ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 341
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………
Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………
Леп белгісі……………………….……………………………
Сұрау белгісі……………………………………………………
Көп нүкте…………………………………….…………………
Нүктелі үтір……………………………………………………
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ
Қазақ тіл білімінің зерттейтін үлкен 3 саласы бар, олар: фонетика, лексика және грамматика. Бұлардың зерттейтін тақырыптарын төмендегі кестеден көруге болады:
ФОНЕТИКА | 1. Дыбыс | 1. дауысты дыбыс 2. дауыссыз дыбыс | ||||||||||||
2. Буын | 1. ашық буын 2. тұйық буын 3. бітеу буын | |||||||||||||
3. Үндестік заңы | 1. буын үндестігі 2. дыбыс үндестігі | |||||||||||||
4. Тасымал 5. Екпін 6. Орфоэпия | | |||||||||||||
7. Орфография | 1. фонетикалық принцип 2. морфологиялық принцип 3. дәстүрлі принцип | |||||||||||||
| ||||||||||||||
ЛЕКСИКА | 1. Сөз мағыналары | 1. тура мағына 2. ауыспалы мағына 3. көп мағыналы сөз 4. синоним 5. омоним 6. антоним | ||||||||||||
2. Жалпы қолда-ныстағы сөздер | | |||||||||||||
3. Қолдану аясы шектеулі сөздер | 1. кәсіби сөз 6. табу сөз 2. термин сөз 7. кірме сөз 3. көнерген сөз 8. неологизм 4. диалект сөз 9. нақыл сөз 5.тұрақты тіркес 10. мақал | |||||||||||||
ГРАММАТИКА | Морфология | 1. Сөз құрамы (оның 2 түрі бар):
2. Қосымша (оның 2 түрі бар):
3. Сөз табы(оның 9 түрі бар):
| ||||||||||||
Синтаксис | 1. Сөз тіркесі а. есімді ә. етістікті 2. Жай сөйлем а. жақты – жақсыз ә. жалаң – жайылма б. толымды – толымсыз в. атаулы | 3. Құрмалас сөйлем а. салалас ә. сабақтас б. аралас 4. Сөйлем мүшелері тұрлаулы – тұрлаусыз 5. Пунктуация 6. Стилистика |
Ескерту:
-
Сөз құрамы туралы оқулықтарда мынадай пікірлер бар:
-
сөз құрамының 2 түрі бар деп берілген: : түбір және қосымша; -
сөз құрамының 3 түрі бар деп берілген: түбір сөз, туынды сөз, күрделі сөз; -
сөз құрамының 5 түрі бар деп берілген: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз; -
сөз құрамының 6 түрі бар деп берілген: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз;
-
Сөз тіркесі мен тіркескен сөздің (тіркесті сөз) айырмасы:
-
Сөз тіркесі ең кемі екі сөзден тұрады және әрқайсысы өз алдына жеке мағынаны білдіреді. Мысалы,
қара (қандай?) көйлек (не?)
жиырма (қанша?) бала (кім?)
машина (не?) келе жатыр (не істеп жатыр?) т.б.
-
Тіркескен сөз ең кемі екі сөзден тұрады, бірақ екеуі бір мағынаны білдіреді және бір сұраққа жауап береді. Мысалы,
қара ала (қандай?),
жиырма бір (қанша?),
келе жатыр (не істеп жатыр?) т.б.
Қазақ тіл біліміне шет тілдерінен енген термин сөздер
-
Грек тілінен енген сөздер:
Алфавит (альфа, ветта (грек әліпбиінің алғашқы екі әрпі) – әріптердің жүйелі тізбегі.
Антоним ("қарсы" және "атау") – мағыналары қарама-қарсы сөздер.
Архаизм (ежелгі, ертегі) – ертеректе күнделікті өмірде жиі қолданылғанмен, қазіргі кезде басқа сөзбен алмастырылғандар.
Диалог ("екі", "сөз") – екі не бірнеше адамның сөйлесуі.
Грамматика (жазу, жазу өнері) – тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Диалект (сөйлеу) – белгілі бір аймақта қолданылатын тіл ерекшеліктері.
Дифтонг – қосарлы дыбыс.
Идиома – бір ұғым ретінде қалыптасқан сөз тіркестері. (Мысалы: түйе үстінде сирақ ұйту)
Лексика (сөздік қор) – тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін саласы.
Лексикология – (лексика, логос) – тілдің сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Лексикография (сөздік ілімі) – тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.
Мақал (араб сөзі) – түйінді ойды білдіретін тура мағынасына орай астарлы мағына да бере алатын ықшамды нақыл сөз.
Монолог ("бір" және "сөз") – кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі.
Метафора (ауысу, ауыстыру) – бір-біріне ұқсас екі не одан да көп зат немесе құбылыстың балама аталуы.
Метонимия (атын өзгертіп атау) – ойда сақталып тұрған бірер сөзді айтпай–ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберу. Мысалы, Сәкеннің шығармаларын оқыдым деудің орнына Сәкенді оқыдым деу)
Морфема (форма) – сөздің ең қысқа мағыналы бөлшегі.
Морфология (түр) – тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты грамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.
Неологизм (жаңа сөз) – тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.
Омоним ("біркелкі" және "атау") – бірдей дыбысталғанмен, мағыналары әр түрлі болып келетін сөздер.
