ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 332
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………
Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………
Леп белгісі……………………….……………………………
Сұрау белгісі……………………………………………………
Көп нүкте…………………………………….…………………
Нүктелі үтір……………………………………………………
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі н дыбысына аяқталып, екінші сөзі к, қ дыбыстарынан басталса, айтылуда н мен к, қ дыбыстарының орнына ңғ, ңг дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
-
Жазылуы
Айтылуы
Есен келді
Жиенқұл
Есеңгелді
Жиеңғұл
ОРФОГРАФИЯ ЖӘНЕ ОРФОЭПИЯ
-
Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы,
Орфоэпия – сөздердің дұрыс оқылу заңдылығы.
-
Қазақ тілінде сөздер көбіне қалай жазылса солай оқылады. Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады. Мынадай жағдайларда сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешелік болады:
-
дыбыс үндестігі, яғни қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі; -
еріндік дауыстылардың (ұ, ү, о, ө) өзінен кейін келген езулік дауыстыларға (ы, і, е) әсер етуі;
Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты төмендегі кестеден көруге болады:
Жазылуы | Айтылуы |
Көзілдірік | Көзүлдүрүк |
Өлең | Өлөң |
Жұлын | Жұлұн |
Қара ала | Қарала |
Ақ ешкі | Ағ ешкі |
-
Орфографиялық заңдылық төмендегі принциптерге негізделеді:
-
Фонетикалық принцип:
Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады. Бұл принцип, негізінен, сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі. Мысалы: адамдар, ағаштар, қартқа т. б.
-
Дәстүрлі принцип:
Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.
Мысалы: хайуанат, кейуана, миуа, қиуа, белбеу, Ботагөз, Амангелді, жаздыгүгі т.б.
-
Морфологиялық принцип:
Күрделі сөз бен сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады.
-
Айтылуы
Жазылуы
Шегара
Жер-гөк
Қоян-ғолтық
Шекара
Жер-көк
Қоян-қолтық
ЛЕКСИКА
-
Лексика (грек."сөздік қор") мына тақырыптарды зерттейді:
1. жалпы қолданыстағы сөздер;
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Олардың жіктелуін төмендегі кестеден көруге болады:
1. жалпы қолданыс-тағы сөздер | күнделікті өмірде қолданылатын сөздер: бар, кел, есік, туысқан, соғыс т.б. |
2. қолдану аясы шектеулі сөздер | 1. архаизм 6. кәсіби сөз 2. историзм 7. табу сөз 3. неологизм 8. кірме сөз 4. диалект сөз 9. эвфемизм 5. термин сөз 10. дисфемизм |
3. қанатты сөздер | 1. тұрақты сөз тіркесі 2. идиома(лық тіркес) 3. мақал-мәтел 4. афоризм (нақыл сөз) |
4. сөздің лексикалық мағыналары | 1. сөздің тура мағынасы 2. сөздің ауыспалы мағынасы 3. сөздің көп мағыналылығы 4. синоним 5. антоним 6. омоним |
-
Лексиканың мынадай салалары бар:
Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.
Семасиология – тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін сала.
Этимология – жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін сала.
Фразеология - тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін сала.
Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейтін сала.
Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын (псевдоним) қарастыратын сала.
Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.
Сондай-ақ лексиканың ономасиология, этнонимика, астронимика сияқты салалары бар.
ҚОЛДАНУ АЯСЫ ШЕКТЕУЛІ СӨЗДЕР
КӨНЕРГЕН СӨЗ
Көнерген сөз – қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз. Оның екі түрі бар: архаизм және историзм.
-
Архаизм – әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетаны-мына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әр түрлі басқаша сөздермен ауысып отыратын, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз.
Ескі атауы
(архаизм)
Қазіргі атауы
(неологизм)
аэрофлот
адрес
рыноктық
таможня
станция
әуежай
мекен-жай
нарықтық
кеден
бекет
-
Историзм – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз. Мысалы: уез, барымта, ханзада, нөкер, батырақ, қауыл керуен, жүз басы, би, болыс т.б.
Қосымша:
-
Көнерген сөздер қазіргі уақытта көркем әдеби шығармаларда кездеседі. -
Көнерген сөздер уақыт өте келе қайтадан қолданысқа еніп, жаңа ұғымның атауы болатын жағдайлар кездеседі. Мысалы:
ай аттары: ақпан, мамыр т.б.
