Файл: Орындаан Баыты Дниетану Секция Биология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Орындаған:
Бағыты: Дүниетану
Секция: Биология
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Бионанның адам денсаулығына пайдасы »
Жетекшісі:
Мекен жайы:

Аннотация

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Бионанның адам денсаулығына пайдасы». Қазіргі уақытта пісіріп жатқан нанның құрамы талаптарға сәйкес келмейді, - қатты үгітіледі, қышқыл дәмі сезіледі, тез бұзылады, адамның бойында денсаулыққа әсерлер туғызады. Себебі неде? Сондықтан да нанның құрамын, сапасын және оның адам денсаулығына әсерін зерттеу өзекті деп ойлаймын.

Мәселе: сапасы төмен нанның адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Зерттеудің ғылыми болжамы:  Ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай отырып,  салт-дәстүрімізді одан әрі дамыту, ұлттық мәдениетке жаңашыл көзқарасты тәрбиелеу.

Зерттеудің  мақсаты:Өз өлкеміздің нанөндіретін әртүрлі кәсіпорындардың нандарының сапасын зерттеу. Нанды қадірлеуге, қастерлеуге  тәрбиелеу.

 Міндеттері:

Бионан туралы энциклопедиялық деректерді зерделеу.

  • Талдықорған қаласының нанды тұтынушылары туралы ақпараттар жинау.

  • Талдықорған қаласының тұтынушылары мен өндірушілерінің, бионанның физикалық – химиялық және органо- лептикалық қасиеттерін зерделеу.

  • Сапа сертификаттарымен зерттеу нәтижелерін салыстыру.

Зерттеу заты: Талдықорған қаласында өндіретін әртүрлі кәсіпорындардың бионаны.

Зерттеу әдістері: әдебиеттік шолу, сауалнама, тәжірибе, презентация.

Жұмыстың нәтижесі

Алынған мәліметтер негізінде автордың қорытындысы: Жұмысты орындау кезінде оқушы бионанға байланысты   түсініктерін қалыптастыра отырып, нанды қастерлеуге деген сезімі оянды. Ақпарат құралдары арқылы оқушы қатысуымен пікірталас, насихат жұмыстарын ұйымдастырды. Теориялық бөлімінде теория — әдістемелік аспектілері, бионанның адам өміріндегі маңызы, тағайындалуы қамтылған.

Жинақтау – құрылымдық бөлімінде бионан туралы түсінік, бионанның құрамы, бионанның жасалу жолдары, бионанды пісіру. Жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде біз бионанның санитарлы – гигиеналық нормалар бойынша бионанның ылғалдығын, бионанның қышқылдығын, бионанның тығыздығын зерттедік.


Annotation

The topic of my research: "Benefits of bio bread for human health" Bread, which is currently being baked, does not meet the requirements, is very crumbly, has a sour taste, breaks down quickly, and has health effects on the human body. What is the reason? Therefore, I think it is important to study the composition, quality of bread and its impact on human health.

Problem: Poor quality bread can be harmful to human health.

Scientific forecast of the research: Further development of our traditions, preservation of the heritage of our ancestors, development of a positive attitude to the national culture.

The purpose of the study: to study the quality of bread from different enterprises of our region. Educate to respect bread.

Responsibilities:

Study of encyclopedic data on bio bread.

Collection of information about consumers in Uralsk.

Study of physicochemical and organoleptic properties of consumers and producers of Uralsk, bio bread.

Comparison of research results with quality certificates.

Subject of research:

Bio-bread of various enterprises produced in Uralsk. Research methods: literature review, questionnaire, experiment, presentation.

The result of the work Based on the information obtained, the author's conclusion: During the work, the student developed a sense of respect for bread, forming an understanding of bio-bread. Organized discussions and advocacy with the participation of students through the media. The theoretical part covers the theoretical and methodological aspects, the importance of bio bread in human life, its purpose. Summary - the concept of bio bread in the structural part, the composition of bio bread, the way of making, baking. As a result of practical work, we studied the humidity, acidity and density of bio bread according to sanitary and hygienic standards.

