Файл: за мерзімді жоспар блімі Отбасы мшелеріні ыы мен міндеттері Малімні аты жні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 40
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері Мұғалімнің аты жөні: Муханова Сабира Мадениятовна Күні: Сынып: 9 Пәні Құқық негіздері Мектеп: «Шейх Тәмим бен әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей» КММ | |||
Сабақтың тақырыбы | Бала құқығы қалай қорғалады? | ||
Сабақтың мақсаты | 9.5.3.2 құқықтық актілерге сүйеніп қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау | ||
Оқу мақсаты | 9.5.3.2 құқықтық актілерге сүйеніп қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау | ||
Бағалау критерийлері |
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Бала құқығы туралы конвенцияны және ҚР «Бала құқығын қорғау туралы» заңын негізге ала отырып, зерттеу жүргізу (айтылым, жазылым дағдысы) «Мен бақытты баламын» эссе жазу (жазылым дағдысы) | ||
Пәнге қатысты лексика мен терминология |
мектептегі бала құқықтары жетімдер мен асырап алынған балалардың құқықтары мен міндеттер | ||
Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер | Бала құқығы туралы Конвенциясында (...) көрсетілген. Конвенцияның бұл тарауы маңызды, себебі (...) Бала құқығын отбасында және қоғамда сақтау маңызды, себебі (...) | ||
Құндылықтарды дамыту | Бұл бөлім бала асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық институттарын, қоғам мен мемлекеттегі бала құқығының қорғалуының маңызын қарастырады | ||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ барысында бейнематериал арқылы таныстырылым жасалынады және ғаламтор қолданылады. | ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 минут 3-минут | Мұғалім әрекеті: БЫМ Оқушыларға: Тақырыпты ашып, сабақ тақырыбымен мақсат, жетістік критериймен таныстыру М/Б Оқушыларға Бала құқығы туралы мультфильм көрсету М: Келесі сұрақ аясында талқылау ұйымдастыру. Бала құқығын неге қорғау керек? Бала құқығын қорғау қандай органдардың құзырына жатады? Бала құқығын қорғайтын қандай заңдар білесіздер? | слайд Бала құқығы туралы мультфильм Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттыққұқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz | |
| Зерттеу және талдау: Т Бала құқығы туралы конвенцияны және ҚР «Бала құқығын қорғау туралы» заңын негізге ала отырып, зерттеу жүргізуге тапсырма беріңіз. Балаларға заңның үзіндісін топқа бөліп тарату. I топ – отбасындағы бала құқықтары II топ – мектептегі бала құқықтары IIIтоп – жетімдер мен асырап алынған балалардың құқықтары мен міндеттері М/Ж 1. Оқушыларға жағдаяттар беру 2 ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіндегі 61 - баптың үзіндісін оқып төмендегі жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар.
Баланың ата-анасы ажырасқан. Екі жақтың келісімі бойынша, 13 жасар қыз бала анасымен тұрады. Анасы бір жылдан соң қызының әкесімен араласуына тыйым салады.
Ой толғау: М\Б 1. Оқушыларға ойды қорыту үшін таңдау тапсырмасын беру 2. Қалауы бойынша эссе жазады немесе берілген диалогты аяқтайды Эссе
Критерий:
| Отбасы құқықтары adilet.zan.kz/kaz/docs/Z98000032 1_ Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі | |
Рефлексия |
| |