ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 324
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………
Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………
Леп белгісі……………………….……………………………
Сұрау белгісі……………………………………………………
Көп нүкте…………………………………….…………………
Нүктелі үтір……………………………………………………
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Аралас құрмалас сөйлем – кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.
Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасы төмендегідей:
Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы. | Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. |
Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы. | Көзін сәулеге үйреткен Асқар терзеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен. |
Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы. | Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады. |
Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы. | Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды. |
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
-
Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем – құрамында кемінде 3 жай сөйлем болатын және олардың баяндауыштары тиянақты болатын салалас түрі.
Сызбасы: басыңқы, басыңқы, басыңқы.
Мысалы: Ол келді де, есікті ашып қарап еді, бәрі тегіс келіп болыпты.
-
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бірнеше бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Мысалы: Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.
Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің (к.б.с.қ) 2 түрі бар:
1) Жарыспалы к.б.с.қ–бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланысатын сабақтас түрі.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
Мысалы: Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.
-
Бірыңғай жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары бірдей сөйлем. (шартты бағ. , шартты бағ. , басыңқы.) -
Әр алуан жарыспалы к.б.с.қ – бағыныңқылары әр түрлі сөйлем. . (шартты бағ. , қимыл-сын бағ. , басыңқы.)
2) Сатылы к.б.с.қ – бағыныңқы сөйлемдері басыңқысымен тікелей байланыспайтын сабақтас түрі.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
Мысалы: Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.
-
Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем – құрамында бір бағыныңқы және бірнеше басыңқы сөйлемі бар сабақтас түрі. Бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
Мысалы: Қыс түскенше, ағаштарды жарып тастадық, қораның төбесін де жауып үлгердік.
Ескерту: Кемінде үш сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланыспайды.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
Мысалы: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.
ПУНКТУАЦИЯ
-
Пунктуация (латын."нүкте") – 1) тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы; 2) мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құрал; 3) тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы. -
Тыныс белгілерінің негізгі қызметі 3 принципке негізделеді:
-
Грамматикалық принцип – тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою. -
Мағыналық принцип – сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау. -
Интонациялық принцип – мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.
-
Тыныс белгілерінің қойылатын орны және атқаратын қызметі төмендегідей:
қойылатын орны | түрі | қызметі |
Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері | нүкте ( . ) сұрақ белгісі ( ? ) леп белгісі ( ! ) көп нүкте ( ... ) | Даралушы қызмет атқарады. |
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері | үтір ( , ) қос нүкте (:) жақша ( ) тырнақша (" ") сызықша ( – ) | Ерекшелеуші қызмет атқарады. |
Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері | үтір ( , ) қос нүкте ( : ) нүктелі үтір ( ; ) үтір сызықша (, – ) | Ойдың ара жігін ажырату қызме-тін атқарады. |
НҮКТЕ
№ | Қойылатын орны | Мысалы |
1 | Хабарлы сөйлемнен кейін | Маңайда тірі жан көрінбейді. |
2 | Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін | Әже, сізден Алла разы болсын. |
3 | Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін | Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл! Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ. Ит те үрмейді. |
4 | Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде | Нұрхан. Кім бар? (Айқара есікті итеріп ашады.) Кім бар? |
5 | Адамның аты-жөні, тегі қысқартылғанда | Ғ.Мүсірепов / Ғ.М. Ғ.Мұстафин / Ғ. Мұст. |
6 | Газет-журнал атауын шартты түрде қысқарт-қанда | “Қ.Ә.” (“Қазақ әдебиеті”) |
7 | Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда | тағы басқалар – т.б. тағы сол сияқты – т.с.с. тағысын тағылар – т.т. |
8 | Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда | А.Яссауи кесенесі (XII ғ.) –Қазақстандағы үлкен тарихи мұралардың бірі. |
ЛЕП БЕЛГІСІ
| Қойылатын орны | Мысалы |
1 | көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін | Шіркін, қандай керемет! Тарт қолыңды! |
2 | көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін | Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп. |
3 | ұранды сөйлемнен кейін | Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным! |
4 | көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін | – Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін! Қолымнан келгені осы. |
5 | көтеріңкі дауыспен “жоқ”, “иә” деген сөздерден кейін | – Жоқ! Қайтсең де тауып әкел! |
6 | сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін | − Амансың ба, қарағым! – деп қария балаға қарады. |
СҰРАУ БЕЛГІСІ
| Қойылатын орны | Мысалы |
1 | сұраулы сөйлемнен кейін | Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе? Толық байлық қайтсең табылады? |
2 | сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғанды аңғарту үшін сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады | "...Пысық деген ат (?) шықты" – деген тармақ 1909 жылғы кітапта "...Пысық деген ант шықты",– деп жарияланған. |
КӨП НҮКТЕ
| Қойылатын орны | Мысалы |
1 | Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда сөйлем соңында көп нүкте қойылады. | "Иә, көз – қорқақ, қол – батыр. Бісміллә, береке..." Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... Жә, мен шамалы кідірейін-ші, әңгіме басы әріден болсын. |
2 | сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін | - Е, не қыл дейсің маған. Бала... ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста... ешқайда кетпес, оралар... Туып-өскен жері, елі...Ұста деймін, қаттырақ ұста. (Т.Әбдіков) |
3 | Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады. | ... Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз. |
4 | Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына | Қарашы мына ... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?! |
5 | Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған жерлерге | Қиын тиді оларға Аз кісі-ақ қайтып санарға. ........................................... (Абай) |