Файл: "асырды ажап ш тірегі "таырыбында Б апталыы болып тті. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Анықтама

Тақырыбы: Математика, информатика және физика пән бірлестігінің апталығы.

2022-2023 оқу жылының IІ жартыжылдығында 30-02 ақпан аралығында

"Ғасырдың ғажап үш тірегі "тақырыбында ӘБ апталығы болып өтті.
Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, функционалдық сауаттылығын дамыту, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Апталық барысында 5-11 сыныптар аралығында 30.01.22ж "Ғасырдың ғажап үш тірегі" тақырыбында апталықтың ашылуы мерекелік іс-шара өтті. Математика пәні мұғалімі

А. Құдайберген Білім алушылардың функциональдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: Халықаралық зерттеулер соның ішінде PISA бағдарламасы бойынша мұғалімдерге білім алушының жалпы функционалдық сауаттылық соның ішінде жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығын арттыруда коллабаративті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру. PISA бағдарламасын орындауда сын тұрғысынан ойлауды іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау.

Семинар кезеңі:

1.Пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу, рефлексиялық тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау.

2. Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды |талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.

Түйінді идеялар: Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау.

31.01.2022ж математика пән мұғалімі А. Құдайберген 8-9 сынып білім алушыларымен «Бәсекеге қабілеттілік – заман талабы» білім алушылар арасындағы сайыс өткізілді.

01.02.22 жылы математика пән мұғалімі М. Джунисбекова 9 «А» сынып білім алушыларымен «Тригонометрия формулалары» тақырыбында ашық сабағын жүргізді.

02.02.22 ж математика пән мұғалімі Н. Исмайлов 6 «ә» сынып білім алушыларымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында тақырыбында топтық ойындар қамтылып, білім алушылармен түрлі әдіс- тәсілде қызықты тапсырмалар орындалды. Дәл осы күні физика пән мұғалімі А. Калменова 7 «Б» сынып білім алушыларымен «Гидравликалық машиналар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.


03.01.22 жылы математика пән мұғалімі А. Құдайберген 8 «А» сынып білім алушыларымен «Фигураларлың ауданы» тақырыбында ашық сабағын жүргізді.

03.02.22 жылы 5-10 сыныптар аралығында апталықтың жабылуы өтті. Білім алушыларды марапаттау рәсімі өтіп, түрлі жүлделермен марапатталды.

Ұсыныс:

  1. Апталық барысында пән мұғалімдері толық ашық сабақ өткізсін.

  2. Сыныптан тыс іс шаралар қолға алынсын

Бірлестік жетекшісі: А. Құдайберген

Анықтама

Тақырыбы: Бастауыш сынып бірлестігінің апталығы.

Қаралатын орны: № 2 ӘК

Мерзімі: 05.11.2022

2021-2022 оқу жылының I жартыжылдығында 15-22 қараша аралығында «Бастауыш алғашқы білім баспалдағы» тақырыбында Бастауыш сынып ӘБ апталығы болып өтті.

Мақсаты: Бастауыш білім бойынша білім алушылардың ой өрісін дамытып, білімге деген құштарлығын арттыру. Оқушылардың шығармашылық белсенділігі және танымдық дамуы үшін, ғылыми- әдістемелік, тәжірибе – эксперименталды жұмыс жоспарының шеңберінде мұғалімдердің кәсіптік білімін арттыру.

Апталық барысында 1-4 сыныптар аралығында 15.11.21ж «Өнерге әркімнің бар таласы» тақырыбында апталықтың ашылуы мерекелік іс-шара өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Қ. Абдиева «Современный учитель» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада көп тілді болу- заман талабы және де әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік саясатын қолға алу, сонымен қатар ақпараттық технологияның дамыған заманында өзге тілді үйрену қиындық тудырмайтынығы жөнінде айтылды. 16.11.2021ж бастауыш сынып мұғалімі Г.Д. Налибаева «1» сынып білім алушыларымен «Ғғ дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Дәл осы күні бастауыш бірлестік жетекшісі Г.Д. Налибаева 4 сыныптар аралығында «21 ғасыр көшбасшысы» интелектуалды сайыс өткізді. Сайыс барысында апталықтың негізгі мақсатына сәйкес оқу пәндері толық қамтылды. 17.11.21 жылы бастауыш сынып мұғалімі Г.О. Еспенбетова 4 «Ә» сынып білім алушыларымен «Кітап асыл қазына» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Дәл осы күні бастауыш сынып мұғалімі Б.Ш. Сертекова 2 «Ә» сынып білім алушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Сыбырлық» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