тарихи атаулар: ақорда, елорда, байрақ т.б.
ЖАҢА СӨЗ
Жаңа сөз (неологизм) – ғылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген жаңа сөз.
Мысалы:
Қазіргі атауы (неологизм) | Ескі атауы (архаизм) |
кеден ұшақ жарнама делдал зейнетақы саябақ кешен құжат | таможня самолет реклама посредник пенсия парк комплекс документ |
ДИАЛЕКТ СӨЗ
Диалект сөз – белгілі бір аймақта тек ауызекі тілде ғана қолданылатын сөз. Мысалы, «сым» сөзі Оңт. Қазақстанда ғана қолданылады.
Диалект сөз | Әдеби баламасы |
сым азанда бәдірен оттық көпшік | шалбар таңертең қияр сіріңке жастық |
-
Диалект сөз бір жағынан көбіне кәсіби сөз бола береді. Мысалы, "атыз" сөзі - әрі диалект сөз, әрі кәсіби сөз.
ТЕРМИН СӨЗ
Термин сөз – ғылымның, техниканың, спорттың белгілі бір салаларына жататын сөз. Термин бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.
Мысалы:
-
Лингвистикалық терминдер: дыбыс, фразеология, фонетика, лексика т.б. -
Физикалық терминдер: оптика, энергия, қуат, күш, Ом заңы т.б.
Қосымша: Интернационалдық термин – әлемнің көптеген елдерінде бір атаумен қолданылатын термин.
Мысалы: фонетика, грамматика, экология, бизнес т.б.
КІРМЕ СӨЗ
-
Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөз. Мысалы:
Араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім т.б.
Парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т.б.
Орыстілі: парта, кино, цирк т.б.
-
Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстары жуан-жіңішке болып араласып келе береді. -
Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.
КӘСІБИ СӨЗ
Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөз.
Мысалы: көнек, қауға, жылым, күнжара, ау, атыз, шиіт, сүзекі тоспай, торша т.б.
ТАБУ СӨЗ
-
Табу сөз (бұрмалау) – қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз. -
Табу – индонезия тіліндегі “тыйым салу” деген мағынадағы сөзден шыққан. Бұл ұғым қазақ салт-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келіннің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы: шырайлым, айдарлым, төре жігіт, мырза жігіт. -
Табу сөздердің көпшілігі әр түрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған. Мысалы:
-
Негізгі сөз
Табу сөз
Себеп
жай түсті
жасыл түсті
Табиғаттың дүлей күші
қылтамақ
жаман ауру
Ауру түрі
қасқыр
ұлыма
Аң аттары
-
Баяғыда дәстүрлі ибамен Қамысбай, Өзенбай, Қойшыбай, Қасқырбай, Бәкібай, Қайрақбай деген қайын ағаларының атын атауға именген жас келіншектің қамыстан арғы өзеннен су алып қайтқан бетте қасқыр тартқан қойды бәкімен бауыздап келгенін ашып айта алмай, амалсыз табу тәсілі арқылы қамысты – сылдырама, өзенді – сарқырама, қойды – маңырама, қасқырды – ұлыма, бәкіні – жаныма, қайрақты – білеме деп өзгертіп, енесіне: "Сылдыраманың ар жағында, сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, жаныманы білемеге білеп-білеп жіберіп, бауыздап келдім", -деген екен.
ЭВФЕМИЗМ мен ДИСФЕМИЗМ
Эвфемизм – мағынасы тұрпайы (дөрекі) сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сыпайы сөз.
Мысалы:
Сыпайы түрі | Дөрекі түрі |
қоспайайт | өтірік айтпа |
бақиға аттанды | өлді |
ақ саусақ | жалқау |
қолының сұғанағы бар | ұрлықшы |
Дисфемизм – эвфемизмге қарама-қарсы мағынадағы сөздер, яғни мағынасы сыпайылықты білдіретін сөздің орнына қолданылатын тұрпайы (дөрекі) сөз (кемсіту, қорлау, мазақтау). Дисфемизм көбіне диалектілерде жиі кездеседі.
Мысалы:
Дөрекі түрі | Сыпайы түрі |
мылжың | сөзуарлау |
өсекші | аузы жеңіл |
боқмұрын | жас |
пара | ауыз бастырық |