ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 310

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тысты атаналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қоюда, сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіруде, сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазуда қиналады.

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қоюда, сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіруде, сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазуда қателеседі.

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды, сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіреді, сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазады.

Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді




Диаграммадағы ақпараттарды қолданып таныстырылым жасауда, өз пікірін білдіріп, қорытындылауда қателеседі




Диаграммадағы ақпараттарды қолданып таныстырылым жасауда, өз пікірін білдіріп, қорытындылауда қиналады.

Диаграммадағы ақпараттарды қолданып таныстырылым жасайды, өз пікірін білдіріп, қорытындылайды.



30


«Роботтар мен киборгтер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Оқылым Жазылым

9.3.1.1 Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау

9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, аннотация, нұсқаулық жазу

Білімалушы:

Мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтап, қорытынды жасайды

Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация нұсқаулық жазады

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут



Тапсырма

1. Мәтінді оқыңыз. «Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жауабыңызды білдіріңіз. «ПОПС формуласы»

Менің ойымша, ...

Оны былай түсіндіремін: ...

Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін: ... Ойымды былай қорытындылаймын: ...


Роботтардың пайдасы мен зияны

ХХІ ғасыр ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектінің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларда қолданылады. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам ағзасы ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз. Қазірдің өзінде роботтар қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады.

Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47% толықтай автоматтандырылып, адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Бұл көрсеткіш Германияда 35%, Ұлыбританияда 30%, Жапонияда 21% болмақ. Қаржы саласындағы жұмыс орындарының 61%-ын роботтар алмастырады. Ал білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласында жасанды интеллектінің үлесі аз болады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, еңбек нарығындағы бұл өзгеріс әлеуметтік теңсіздікке де әкелуі мүмкін. Сонымен қатар байлар мен кедейлердің арасы алшақтай
31