Файл: Елек зені алабыны ластануын жне оны Атбе облысындаы леуметтікэкономикалы салдарын талдау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Елек өзені алқабының ластануын және оның Ақтөбе облысындағы әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау
Тулеуова Л.С.,
Рысмағамбетова А.А. жетекшілігіміен
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
e-mail: tuleuova.lunara@bk.ru
Елек- Ақтөбе облысындағы ірі өзендердің бірі. Ол Оралға құятын ең үлкен өзен, оның ұзындығы 623 км және су жинау бассейнінің ауданы 41 300 шаршы шақырым. Елек өзені Қазақстанның Ақтөбе облысы арқылы және Ресейдің Орынбор қаласы арқылы өтеді.
Елек өзені соңғы жылдары күннен күнге қатты ластанып бара жатыр. Өзендегі биоалуантүрлік саны азайып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, тұрмыста қолданылатын судың сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына зиян келтіруде. Елек өзенінің ластануын қолға алмасақ, онда қоршаған ортамызға үлкен қауіп төнеді. Ластанудың негізгі себептері және өзенді қалдықтардан тазартудың мүмкін жолдарын қарастыруымыз қажет.
Өзеннің ластануындағы негізгі себептердің бірі, Хромтау, Мұғалжар, Алға аудандарында орналасқан пайдалы қазбалар шығарылатын кен орындар мен энегетикалық нысандар болып табылады. Хром қосындылар зауыты мен ферроқорытпа зауытында шығарылатын төгінділер мен ластаушы заттар өзеннің экологиялық ластануына әкеліп соғады. Ластанудың тағы бір себебі, Елек өзенінің бормен ластануы. Өзеннің бормен ластануы Ақтөбе химия зауыты іске қосылғаннан басталды.Елек өзенінің негізгі ластаушы заттарына фенол, хром, бор, фтор және зауыттар мен фабрикалардан шыққан қоқыстар, химиялық реактивтер.
Елек өзенінің ластануы тек Ақтөбе қаласына ғана емес, Жайық өзенінің саласы болғандықтан, Ресейдің Орынбор облысына, Батыс Қазақстанның және Атырау облысының халқына, фаунасы мен флорасына қауіп туғызып отыр.
Елек өзенінің ластануы мемлекетіміздің ауқымды проблемалардың бірі және жыл сайын өз шешімін таппай келе жатқан мәселе.