Файл: Сынып 8 Мектеп Атау жалпы орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 8

Мектеп: Ақтау жалпы орта мектебі

Мұғалім: Төлегенова Ұлбала

ІІІ тоқсан Пән: Қазақстан тарихы

Қолданылған видео, жазба, таныстырылымслайдтары

Сабақтың тақырыбы:

1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар


1 слайд

Бүгін сабақта:

  • ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын туралы анықтайсыз;

  • Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы туралы білесіз.





2 слайд

Оқушылар!

  • ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын туралы анықтайсыз;

  • Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы туралы білесіз.







Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің орнығуы.

1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық –саяси күрес өріс алды.

Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады.

1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар –жоғы 6,3 %-ға ғана жетті.


3 слайд

Республиканың партия ұйымы толық қалыптасып, өлкедегі шешуші күшке айналды.

Алайда партия қатарына жалған белсенділер көбірек еніп, бюрократизм, жеке-басқа табынушылық, жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дәстүр мен партия өктемдігі орнықты.

4 слайд

«Ұлы бетбұрыс»

Халықтың есінде жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс»кезеңі мәңгі бақи есімізде қалды.
Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік авторитарлық-тотаритарлық жүйе толық орнықты. И.В.Сталин

5 слайд

Тоталитарлық жүйе.

Тоталитарлық жүйе- қоғам өмірінің барлық саласы мемлекеттің бақылауында болып, адам бостандықтары мен конститутциялық құқықтары жойылған билік жүйесі.

6 слайд

Тоталитарлық жүйенің міндеттері:

-Тек бір партия билік жүргізді

- Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі

-Бір идеология ғана жарияланады

-Еркін пікір айтуға тиым салынады

-ұлтты жойып жіберу саясаты

7 слайд

Диктаторлық жеке билік

Тоталитарлық тәртіп

Көрініс беру түрлері:

Экономиканың шикізаттық бағытта қалыптасуы

Ассимиляциялық саясат. Шынайы егемендіктің болмауы

Концлагерьлер құру. Жаппай қуғын-сүргін жүргізу. 3,5 млн адамның азап шегуі


8 слайд

Саяси қуғын сүргін:

Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайреткерлерді тұтқындалудан басталды. Оларға «буржуазиялық –ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылдлы. Ұлт қайреткерлеріненегізінен КСРО–ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

9 слайд

1928 жыл

«Саяси қуғын– сүргін кеңестік әміршілдік жүйенің саяси және таптық қарсыластарын «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер» және «әлеуметтік қауіпті элементтер» ретінде саяси қудалау саясаты... осы кезенде тұтқындалған 44 алашордашылардың үшеуі Жүсіпбек Аймауытов, Әбдірахман Байділдин, Дінше Әділов ату жазасына кесіліп, үкім орындалды. Ал қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды.Олардың кейбіреулері (Міржақып Дулатов т.б) лагерьлерде қаза тапты, қалғандары (Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев т.б) жазасын өтегенімен, «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып атылды.


10 слайд

Жүсіпбек Аймауытов, Әбдірахман Байділдин, Дінше Әділов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев өміріне қысқаша мәлімет бере кетсек.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873–1937жж Торғай облысы, Торғай уезінің Сарытүбек деген жерде дүние келген. Ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады.

Ахмет Байтұрсынұлының мына бір сөзі ұлтымызға ұран болуы әбден лайық: «Біз кейін қалған халық алға басып, жұрт қатарына кіруіміз керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек».

Мағжан Жұмабаев 1893–1938жж Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

Міржақып Дулатов 1885–1935жж Торғай облысы, Торғай уезіндегі Қызылбел мекенінде дүниеге келген. Торғайдағы екі сыныптық мектепте оқыған. Патша отаршылдығына ашық қарсы шығып, жер мәселесін көтереді. Қазақ даласында жаппай мешіттер мен медреселер ашуды, жастарға ислам, рухында тәрбие беруді жақтады.

Жүсіпбек Аймауытов 1895–1930 жж Павлодар облысының, Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту» ауылында дүниеге келген. Аса көрнекті қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы және педагог.

11 слайд


1930 жыл

Ұлт зиялылары өкілдерінің құрамында Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Жақып Ақбаев бар бір тобы (40–тай адам) 1930 жылдың қыркүйек–қазан айларында тұтқындалды.

Көп ұзамай олардың 15–і (Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов,) Ресейдің орталық қара топырақты облысына жер аударылды.Олардың барлығы дерлік 1930 жылдары қуғын–сүргінге ұшырады.

12 слайд

1 тапсырма

Есімдермен жұмыс:

1928 жылы кімдер ату жазасына кесілді




Лагерьлерде кімдер қаза тапты




Кімдер қайта айыпталып ату жазасына кесілді








13 слайд

Жауабы:

1928 жылы кімдер ату жазасына кесілді

Дінше Әділов

Жүсіпбек Аймауытов Әбдірахман Байділдин

Лагерьлерде кімдер қаза тапты

Міржақып Дулатов

Кімдер қайта айыпталып ату жазасына кесілді

Ахмет Байтұрсынұлы Мағжан Жұмабаев




14 слайд


2 тапсырма

Тұлға тану





























15 слайд

Жауабы:

Мұхамеджан Тынышбаев






Әбдірахман Байділдин






Дінше Әділов






Халел Досмұхамедов






Жаһанша Досмұхамедов









16 слайд


Қорытынды:

  • ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын туралы анықтадыңыз

  • Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы туралы білдіңіз


17 слайд