ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп

2 жом

Бөлім:

Дыбыс және әріп

Педагогтің аты- жөні:

Адилова

Күні:

24,01

Сынып: 1 ә

Қатысушылар саны:24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ақша қардың әлегі. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Оқу бағдарлама- сына сәйкес оқы- ту мақсаттары

1.3.1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру;

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу

Сабақтың мақсаты

Мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құрады.

Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есте сақтау арқылы жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көңіл күйді анықтау»

Оқушылар бір параққа өздерінің көңіл күйін білдіретін суреттер салады.

. Жыл мезгілдері, жануарлар, құстар немесе басқа да суреттерді үшке, төртке, беске (неше топқа бөлуді жоспарлауыңызға қарай) қиып, араластырып, оқушыларға таратады.

«Көңіл күйді анықтау» Психологиялық ахуалға беріл- ген тапсырманы бірге орындайды. Оқушылар бір параққа өздері- нің көңіл күйін білдіретін сурет(немесесмайлик)салады: олар суретте адамның бет- әлпетін келтіру керек(мәселен, күліп немесе езу тартып тұр- тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап т.б). Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді.


ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бағалау.


Қағаз қиындылары

Ортасы

Оқулықпен жұмыс.

«Ақша қардың әлегі» әңгімесінің авторы Бердібек Соқпақбаев жайлы қысқаша мағлұмат береді.

Бердібек Соқпақбаев – жазушы. 1924 жылы Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Балалар мен жасөспірімдерге арнап 20- дан астам әңгіме, повесть, романдар жазған.

«Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» т.б. шығармалары бар.

1-жаттығу ауызша орындалады. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді тізбектей оқыту. Мәтінді оқып болған соң, мәтін соңында берілген сұрақтарға жеке-жеке жауап береді:

Мәтін неше бөліктен тұрады? Оны неден байқадың?

Әр бөлікте не туралы айтылған?
Дәптермен жұмыс

Мұнда мұғалім к дыбысының сөздің басы мен ортасында, соңында кездесетінін айтады.

2-жаттығу жазбаша орындалады.

Дескриптор:

  • сөздерді оқыпшығады;

  • қатесіз көшіріпжазады;

  • сұрақтарға жауапбереді.

Әр оқушы жаттығу соңында берілген сұраққа жауап береді.

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: үй, көгершін, өзен.

Сергіту сәті: «Жуан, жіңішке»

Бір оқушы балалардың жанына барып, ақырын ғана «жуан, жіңішке» деп айтып келеді де,

бір оқушының жанына барған кезде дауысын қаттырақ


1-жаттығуда мәтіннің не жайында екенін айтады. Мәтінді оқып болған соң, мәтін соңында берілген сұрақтарға жеке-жеке жауап береді.

Әр бөлікте не туралы айтылғанын анықтай отырып, әр бөлікке ат қояды.

Мәтіннің әрі қарай қалай

болғанын өз ойларынша айтып береді.

Көркем жазу

К К К К К К К

к к к к к к кк

  1. жаттығуда сөздерді көшіріп жазады: әйнек, кінә, тәртіпсіздік,бүгін.

Сөздердің жіңішке айтылуы дауысты дыбыстың жіңішке болуына байланыстыекеніне қорытындыжасайды.
Сергіту сәті: «Жуан, жіңішке». Ойынды мұғалімнің түсіндіруі мен нұсқаулығы бойынша орындайды.



ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бағалау.


Таныстырылым https:// adebiportal.kz/ kz/authors/ view/2223





шығарып:

  • Жуан! (немесе жіңішке) – деп айтып қалады. Сол мезетте ол оқушы бірден өзі білетін кез келген жуан не жіңішке дыбысты айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын осылайша жалғасабереді.

3-жаттығу. Бос торкөздерге керекті әріпті қойып оқы.

Осы сөздердің ішінен өзің қалаған бір сөзден сөйлем құрап жаз.



  1. жаттығу шығармашылық тапсырма ретіндеорындалады.

Бос торкөздерге керекті әріпті қойып оқиды. Осы сөздердің ішінен қалаған бір сөзден сөйлем құрап жазады.

Мысалы: Күн, түн, жүн. Сана, шана, тана. Шөп, төк, сөл.



ҚБ. «Отшашу»

арқылы бағалау.

Тақтадағы жазу үлгісі Сергіту сәті

жазылған шумақ- ты слайдтан көрсету.

«Сергітусәттері» жинағы

Соңы

жұмыс ұйымдастыру.

««Тазарған тақта » әдісі бойынша. Тақтаға жуан және жіңішке сөздерді шашыратып жазамын.дұрыс тапса тақтадағы сөз өшіріледі. Жауап бере алмаса келесі жауап берген бала өшіреді.

  • Бүгінгі танысқан мәтін кім туралы болды?

Кінәсін мойындай білген дұрыс па?