Аннотация

Биохлеб содержит много твердой клетчатки, которая не переваривается. Эти волокна известны как клетчатка, которая улучшает переваривание пищи и работу пищеварительного тракта. Кроме того, поскольку био хлеб выделяет токсичные вещества и шлаки в организме, он полезен для людей с заболеваниями кишечного тракта.

Калорийность меньше. Чем био хлеб, тем больше в нем содержание ржаной муки. Следовательно, меньше калорий. В то время как 100 граммов белого хлеба содержат 250 килокалорий, 100 граммов био хлеба содержат 174 килокалория. По этой причине людям, которые хотят похудеть, лучше есть био хлеб, чем белый хлеб с едой.

Биохлеб содержит много аминокислот и витаминов.Содержание веществ в зерне ржи мало отличается от содержания в зерне пшеницы.Тем не менее, зерно ржи более устойчиво к обработке, чем пшеница. По этой причине в нем хранится много полезных веществ.


МАЗМҰНЫ


1 Кіріспе------------------------------------------------------------------------7-8

1.1 Негізгі бөлім------------------------------------------------------------9-10

1.2 Бионанға сипаттама---------------------------------------------------11

1.3 Бионанның адам ағзасына пайдасы--------------------------------11-13



II Бионаның құрамындағы пайдалы заттар-------------------------14-16

2.1 Бионанды пайдалану жолдары--------------------------------------17-19

Қорытынды----------------------------------------------------------------------20

Қосымша________________________________________________ 21

Пайдаланылған әдебиеттер---------------------------------------------------24
Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі:
Күн сайын жылдың кез - келген уақытында ағзамызға пайдалы заттар қажет. Олар-денсаулық кепілі. Оларды дұрыс таңдау арқылы ағзамызды тек көмірсумен, маймен, дәрумендермен, минералды заттармен ғана емес, мұнымен қатар амин қышқылдарынан бөлініп шығатын ақуызбен қамтамасыз етеміз. Түрлі бионанмен тамақтанатын адам мүлдем ауырмай,өмір жасы ұзақ болады.
Жұмыстың мақсаты: Бионанның сан қырлы сипатын ашып көрсете отырып, оның адам ағзасына тигізетін орасан зор пайдасы мен емдік қасиеттерін айқындау. Бионанның тиімді жолдарын зерттеп танып білу.

Жұмыстың міндеттері:


. Бионанға сипаттама беру;

. Бионанның адам ағзасына пайдалы жақтарын танып білу;

. Бионанмен емделудің дәстүрлі әдістері;

. Бионанның құрамындағы пайдалы заттар;


Қазақта «Ас-атасы нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені - нан. Бала- ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді. Нан - қасиетті. Адам кез - келген тамақты екі күн жесе,ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Нан және нан өнімдері – әр адамның рациондық ажырамас бөлігі.

Қазақстанда анықталған дәстүрлерде нан үлкен роль атқарады.

Алғаш рет Ақтөбе қаласында Арсен Лепесов деген адам бионан өндірісін алғаш қолға алды және Орал, Ақтөбе, Атырау , Ақтау және Астана қалаларында өте қарқынды дамып келеді. Соның ішінде өзіміздің Талдықорған қаласында ИП «Азамат» нан шығаратын заводында бионан өндірісі халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қызмет атқарып келеді.

Бионанға арналған бидай түрлері арнайы зертханаларда сұрыпталып тексеріліп қолдануға рұқсат алады. Қолдануға арналған бидай үнемі қозғалыста, орындары ауыстырылып тұру көзделеді. Себебі бидай бір орында тұруы- бионанға кері әсерін туғызады. Бидай дәндері тұтас болуы қадағалады және қарақұмық дәндері де қолданылады.

Бионан құрамында майлар, көмірсулар және дәрумендер көп болады. Ол өсімдік өзегінің ажырамас қызметін атқарады. Онда өмір сүру үшін қажетті минералды заттар (K,Ca, P, Na, Fe) бар. Нан жоғары калориялы азық түріне жатады. Бидай нанына қарағанда, бионанының энергетикалық құндылығы жоғары.


