Файл: Блім Мдени мра Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бөлім:

Мәдени мұра

Мұғалімнің аты-жөні:

Ерубаева А.

Пән:

Қазақ тілі

Күні:

08.02.2023ж

Сынып: 4 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.3.7.2-сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажыратамын, тыныс белгілерді қоюды білемін.

4.2.4.1-мәтіндегі негізгі ойды анықтауды, мәтіннен бірыңғай мүшелерді табуды үйренемін.

Сабақтың мақсаты/бағалау критерийі:

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсініктер қалыптасады. Мәтіндегі тірек сөздерді тауып, мазмұнын анықтайды.

Ойлау дағдысы

Оқу, білу, түсіну, пайымдау.

Сабақтың барысы

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушуның әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Өзін-өзі тексеру 2 минут

Ұйымдас-тыру

Мақсаты: білім алушылардың көңіл-күйін реттеп, зейінін шоғырландыру.

Нұсқаулық: білім алушыларды үш топқа бөлу.

Оқушылар орындарынан тұрып, Қалқаман Сариннің « Тәуелсіздік» өлеңін дауыстап, мәнерлеп жатқа айтып шығу.

Үй тапсырмасын тесеру 33-жаттығу

Өлеңді жатқа айтып шығады
Үй тапсырмасын тексереді

Мадақтау

Жарайсың , Ақылдым , Керемет!



! . ?

оқулық дәптер

5 минут

Өткен білімді еске түсіру

«Сиқырлы сандықша» әдісі

Жазылған сұрақтарға толық жауап беру

1. Сөйлем мүшесі неше бөліктен тұрады?

2. Сөз таптары нешеге бөлінеді?

3. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап айтып беру:

Сәуле мектепке кетті.

Сиқырлы сандықшадағы сұрақтарға жауап береді. Жауап берген оқушы бағаланады


6-10 балл аралығында


«Сиқырлы сандықша»

5 минут


Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты ашу

«Абай шығармалары – ұрпаққа мәңгі мұра» Абайдың өмір баянын қысқаша айтып шығу.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа, мәнерлеп айту.

Топпен жұмыс: 1. Өлеңдегі негізгі ойды анықтау.

2. Өлеңдегі бес асыл қасиетті, бес жаман істе аулақ болуды, санамалап айтып беру

3. Өлеңнен бірыңғай мүшесі бар сөйлемдерді тауып айту.

Өлең арқылы тақырыпты табады, мақсатымен танысады,




Оқулық

4-сынып

Қазақ тілі




10 минут




(ҰЖ) «Кім зерек?» әдісі.

-Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?

-Оқулықтағы ережені оқу, жатқа айтып беру.

-Мысалдармен дәлелдеп, ажыратып айтып беру.

-35-жаттығуды нақышына келтіріп оқу.

-Бірыңғай мүшелерді табу.

-Бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне назар аудару -36-жаттығуды жазбаша орындау. -Дәптерге, тақтаға көркем жазу. Мәтінге тиісті тыныс

белгілерін қойып жазу

-Бірыңғай мүшелердің астын сызу. Жауаптар алу.

Тақырыпты меңгергенін анықтайды;

Ережені оқиды. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерімен танысады.



-ережені жатқа айтады

- мысалдар келтіреді.

-ажыратып айтып береді.

-топтық жұмыста өз ойларымен бөліседі.




Бағалау парағы


2 минут




Сергіту сәті! Білімге құштарлық «Кел, балалар, оқылық»

1) (Ж.Ж) -37-жаттығуды ауызша орындау.

-Өлеңнін мәнін түсніп оқу.

-Бірыңғай мүшелерді табу

-Олардың бірыңғай мүше екенін дәлелдеу.

2) Шығармашылық үзіліс

39-жаттығу. Суретке зер салып қарау. Суреттен кейінгі берілген сөйлемдерді оқу. Қай сөйлемнен суреттің атауын табуға болатынын айтып шығу.

Дескриптор:

-жұппен жұмыс жасайды.

-суреттен мәтіннің атауын табады.

мадақтау

10 баллдық шкала


5 минут


Бекіту

Топтық жұмыс:

- Мәтіннің мазмұны бойынша көрініс ұйымдастырып көрсету. Мақал-мәтел жатқа айту.

- Түрлі-түсті суреттер бойынша әңгіме құрастырып, айту.

- Әңгімеден, сөйлемдер ішінен бірыңғай мүшелерді тауып, дәлелдеп айтып беру.

Дескриптор:

-топпен ұйымшылдықкөрсетеді.

-әңгіме құрастырады.

Мадақтау

Жарайсың , Ақылдым , Керемет!

Бағалау «пойызы»

2 минут

Кері байланыс




Сабақты түсінгенін немесе түсінбегенін «бас бармақ» тәсілі арқылы көрсетеді

10 балл мен бағалау

Түсіндім

Түсінбедім





Қорытынды

Үйге тапсырма: 38-жатттығу. Түсіндіріп беру.

Үй тапсырмасын белгілейді




оқулық


Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасаары: Махимова Ж.