Файл: Презентация жоспар I. Кіріспе Биочиптер ii. Негізгі блім Биочиптерді дайындау Биочиптерді олдану.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы:Биочиптеу әдісі.Биочиптер. ДНҚ биочипін қолдану
Орындаған: Таубай Шетен
Тобы: СТҚ-05-22
Қабылдаған: ЖАЗЫҚБАЕВА ГҮЛМИРА ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Жоспар
  • I. Кіріспе
  • Биочиптер
  • II. Негізгі бөлім
  • Биочиптерді дайындау
  • Биочиптерді қолдану
  • Гельді биочиптер
  • III.Қорытынды
  • IV Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
  • Биочиптер - бұл тани алатын немесе биологиялық активтілік көрсететін зонд-молекуласы бар қандай да болмасын тығыз калып. Биочиптер диагностикалық медицинаның міндетті құралы болды, гендер эксрпессиясы мен гендік полиморфизм зерттеуінде қолданыс тапты; бұл технология адам денсаулығына қоршаған орта факторлар әсерін анықтауына, организмге жана дәрілер әсерін зерттеуге мүмкіндік берді.
  • Гельді биочипті қолдану технологиясы
  • Аффинді биочиптер технологиясы қолданыста универсальды, селекциялайтын материал ретінде әртүрлі спецификасы бар моноклонды антиденелер қолданылады, олар антигенділігі және спецификасы бар түрлі нәруыздармен байланысуға қабілетті (патогенді вирустар, бактериялар, атипті клеткалар, токсиндер және т.б.). Осындай биочип жұмысының принципі антиген-антидененің спецификалық қарым-қатынасы реакциясына негізделген, бірақ микрокөлемде, микромасштабта. Мысалы, гельді биочип құрамында тексерілетін материалда қажетті антигенді тани алатын түрлі спецификасы бар иммобилизацияланған моноклонды антиденелер бар. Патогенді бактериялар, вирустар, атипті клеткалары бар тексерілетін материалды шұнқырларға енгізгенде антигеннің комплементарлы антиденесімен байланысуының иммундық реакциясы нәтижесінде антиген-антидене комплексі түзіледі. Әрі қарай осы комплексті визуализациялау үшін антивидті антиденелермен коньюгирленген флюоресцентті таңбаны гельге салады, нәтижесінде алғашында түзілген антиген-антидене комплексімен байланысып қалыпта қалады (тура емес иммунофлюоресценция реакциясы). Реакция қорытындысын компьютермен басқарылатын чип-детектор деп аталатын автоматты анализатор тіркейді. Нақты белгілі ұзындықпен сәуле толқынымен сәулелендіруінде флюоресцентті таңбасы бекіген гидрогель шұнқыры жарық бере бастайды. Арнайы компьютерлік бағдарлама биочиптің шұңқырларында жарықтанудың үлестірілуін талдауда тексерілген материалда патогендер, атипті клеткалар бар ма не жоқ па деген сұраққа жауап береді. Зертханалық практикада бір-екі жүзді микрошұнқырлары бар биочиптен төрт мыңдай микрошұнқырлары бар қуатты қондырғылар қолданылады.

Биочиптерді дайындау
  • Биочиптерді дайындау үшін микросхемаларды дайындауға ең алдымен микроэлектроникада жұмыс істейтін роботтарды қолданады. Автоматтандырылған режимде шыны қалыпқа нақты олигонуклеотиді немесе кДНҚ орналасатын жеріне биоматериалды өте аз мөлшерде енгізу. Биоматериалдың иммобилизациясына беткейінде нуклеин қышқылы бар шыныны ультракүлгінмен өндейді, нәтижесінде шыны мен ДНҚ молекуласы арасында химиялық байланыс пайда болуы белсенеді
ДНҚ-биочипті қолдану