Нанның химиялық компоненттер негізі көмірсулар болып табылады. Сонымен қатар, адам нанмен бірге өмір сүру үшін қажетті ақуыздар, дәрумендер және минералды заттарды алады. Нан құрамында фитостериндер және шөптектес ұқсас холестериндер бар. Сондай –ақ бионанда көптеген дәрумендер бар. Бұл – тиамин, рибофлавин және никотиномид. Тиамин – ағзадағы көмірсуларды, әсіресе қалыпты айырбас заттары үшін қажет. Адам ағзасына нанмен 14% калория келіп түседі. Нан құрамында: 20% ақуыз, 5% тиамин, 14% никотинамид, 14% рибофлавин, 34% темір және 17 % кальций.

В1 дәрумені / тиамин/ ағзада дұрыс зат алмасуы үшін / әсіресе кеміртегінің / аса қажет дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады.Ағза тиаминге зәру болған жағдайдда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығыздалған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде әсіресе жармалар / көбіне қара құмдық және сұлы жармалары/ құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және еңбегімен көп шұғылданғада және суықта ұзақ болғанда ағза В1дәруменін көп қажет етеді.

Бұл ғылыми жобаның мақсаты : адам денсаулығын бионан арқылы жақсарту, күнделікті тамақ рационына биоанды енгізуді насихаттау.

Салауатты өмір салтына нық қадам басу көзделген. Осы мақсатта Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектебінің 3 «в» сынып оқушысы: Мырзахан Айзере жұмыстанып жан-жақты ізденді.


    1. Негізгі бөлім

    1. Нанның тарихы.


Нан – өте ерте заманда пайда болған тағам түрі. Ас атасы нан деген ұлы сөз бар. Алғашқы нан жарма мен судан даярланған, сол сияқты су мен ұнды кездейсоқ немесе арнайы мақсатта тәжірибелеу қорытындысынан туындаған пісірме ботқаның түрінде болды. Қазіргі уақытта ертеректегі нанның жалғасын бүкіл әлемде әр алуан жармадан даярлайды, мысалы, мексикалық тортилья,  үндінің  апатиі,  қытай poa ping-і,   шотландық  сұлы  жұқа наны,  солтүстік америкалық  жүгері  жұқа наны және эфиопия инжері. Шелпек түріндегі нан көптеген ежелгі өркениетті елдердің тағамы болды: шумерлер арпа шелпегін жеді, ал б.з.д. ХІІ ғасырдағы мысырлықтардың көшедегі шатырлардан та деп аталатын қатты шелпектер сатып алуға мүмкіндіктері болды.

Ашытқыдан жасалған нан алғашқы рет Мысырда жергілікті жерде астықтың өсуіне қолайлы жағдайлардан пайда болды деп есептеледі, ал мұндай нанды даярлауға екі қасиетке ие болған бидай сұрпын шығару қажеттігі туындады. Мысырдың ертединастиялық кезеңінде жасалған алғашқы жетілдіруде алдын ала отқа кептірмей бастыратын бидай түрі табылды және өсірілді. Ашытқыдан жасалған нанның туындауына көмегі болған құрамында жеткілікті көп мөлшерде балауызы (ақуыз) бар бидай сұрпын табу екінші жаңалық болып табылды. Алғашқы ашытқы қамыры б.з.д. XVII ғасырда қолданыла бастады, алайда осындай қамыр илеуге болатын бидай өте сирек кездесті. Мұндай бидайдың жетіспеушілігі б.з.д. IV ғасырға дейін Мысыр мен Грекия арасындағы 300 жылдық қалыпқа келген сауда байланысы бола тұра Ежелгі Грекияға осы бидай түрінің жеткізілмеуінен қорытынды жасауға болады. Нанның алғашқы түрі үшін қамырды ашытудың көптеген түрі бар. Ашытқы ретінде ауада болатын бактерияларды қолдануға болатын. Бұл үшін қамырды бірашама уақыт ашық ауада қалдыруға болатын еді. Бұл технология нан ашытқысын жасауда қазіргі уақытқа дейін қолданылып отыр. Үлкен Плиний галдар мен ибериялықтар сырадан алынған көпіршікті «басқа халықтар жасаған наннан да жеңілірек (тығыздау)» етіп жасау үшін қолданады. Сыра орнына шарап ішкен ежелгі дүниенің сол бөлігінде ашытқы ретінде жүзім шырыны мен ұн қоспасынан тұратын немесе шарап сіңірілген бидай кебектері қолданылды. Бірақ нан даярлауда қамырдың кішкене тілімін қалдырып, келесі күні ашытқы негізі ретінде қолдануға қалдыру тәсілі біршама кеңірек таралды.