18.11.21 ж бастауыш сынып мұғалімі А. Байтұрсынова мектеп алды даярлық тобымен қоршаған орта пәнінен «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ертеңгілік өтті. Дәл осы күні бастауыш сынып мұғалімі С.С. Тажибаева 3 сынып білім алушыларымен математика пәнінен «Санның квадраты мен кубы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 19.11.21 ж бастауыш сынып Қ.Б. Абдиева 4 «А» сынып білім алушыларымен қазақ тілі пәнінен «Сөз және оның мағынасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Дәл осы күні бастауыш сынып мұғалімі А.С.Айтуовна 2 «А» сынып білім алушыларымен қазақ тілі пәнінен «Хабарлы сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында тақырыбында эссе, мақал-мәтелдер, деректі сөздер толық қамтылып, білім алушылармен түрлі әдіс- тәсілде қызықты тапсырмалар орындалды



22.11.21 жылы 1-4 сыныптар аралығында апталықтың жабылуы өтті. Білім алушыларды марапаттау рәсімі өтіп, түрлі жүлделермен марапатталды.

Ұсыныс:

Апталық барысында пән мұғалімдері толық ашық сабақ өткізсін.

Анықтама

Тақырыбы: Сынып жетекшілік туралы семинар

Қаралатын орны: № 2 ӘК

Мерзімі: 05.11.2021

Мақсаты: Білім алушының азаматтық өзіндік санасын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі іске асыруын қалыптастыруы, оның тұлғалық өзін-өзі анықтауы, қоғамда табысты әлеуеттенуі мен бейімделуі үшін, білім алушылардың шығармашылығын дамыту, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.

  • сынып ұжымын дамытудың талдауына, жай-күйіне және даму перспективасына қарай, құрастырылған орта білім беру ұйымының тәрбие жұмысы жоспарын ескере отырып сынып жетекшісі қызметінің жоспарын әзірлеу. Тәрбиелік қызметтің нәтижелерін болжау;

  • педагогтермен және білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының басқа қызметкерлерімен, білім алушылардың ата-аналарымен және басқа заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, оларға білім алушыларды тәрбиелеуде көмек көрсету (жеке, психолог, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогы арқылы);

  • жалпымектептік ұжым қызметі шеңберінде білім алушылар тұлғасының оң әлеуетін дамыту үшін тиімді білім беру процесін ұйымдастыру;

  • білім алушылардың орта білім беру ұйымында және мектептен тыс ұйымдарда сабақтан тыс уақытта, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі (үйірмелерге, байқауларға, викториналарға, олимпиадаларға, байқауларға қатыстыру, экскурсиялар ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге бару) арқылы алған түрлі қызметін ынталандыру және ескеру;

  • білім алушылармен, олардың ата-аналарымен және басқа заңды өкілдерімен оқыту жұмысын ұйымдастыру;

  • халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды анықтау, есепке алу және жұмыс жүргізу;

Білім ордасындағы педагогтарды орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес осы бұйрық бойынша сынып жетекшілердің мақсат- міндеттері, сынып жетекшінің функциялырамен қатар ұйымдастыру – үйлестіру функцияларымен таныстырылып өтілді.

Ұсыныс:

Сыныптағы білім алушылардың оқу үлгерімін, сабаққа қатысуын, сыртқы келбетіне бақылау жасауды жүзеге асыру..

Анықтама


Тақырыбы: «Жас мамандар мектебі» бойынша жұмыс жоспарын бекіту. Жас мамандарға тәлімгерлік бекіту туралы. Жас мамандармен тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтардың 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарын бекіту.

Қаралатын орны: №1 ӘК

Мерзімі: 01.09.2021

2021-2022 оқу жылында Жамбыл орта мектебінде 11 жас маман қызмет атқарады. Жас мамандар мектебі бойынша жас мамандарға мақсат – міндеті толық түсіндірілді. Соның ішінде

  • Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, ОТҚ, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз. Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне (тұрып) жол табыңыз. Сыныптағы оқушыларды түгелдеңіз, әсіресе- тәртіпсіз балаларды. Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.

  • Журналды қоңыраудан бұрын бетін ашып қойыңыз. Кезекшілердіен сабаққа келмеген оқушыларды сұрап белгілеңіз.

  • Сабақты ерекше жігермен бастаңыз. Сабақты әрбір оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз.Аз кідірістер, баяулық, жұмыссыздық, сабақта тәртіпсіздік  туғызады.