ДНҚ-биочипті қолдану

1) талдау материалынан бөліп алынған гибридті (зерттелетін) ДНҚ алдымен ПТР көмегімен көп көлемде жинайды. Жетілдірген модельдерде гибридизация жасайтын ассимЕтриялық мультипраймерлі ПТР-амплификация бірден биочип шұнқырларында өтеді. Сонымен қатар, осы чипте ДНҚ фрагментациясы, фосфорилдену, лигирленуі жүреді. Зерттелетін ДНҚ амплификациядан кейін рестриктаза-ферментерімен белгілі фрагменттерге бөлінеді де флуоресцентті таңбасы бар фрагменттерді коньюгациялауына алғашқы өнделуден өтеді. Тексерілетін ДНҚ құрылымды бөліктері болып келетін көптеген санды таңбаланған олигонуклеотидтер жинағы пайда болады;
Гельді биочиптер

Биочиптер– биологиялық материалдың көп микросынақтарды параллельді анализдерді жүргізу үшін секциялық (ұяшықтардан тұрады) матрицадағы сенсорлар (биосенсорлар) тобы.

1989 жылы Энгельгард атындағы РҒА микробиология Институты ғалымдары «Нью-Йорк таймс» ХХІ ғасырдың жоғары технологиялар дамуына максималды ықпал тигізген ғалымдар ішінде үшінші орындағы, адам геномын зерттеуінің Халықаралық ұйымның вице-президенті, А.Д. Мирзабековтің жетекшілігімен дүние жүзінде бірінші болып ДНҚ-чип туралы мақала шығарды.
Қорытынды
  • Биочиптер адамның аурулар диагностикасының жаңа технологиясы ретінде негізінен «бұрыңғы» жақсы белгілі азотты негіздердің комплементарлық принципі (ДНҚ-чиптер) немесе антиген мен антидененің қарым-қатынас механизмі бойынша (нәруыздық чиптер), немесе фермент(тер)тің субстратпен дара немесе клетка құрамындағы арнайы реакцияларына (ферментті және клеткалық сенсорлар) негізделген. ДНҚ бір молекуласымен, бір ғана спецификасы бар антиденемен немесе бір ферментпен орындалатын ПТР, ИФА және фермент-субстратты реакциялардан биочиптері бар диагностикалық тесттердің айырмашылығы – олар бір мезгілде жүздеген және мыңдаған олигонуклеотидтер молекулаларымен жүргізілетін реакциялар сериясы, осындай микрореакциялар көлемі 20 микрон ұяшықтарда өтеді (биочип бетінде осындай ұяшықтар жүзден бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін). Комплементарлы олигонуклеотидтердің гибридизациясы, антиген-антидене комплексі түзілуі, субстрат пен ферменттер байланысының биохимиялық реакциялар қорытындыларын флюоресцентті таңбалау, электростаттық шығару (тебу) күшін, электроток өткізштігін, масс-спектрометрия (зонд затының молекулалық массасы жоғарлауы бойынша) және т.б. көмегімен анықталынады. Осы мақсатта арнайы автоматтандырылған анализаторлар – биочип-детекторлар ойластырылған.

Пайдаланған әдебиеттер
1 ) О.Д.Дайырбеков , Б.Е.Алтынбеков , Б.К.Торғауытов , У.И.Кенесариев , Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша - қазақша терминологиялық сөздік . Шымкент . “ Ғасыр - Ш ” , 2005 жыл . 2 ) Ж.К. Телемісова , Г.Т. Қасенова , Б. Мұзапбаров , З.Ә. Қожахметова « Тағамдық микробиология » Алматы 2013ж Айтұмар баспасы 27 - бет
3 ) М.Х. Шығаева , Ә.Т. Канаев . Микробиология және вирусология . -Алматы , 2008. – 376 б .
4 ) Емцев В.Т. , Мишустин Е.Н. Микробиология . М .: ДРОФА . – 2006. – 445 с
5 ) Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии . Учеб . Пособие для студентов
6 ) Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология.- Алма- ты , 2008 .
7 ) Вирусология , иммунология , генетика , молекулалық биология . Орысша қазақша сөздік . Алматы , « Ана тілі » баспасы , 2013 жыл . ISBN 5-630-0283 - X