Сұрақтарға жауап береді.








Кері байланыс

Үйге тапсырма2 мин

Кері байланыс: «Ақылды үкі»



Мәтінді жүргізіп, түсініп оқу.

.

Сабаққа, бір-бірінің іс- әрекетіне кері байланыс беру мақсатында.

Кері байланыс.

«

Кері байланыс тақтайшасы






Бердібек Соқпақбаев


Бөлімі:

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер.

Педагогтің аты-жөні:

Адилова

Күні:

24,01

Сыныбы:1А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару / Қалаға саяхат жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

Сабақтың мақсаты:

Есептер шығарасың.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру


Біз саяхатымызды жалғастырамыз. Бүгін біз қала ішіндегі цирк, музей, хайуанаттар бағына барамыз.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.







4-6

Өзектендіру.

Мұғалім оқушыларға тапсырма ұсынады.

Тоған жағасында 17 бақа отыр. Олардың 2-еуі тоғанға секіріп кетті. Неше бақа қалды?

Есепте не белгілі?

Есепте не белгісіз?

Қандай амалдың көмегімен қалған бақа санын табуға болады?

Есептің қысқаша жазбасын жаз.

Есептің сұлбасын білесің бе?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Есепті шығарады.

«Шапалақтау» әдісімен бағалайды.




7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Циркте үйретілген аттар, иттер, құстар т.б. бар.

Аттар - 5

Иттер - 6

Құстар -8.

Бір санның басқасынан артық (кем) екенін қалай білуге болады?

… саны … санынан қаншаға артық?

… саны … санынан қаншаға кем? және т.с.с.


Мәселелік жағдаятты түсінеді.




Оқулық, дәптер.


Мағынаны тану

10-15

Жаңаны ашу.

Оқулықтағы №1 тапсырманы орындайды. Өзімізді цирк қойылымының көрермені ретінде қарастырайық.

Цирк аренасында иттер өнер көрсетті. Оларда 5 қызыл доп, одан 3-еуі артық жасыл доп болды. Үйретілген иттердежасыл доп нешеу?

Суретке қарайық.



Қанша қызыл доп бар? (Бес).

Жасыл доптар жөнінде не айтылған? (3-уге артық екені белгілі).

«3-еуі артық» дегенді қалай түсінесіңдер?

(бұл тура осындай және тағы 3-еу).

Есептің сұрағына жауап беру үшін қандай амалды орындау керек? (Қосу).

Есептің қысқаша жазбасы мен сұлбасына мұқият қара.



Бұған дейін қарастырған есептерден айырмашылығы неде?

Есептің қысқаша жазбасы мен сызбасын рәсімдейік.




Шешуі:

5+3=8 (д.)

Жауабы: 8 жасыл доп.


Бір заттың екінші заттан бірнешеуі артық болған жағдайда есепті қалай шығаратынын түсінеді.
Дәптеріне есептің қысқаша жазбасын жазады және сұлбасын салады.Есепті шығарады.





Оқулық, дәптер.


15-20

Жаңаны қолдану

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.Оқулықтағы №2 тапсырманы жұппен орындайды. Есептерді шығарады,



Есептердің ұқсастығы неде? (Гүлдердің саны бірдей болғандықтан есептер ұқсас)

Есептердің айырмашылығы неде? (Берілгендерінің және есептер сұрақтарының орындары ауысуларына байланысты олардың айырмашылықтары бар)

Бұлар қандай есептер? (Өрнектердегі сандар да бірдей және өзара байланысты. Мұндай есептерді кері есептер деп атайды).

Санды бірнеше бірлікке арттыру, кемітуге берілген есептерді шығаруды түсінеді.

Есептерді шығарады.

а) Шешуі:

7+2=9 (г.)

Жауабы: 9 гүлкекіре

ә) Шешуі:

9 – 2=7 (қ.)

Жауабы: 7 қызғалдақ


«Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады

Оқулық, дәптер.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.

20-25

Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

Оқулықтағы №3тапсырманы өз бетімен орындауды ұсынады.

Оқушыларға2-еуі артық немесе кем деп есептер құрастыруды және шығаруды ұсынады.

Тапсырманы өз бетімен орындайды. Есептің шартын толықтырып, берілуін қысқашажазады.

- Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

Оқулық, дәптер.


25-32

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

Оқулықтағы №4тапсырманы орындауды ұсынуға болады.Оқушылар алдымен сызғыштың көмегімен таспалардың ұзындығын өлшейді.

Содан кейін салыстыру жасайды.

Сызғышпен таспалардың ұзындығын өлшейді және оларды салыстырады.

Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

Оқулық, дәптер.


Рефлексия

32-35

Кері байланыс: «Ақылды үкі»




Оқушылар тақтадағы суреттерге стикерлерін жабыстырады.