Орфография (дұрыс жазамын) – сөздің дұрыс жазылу ережелері.
Орфоэпия (дұрыс сөйлеу) – сөздің дұрыс айтылу ережелері.
Полисемия (көп мағына) – сөздің көп мағыналығын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Семасиология (белгі, ілім) – сөздің мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Сингармонизм (бірге үндесу) – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі.
Синекдоха (бірге жобалап, шамалап түсіну) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні, немесе керісінше, бөлшектің орнына бүтінді, жалқының орнына жалпыны қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. (Төрт-бес қой-ешкіміз бар деудің орнына төрт-бес тұяғымыз бар деу)
Синоним – айтылуы әр түрлі болғанмен, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
Синтаксис (құрастыру) – сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фонема (дыбыс) – сөздің дыбыстық бірлігі.
Фонетика (дыбыс) – тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фонология (дыбыс, ілім) – фонеманы зерттейтін тіл білімінің саласы.
Фразеология ("сөйлемше", "ілім") – тілдегі тұрақты тіркестер-ді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Эвфемизм (сыпайылап айту) – бір затты не құбылысты, я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы.
-
Латын тілінен енген сөздер:
Ассимилияция (үндесу) – сөз құрамындағы немесе сөздер аралығындағы қатар келген дауыссыз дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі.
Аффикс (қосылған) – қосымшаның терминдік атауы.
Диссимиляция (өзгеру) – дыбыстың өзгеруінің бір түрі
Интонация (қатты айту) – дауыс толқыны, сөйлегенде сөз мағынасын әсерлі жеткізу үшін дауыстың құбылып, жоғарылап, төмендеп өзгеріп отыруы, сөйлемде синтаксистік мағына білдіруші және сөйлемге эмоционалды-экспрессивті реңк беруші құралдың бірі.
Историзм – көнерген, ескірген ұғымды білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Өздері белгілеген заттар мен құбылыстардың қазіргі күнделікті өмірде қолданылудан шығып қалған. Архаизмдерден ерекшелігі – қазіргі тілде синонимі болмайды.
Лингвистика – тіл білімі
Пунктуация (нүкте) – тыныс белгілерін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Стилистика – тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін саласы.
Стиль (латын) – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
Термин (бір нәрсенің шегі, шекарасы, шекаралық белгісі) – тілде ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы атаулар.
-
Араб тілінен енген сөздер:
Әдебиет (үлгілі сөз) – бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен көркемдеп айту өнері.
Әліпби (алиф, бә (араб әліпбиінің алғашқы екі әрпі) – әріптердің жүйелі тізбегі.
Әріп (әріп) – дыбыстың жазбаша таңбасы.
Мағына (мағына, ұғым) – сөздің я сөйлемнің білдіретін ұғымы.
-
Индонезия тілінен енген сөз:
Табу (тыйым салу) – бір заттың не құбылыстың атын тікелей атамай, басқа атпен атау.
ФОНЕТИКА
ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП
-
Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс – сөздің ең кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді. -
Дыбыс адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қуысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы. -
Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді. -
Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын алфавит (әліпби) дейді. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады және олардың тізбектелген қатары мынадай: а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. -
Қазақ тілінде дыбыс саны - 37. (Дыбыс бола алмайтындар: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь –жіңішкелік, ъ – жуандық белгілері).
Ескерту: У әрпі екі дыбыстың орнына (дауысты – у және дауыссыз – у) қолданылады. Бірақ бір дыбыс болып саналады.
-
Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ. -
Қазақ тілінде ъ (айыру белгісі) және ь (жіңішкелік белгісі), сондай-ақ э, ё, в, ф, ц, ч әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі. -
Қазақ тілінде дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бөлінеді.
Қосымша: Кейбір оқулықтарда 5-бөлімдегі 9 әріпті қазақ тіліне тән дыбыстар деп берген. Алайда біз оларды әріптер деп беруді жөн көрдік. Себебі алфавиттегі 37 дыбыс қазақ тіліне тән оқылады, айтылады. Мысалы, е дыбысы орыс тілінде йэ деп оқылса, қазақ тілінде йе деп оқылады. Сондай-ақ сөз құрамында жуан-жіңішке, еріндік-езулік дауысты дыбыстарының келуіне қарай дауыссыз дыбыстар соларға бейімделіп оқылады. Мысалы, үзу мен азы сөздеріндегі з дыбысы бірінде (үзу) жіңішке әрі еріндік дауыстыға бейімделіп оқылса, бірінде (азы) жуан әрі езулік дауысты дыбысқа бейімделіп оқылады.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫС
-
Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады. -
Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады. -
Дауысты дыбысқа екпін түседі. -
Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э. -
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі. Оны төмендегі кестеден көруге болады.
Тілдің
қатысына қарай
Жуан
тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады
а, о, ұ, ы, у
Жіңішке
тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады
ә, ө, ү, і, е, и, (у), э
Жақтыңқатысына қарай:
Ашық
жақтың кең ашылуы арқылы жасалады
а, ә, о, ө, е, э
Қысаң
жақтың тар ашылуы арқылы жасалады
ы, і, и, у, ү, ұ
Еріннің
қатысына қарай
Еріндік
еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады
о, ө, ұ, ү, у
Езулік
езудің кейін тартылуы арқылы жасалады
а, ә, е, ы, і, и, э
-
Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).