  • Оқушыларға материалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға еліктіріңіз. Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз. Бүкіл сыныпты қадағалаңыз.  Жұмыс тәртібін бұзғысы келген әрекеттің алдын алыңыз.

  • Сабақ кезінде басқа істермен шұғылданғысы келген оқушыларды болдырмауға тырысыңыз.

  • Білім бағасын іскерлікпен  дәлелдеу  арқылы  бағалаңыз. Жоғары баға алу үшін не нәрсені  көбірек білу керек  екенін айтыңыз.


Тәлімгерлік жұмыста жас мамандарымыздың  Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтататын  білімді, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі мұғалім болуға баулу.

Жас маманға: 


  • Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенді сипаты, шығармашылық сипаты, нақтылығы қажет.

  • Әдістемелік жұмыспен мұғалімдер өз білімдерін жетілдірудің жалпы мектептік, топтық және ақылға қонымды үйлесімді, кешенді түрде жүзеге асырылуы ақыры жоғары нәтижелікке жеткізеді. Жас мұғалімдерді кәсіби шеберлікке баулу керек. Атап айтсақ жас маманға  қойылатын талап:

  • Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.

  • Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде  қалыптасуы тиіс.

  • Мұғалім- білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны балуға  міндетті.

  • Мұғалім педагогикалық қарым-қатынаста қызмет  ететін тұлға болуы керек.

  • Педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті.


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №160 бұйрығының 2 тарау 3 тармағына сәйкес жас мамандарға тәлімгергер тағайындалды. Тәлімгерлер Жоғары санатты, педагог -сарапшы және І санатты педагог ұстаздар сайланды.

Тағайындалған тәлімгерлер тізімі төмендегідей:

Ұсыныс:

  1. Жас маманның сабағына қатысып әдістемелік   көмек беру

  2. Өз сабағына қорытынды жасай білуге бағыт-бағдар беру

  3. Сабақ жоспарын дайындау.Сабақты жүргізу барысында,өзін-өзі бағалай білуге баулу,қайталау сабақтарын маңызын түсіндіру


Анықтама

Тақырыбы: «Педагогикалық шеберлік мектебінің» педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатындағы мектепішілік оқыту семинарларының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту

Қаралатын орны: № 1 ӘК

Мерзімі: 01.09.2021

2021-2022 оқу жылында № 1 әдістемелік кеңесте педагогтарды МДҒӘІЖ Д.А.Киргизалиева «Педагогикалық шеберлік мектебінің» педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатындағы мектепішілік оқыту семинарларының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.

Қамтылған жоспар төмендегі нұсқамен берілді:




Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1.

«Педагогикалық шеберлік мектебі» жылдық жұмыс жоспарын бекіту.

Қыркүйек

І аптасы

ДОӘІЖО Д.Киргизалиева


2.

«Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері» жаңартылған білім беру мазмұны, «Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларды жасау ерекшеліктері»

Қыркүйек

ІV сенбі

Бастауыш сынып мұғалімі Қ.Абдиева

3.

Сабақты зерттеу бойынша кіріспе.

Сабақты зерттеу үдерісінің тақырыбын таңдау.

Қазан

ІІ сенбі

ДОІЖО Д.Киргизалиева

Педагог-сарапшы Г.Налибаева

4.

Сабақты зерттеуді бақылау және өткізу.

Сыныпты байқау. (қадағалау)

Қараша

ІІ сенбі

ДОІЖО Д.Киргизалиева

Педагог-сарапшы А.Сұраншиева

5.

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша БЖБ мен ТЖБ дайындаудың ерекшеліктері» оқыту семинары.

Желтоқсан

ІІ сенбі

ДОІЖО Д.Киргизалиева

Педагог-зерттеуші Ж.Амантаева

6.

Сабақты зерттеу үдерісі бойынша рефлексивті есеп.

Қаңтар

ІІ сенбі

ДОІЖО Д.Киргизалиева

Жоғары санатты педагог Л.Нысанбаева

7.

Қолдау әдістері.

Іс-әрекетті зерттеу түрлері.

Ақпан

ІІ сенбі

ДОІЖО Д.Киргизалиева

Педагог-сарапшы Б.Сертекова

8.

Өзара сабаққа қатысу бойынша «Квалимертиялық талдау» үлгісін түсіндіру, оқыту семинары.

Наурыз

ІV сенбі

Педагог-зерттеуші Құрманова Гауһар