Файл: Сыныбы 1,3а уаыты 20. 12 Сынып жетекшісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сыныбы: 1,3-А

Уақыты: 20.12

Сынып жетекшісі:Алымханова С.К

Сынып сағатының

тақырыбы:

Адамгершілік - асыл қасиет

ЖЖЕ: Жол жүру белгілері және таңбалары.

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушылардың бойына қазіргі кезде адамзатты толғандырып отырған өткір мәселелердің рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

ЖЖЕ –рін түсіндіру.

Сынып сағатының міндеті:

Оқушылардың қоршаған ортаға,айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және ізгі қасиеттерді түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту;


Бағалау критерийлері:

Оқушыларды ұлттық тәрбиеде үлкенге құрмет,кішіге қамқор,қайырымдылық,мейірімділік,ізеттілік,әдептілік пен кішіпейілділікке тәрбиелеу.



Сынып сағатының

түрі:

сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап,іздендіру.

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

АКТ, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер.


Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

І.Қызығушылығын ояту

1.Психологиялық ахуал: ( суреттер бала күліп тұр, ренжіген бала, жылап отырған бала, соғыс, дауыл, су тасқыны т.с.с )

-Балалар, тақтадан өздеріңе ұнамаған суреттерді алып тастайық.

-Енді осындай жақсы көңіл күймен тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Тақтада жүрек суреті

-Балалар, не естіледі деп ойлайсындар?

-Жүрек соғысы.

-Жүрек соғып тұр деген не ?

-Тіршіліктің бар екендігінің белгісі.

-Бұл өмірде адамдардың жүрегі кім үшін соғады?

-Ең жақын адамдар үшін.

-Біздің жүрегіміз неге толы болу керек?

-Мейірімділік, адалдық,еңбекқорлық, имандылық т.б жақсы қасиеттерге толы болу керек.

-Осы айтылған сөздерді бір сөзбен не деп айтуға болады?

-Адамгершілік.

Мұғалім: -Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды «Бір бірімізге жүрек жылуын сыйлайық» тақырыбында ой өрбітеміз.

Тақтадада суреттер (апаға көмектескен, жолдан өтуіне, құстың сынған қанатын орап жатыр, жоғалған балаға көмектесіп тұр, зағип адамды,коляска да отырған адамға көмек,т.с .с) көрсету.

-Ең алдымен суреттерді көріңдер де ойланып «Адамгершілік»деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Мағынаны тану.

Енді осы ойымызды одан әрі өрбіту үшін “Жақсылық жасау ,бәріміздің қолымыздан келеді»тақырыбында сұхбат өткізейік.

ІV.Танымдық ойын: «Бір бірімізге жүрек жылуын сыйлайық» (Жүрек суретін тезірек бір -біріне беру)

-Міне балалар, әр адамның көңілі, әр адамның өмірі осы жүрек арқылы жылынады деп есептесек, қасымыздағы жақындарымызды ренжітіп алмау үлкен жауапкершілікті,үлкен жақсылық пен қамқорлықты қажет етеді. Бір жерден мүлт кетсек адам көңіліне қаяу түседі. Сол себепті де сен деп соққан жүректі аялай білу керек.
Балалар сабағымызды ары қарай жол жүру ережелерін қайталаумен жалғастыайық.

Жұмбақ жасыру.

Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)
Екі аяқты бір ізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол менің,
Аяғымды жүргізді. (Велосипед)
Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)
Үлкен - үлкен қалаларда жүреді,
Табаны темір, төбесінде жүрегі. (Трамвай)
«Бағдаршам» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты: «Бағдаршам»
1. Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршам жоқ жерде, жолды қалай қиып өтуге болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
5. Қанша жастан бастап, велосипедпен жүруге рұқсат етіледі?
6. Бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанда, кімдерге өтуге рұқсат етіледі?
7. Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
8. Жүрісті реттеп тұратын адам кім?
9. Жолдың қай жағымен жүру керек?



«Кері байланыс «Мен әрқашан достарыммен біргемін» деген жазуы бар плакатқа қатысушылар қолдарын бастырып сызады, алақанына жүрек суретін салады