Көне заманның өзінде нанның әр алуан түрлері болды. Ежелгі грекиялық  Афиней  «Даналар тойы» шығармасында көне уақытта даярланған нанның кейбір түрлерін, тәтті тоқаш, печенье және басқа да пісірулерді суреттейді. Нан сұрыптарының арасында шелпек, бал қосылған нан, көкнәр дәні себілген саңырауқұлқ түріндегі бөлкелер және негізгі әскери тағам – шанышқымен қыздырылған еспе нандар еске алынады. Сол сияқты нанды даярлауда қолданылған ұнның түрі мен сапасының өзгешелік қасиеттері болды. Дифил атап өткендей, «бидайдан пісірілген нан арпа нанына қарағанда құнарлырақ, жеңіл таралады және сапасы да әрдайым жақсы болатын. Құндылығы жағынан тазартылған (жақсы еленген) ұн алғашқы орынды, кәдімгі бидай ұны – одан кейінгі, ал оның соңындағы орынды еленбеген ұннан жасалған нан иемденді.»

Ортағасырдағы Еуропада нан тағамның негізгі орнын алып қана қоймай, үстел жабдығының бір бөлігі болып табылды.Үстелдің стандартты жабдығына ылғалды өзіне сіңіріп алатын тәрелке ретінде шамамен 15см де 10 см болатын кебір нан кесектері қойылды. Ас ішіліп болған соң, тәрелке рөлін атқарған бұл нанның кесектері желініп қойылды, кедейлерге беріліп немесе олармен иттерін тамақтандырды. Тек XVғасырда мұндай тағамға арналған ыдыстарды ағаштан жасап, нан «тәрелкелерді» қолдануды тоқтатты. Қазақстанда бидай өнімінен ұлттық тағамдар да дайындалады: бауырса, шелпек, іңкәл, тандыр нан т.б. Дайын нанды үстел басына әкелерде нан кескішті ойлап тапқан ғалым Отто Фредерик Роведдер  1912 жылы Роведдер нан кесе алатын машинада жұмыс істей бастады, кесілген нандар кеуіп қалады деп есептеп, бірақ наубайханалар мұндай машиналарды зауықсыз қолданды. Тек 1928 жылы Роведдер нанды кесе отырып орайтын машина ойлап тапқанда, кесілген нан мәшһүр бола бастады. Мұндай нанды даярлайтын машиналарды қолданған алғашқылардың бірі  Чилликотадағы, Миссуридегі наубайханалар болды.

4 сыныпта дүниетану пәнінен «Қазақстанның экономикадағы жетістіктері» тақырыбындағы сабақта Ақзия Нұрбергенқызы нан өнімінің дастарханға келуі жолында көп еңбекті қажет ететіндігін түсіндірді. «Ас атасы -нан», оның құрамында дәрумендер көп екендігін әңгімеледі. Бір күні Анаммен дүкенге барсам, сөреде нан түрлері көп екен. Ағы да, қарасы да, бөлкесі де толып тұр. Бірақ соның ішінде ең пайдалысы қайсы деген сұрақ туындап, апайыма айттым. Осы күннен бастап зерттеу жүргіздік. Адам ағзасына пайдасын айтқан кезде нан құрамындағы ең басты шикізаты таза бидайдан еш қоспасыз жасалған өнім-«Бионан» туралы әңгімеледі. Осы сәттен бастап менің көкейімде мынадай сұрақ пайда болды- неге қазіргі нан атаулысы осы Бионан түрінде тұтынылмайды? Бионанның құрамы да өте қарапайым нәрселерден тұрады екен: су, бидай, бал, тұздан дайындалады екен. Сонымен қатар адам ағзасына пайдалылығы- адам артық салмақтан арылады, ми, жүрек , асқазан сяқты дене мүшелерінің жұмысы жақсарады, ағзадағы қан түйіршіктерінің пайда болуына қарсы тұра алатын қасиеті бар екендігін білдім. Содан әрі қарай осы нан туралы әлі де білгім келіп, ізденіп жинаған мәліметтер сіздерге ұсынамын.