Файл: Жоспары Трилобиттерді систематикалы орны, рылыс ерекшеліктері, тіршілік еткен кезеі, жойылып кету себебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СӨОЖ 8

Тақырыбы: Трилобиттер, алып қалқаншалылар, семсерқұйрықтылардың биологиясы

Жоспары:

1.Трилобиттердің систематикалық орны, құрылыс ерекшеліктері, тіршілік еткен кезеңі, жойылып кету себебі

2. Алып қалқаншалылардың түрлері, құрылыс ерекшеліктері, таралуы, маңызы

3. Семсерқұйрықтылар құрылыс ерекшеліктері, классификациясы, маңызы

1.Трилобиттердің систематикалық орны, құрылыс ерекшеліктері, тіршілік еткен кезеңі, жойылып кету себебі

Трилобиттер (Trіlobіta) – буынаяқтылар типінің құрып кеткен класы. Трилобиттердің қазба қалдықтары кембрийдің алғашқы кезінен табылған, олардың ең көп тараған кезеңі – кембрийдің соңы, палеозойдың соңында жойылып біткен.Трилобиттер — палеонтологияда: құрып біткен теңіз буынаяқтыларының класы; теңіз түбінде тіршілік еткендері де, нектонды және планктонды түрлері де болған; кембрийден пермьге шейін тіршілік еткен.



Трилобиттердің денесі дорзо-вентральды бағытта жалпайып, үш бөлімнен құралған: айшық тәрізді бас қалқанынан (акрон және біріккен төрт сегменттен); сегменттелген кеуде бөлімінен (thorax) және сегменттері бір-бірімен бірігіп бітіскен (сегменттерінің саны түрліше болып келетін) құйрық қалқанынан. Жалпы сегменттерінің саны 44- ке дейін.

Бас қалқанының жоғарғы жағында күрделенген жұп фасеттік көздері (олардың әрқайсысы 15-тен 15000-ға дейін ұсақ көзшелерден тұрған), сонымен қатар жұп медиальды (ортасына таяу орналасу деген мағынада) көзшелері, ал астыңғысында жұп мұртшалары немесе антеннулалары және төрт жұп буындалған аяқтары болған. Көздері және мұртшалары бастың акрон, ал төрт жұп аяқтары акронға қосылған төрт сегменттерінің құрамына кірген.

Трилобиттердің бір ерекшелігі бас бөліміндегі төрт жұп аяқтары барлық буынаяқтыларға тән ауыз аппаратына айналмай (мандибула, максилла І-ІІ, хелицералар), кеуде және құрсақ бөліміндегі аяқтарына ұқсас құрылысты болып келген. Біркелкі құрылысты аяқтарының негізгі буынынан сыртқы жағына ұзын өскін - желбезек жапырақшалары немесе эпиподиттері, ал ішкі жағына шайнағыш өскіні жалғасқан. Әрбір жұп аяқтың шайнағыш өскіні бір-біріне қарама-қарсы бағытталып орналасқан. Осындай құрылысына байланысты барлық аяқтары жылжу, тыныс алу және қорегін ұстап, шайнау қызметін атқарған Протаспистің денесі алғашқыда сегменттерге бөлінбей, біртұтас болып, кейін бас (акрон және 4 сегмент) және аналь қалқаншасына бөлінген. Осы кезде екеуінің арасында өсу аймағы түзіледі де, сол арқылы тұлға бөлімінің сегменттері қалыптасқан.


Трилобиттердің денесі хитинмен қапталынған. Қауіпті жағдайда олар өзінің қаттылау арқасын төсеп, жұмсақ құрсақ жағымен жиырылып қалатын болған. 10000-нан астам түрі болған.

2. Алып қалқаншалылардың түрлері, құрылыс ерекшеліктері, таралуы, маңызы



3. Семсерқұйрықтылар құрылыс ерекшеліктері, классификациясы, маңызы



Ұзындығы 50-90 см, ал Limulus polyphenus-тың ұзындығы 0,5 м болып келеді. Қазіргі кездегі семсерқұйрықтылар тропикалық және субтропикалық теңіздерде тараған, біреулері Limulus polyphenus Атлант мүхитында, Солтүстік және Орталық Америка жағалауларында, қалғандары Малай Архипелагында, Филиппин және Жапон аралдарында (Tachypleus, Carcinoscorpius), су жағалауларында 4-10 метр тереңдігінде тіршілік етеді. Аналықтары жұмыртқаларын судың жағасындағы құмға салады. Семсерқұйрықтылардың қалдықтары триас дәуірінен табылған, ал Hemiaspis силур дәуірінен белгілі.