тиегіш лоток; 3 – қысқыш ролик; 4 – тазартқыш қондырғы; 5 –барабан; 6 – соңғы барабан; 7 – амортизацияланатын ролик тіректер; 8 – төменгі роликтіректер; 9 – таспа;10 – жоғарғы роликтіректер

Конвейер элементтері.

Конвейерлі таспа. Конвейердіңжұмсақ резенкелі таспасы шексіз және оның жүктасығыш, тарту элементі. Бұл оның өте қымбат және көп уақыт қызмет етпейтін элементі. Таспаның түрі мен өлшемін жүктің мінездемесіне, беріктілігіне, өнімділігіне байланысты таңдайды. Өте қымбат болғанымен элеватор, астық өндірі өндіріснде таспалы конвейердің қызметі ерекше.

Тірек қондырғылары. Таспаны тіреу үшін роликтірегіштер немесе тегіс, аралас бекітпе орналастырылады. Роликтірегіштердің түрлері өте көп. Оларға бірнеше талаптар қойылады: пайдалануы тиімді, бағасы арзан, ұзақ мерзімділік, айналымға шағын кедергісі,қажетті орнықтылықты қамтамасыз ету, қозғалыс кезінде таспаның ойықталуын қамтамасыз ету.

Конвейердің орналасуына байланысты роликтіректер жоғары және төменгі жіктеледі. Жоғарғы роликтіректер өз ішінен: тегіс- таспа жазық формада болады, дана жүктерді тасымалдауға арналған; науалы- науалы формалы таспада, сусымалы жүктер үшін, екі, үш, бес роликті;

Төменгі роликтіректер: тегіс бір роликті, науалы екі роликті (5 сурет.).



5 сурет. Таспалы конвейердің роликтіректері: а, б, в – жоғарғы: тегіс, қатарлы науалы, амортизациялы; г, д, е – төменгі: тегіс, тазарту үшін дискілі, науалы;

1 – кронштейн; 2 – ролик; 3 – роликтіректер рамасы; Dр – ролик диаметрі
Жетекті және жетексіз барабандар шойын құймасынын немесе беттік болаттан пісіріліп жасалады.

Керме құралдары. Таспалы конвейерде винтті, гидравликалық, жүктік, жүксеріппелі керме құрылғылары орналастырылады.

Оқытушы

Енді таспалы конвйерелердің қандай түрлері болады және олардың айырмалықтары қандай ? Осы туралы айтсақ. Мына жерде бірнеше қызықты сәттер бар..

Таспалы конвейердің жіктелуі.

Бірнеше қасиеттеріне байланысты оларды бірнеше топтарға бөлуге болады:

  • Қолдану саласына байланысты: жалпы, арнайы және жерасты;

  • Жолға байланысты: қарапайым, күрделі, қисықсызықты немесе жазықтықты

  • Жүктің қозғалыс бағытына байланысты : көтергіш және түсіргіш;

  • Таспа түріне және жүктің орналасуына бацланысты: жазық және науалы таспаның барлық түрлері;

  • Жолдың иілу бұрышына байланысты: горизонтальды, иілгіш, өте қатты иілгіш (22 градустан көп) және вертикалды.