Кері байланыс тақтайшасы




Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді» білім сайысы

Мақсаты: 1) Оқушылардың білімге деген құштарлығын, ізденісін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту 2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, сөз қорларын молайтуға, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру. 3) Өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу. Көрнекілігі: суреттер, шарлар, ертегі кейіпкерлері,топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта. Қатысушылар: 1 «а» сынып оқушылары

Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен «Бәрін білгім келеді» атты білім сайысын өткіземіз. Оқушылар әр түрлі түстерді (күлгін, қызыл, сары ) таңдау арқылы үш топқа бөлініп отырады.

Психологиялық дайындық. Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз,

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

І. Ұйымдастыру 1. Оқушыларды сайысқа дайындау

2. Әділқазы мүшелерімен таныстыру

ІІ. Негізгі бөлім Жақсы болу өзіңнен Жаман болу өзіңнен Өзіңді өзің ая да Өзің үйрен өзіңнен Жақсылық көрсең біреуден «Мен қандаймын» деп ойла Жамандық көрсең біреуден «Мен қандаймын» деп ойла – дей отырып, бүгінгі «Бәрін білгім келеді» атты 1 сынып оқушылары арасында өткелі отырған білім сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Тапсырмаларды мұқият тыңдап топпен ақылдасып, жауап берулерің керек. Алдымен бүгінгі шараның шартымен таныстырайын 1 бөлім. Топпен, топ мүшелерімен таныстыру. 2 бөлім. «Ой ширату». Сұрақтар қою 3 бөлім. «Кім көп біледі?». Сурет бойынша әңгімелеу (Қандай ертегі екенін табу,ертегі кейіпкерлерінің образына ену,) 4 бөлім. «Кім тапқыр?» Математика бойынша тапсырма 5 бөлім. «Ізденген жетер мұратқа» логикалық тапсырма (Берілген суреттерден 5 айырмашылығын табу және белгілеу) 6 бөлім. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Суреттерді аяқтап салу және бояу 7 бөлім. Мен елімнің болашағымын.Ой қорыту

  1. Әр топтың мүшелерімен таныстыру.

  2. Топтың аты, құрамы.

  3. 1 «Алғырлар»

  4. 2 «Білгірлер»

  5. 3 «Дарындылар»

  6. 2. "Ой ширату" Сұрақ - жауап Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Біліммен өнер жарасып,

Тәрбие – тәлім табар мән. Бұл бәйге – ойдың бәйгесі, Кім жүйрік ойға, сол алда. 1. Нешінші сыныпта оқисыңдар? 2. Мектеп директорының аты - жөнін білесіңдер ме? 3. Тұрып жатырған мемлекетіміз? 4. Елбасымыздың аты-жөні?

5. Мемлеткеттік тіліміз?

6. Біздің ұлтымыз? 7. Біздің бас қаламыз қай қала? 8. Қазір жылдың қай мезгілі? 9. Ағаштарда неге жапырақтар жоқ? 10. Жануарда екі оң аяқ, екі сол аяқ, және екі алдыңғы аяқ, екі артқы аяқ бар? Сонда оның неше аяғы болғаны? 11. Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 4 құлағы көрінеді. Неше қоян тығылып отыр?


12. Ағаштың басында 5 құс отыр еді. 2 - еуі ұшып кетті. Неше құс қалды? 3. Ақыл – тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды Халық айтса, халық сөзі Әрқашанда нанымды. – деп келесі бөлім «Кім көп біледі?» сурет бойынша әңгімелеу Әр топ әр ертегі туралы әңгімелейді .

4.Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер, Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер, Жасау үшін бәрің де Математика - Ең маңызды ғылым бұл, Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл. «Кім тапқыр?» математика бағыты бойынша тапсырмалар беріледі.

5. Сырлары көп білімнің, Шешілмеген әлі де. Тереңдігі білімнің Керек екен бәріне – деп, келесі бөлімді «Ізденген жетер мұратқа» логикалық тапсырмаларға береміз.

6. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Суретті аяқтап салу және бояу. Әр топқа бір суреттен беріледі. Сәйкесінше түске бояп, әңгімелейді.

7. Кәне бәріміз ортаға жиналып шеңбер құрып отырайық. Қазір мен ортаға асық шашамын кім көп асық жинайды сол оқушы келесі бөлім бойынша сөз бастайды. Бұл бөлім «Мен елімнің болашағымын»деп аталады. Әркім өзінің болашақта кім болғысы келетіні туралы айтып береді. ІІІ. Қорытынды Міне, балалар, сайысымыз да өз мәресіне жетті.

Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол, Еңбектену, жалықпау. – деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. Ең көп ұпай жинаған білімді оқушылар анықталады. Мен сендерге «Болашақта елімізді көркейтетін білімді ұл - қыз болыңдар, армандарың орындала берсін» дей келе бугінгі сайысымызды аяқтаймыз.


Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»

білім сайысы

1 «Ә» сынып