Файл: Аза тілі адірлі талапкер!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 342

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………

Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………

Леп белгісі……………………….……………………………

Сұрау белгісі……………………………………………………

Көп нүкте…………………………………….…………………

Нүктелі үтір……………………………………………………

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ

ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

1. жалпы қолданыстағы сөздер;

2. қолдану аясы шектеулі сөздер;

3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;

4. сөздің лексикалық мағыналары;

Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

СӨЗ ҚҰРАМЫ

Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.

ҚОСЫМША Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар. Олар: жұрнақ және жалғау. ЖҰРНАҚ Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Жұрнақтың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ. Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді. (Қой+шы – қойшы, өнер+паз – өнерпаз, ой+лa – ойла, тау+лы – таулы) Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді. (Үй+шік – үйшік, сандық+ша – сандықша, алаң+қай – алаңқай, қала+шық – қалашық.) Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, жаз-у-шы-лық. Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады. Ондай бір түбірден жасалған сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, біл-ім, біл-дір, біл-гіш т.б. Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады. Мысалы, кітапханалардан, оқушымын т.б. ЖАЛҒАУ Жалғау сөздерді байланыстырады. Оның 4 түрі бар: Көптік жалғауы Тәуелдік жалғауы Септік жалғауы Жіктік жалғауы 1. Көптік жалғауы Сөздер ;trtit n3hlt және r6git n3hlt 1jklfyskflы` R6gn8r vf2syfys ,8kl8he 3i8y сөздерut r6gn8r ;fk2fes ;fk2fyfls` Vscfks= f2fi/nfh r6it/kth 1sp/lfh`

Септік жалғауының мағыналары: Ілік септігі бір заттың екінші затқа тәуелді екенін (Қайраттың кітабы) немесе қатысты екенін (алма ағашы) білдіреді. Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, Мұса Алматыға (бағыт) кетті. Мұса Алматыға кітап алуға (мақсат) кетті. Табыс септігі объектіні білдіреді. Мысалы, Мен сөмкені алдым. Жатыс септігі мекендік, мезгілдік мағына береді. Мысалы, Омар қалада (мекен) тұрады. Оспан жазда (мезгіл) келеді. Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді. Мысалы, Мен әкемнен алма алдым. Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. Мысалы, Мен атпен келдім. Мен әкеммен сөйлестім. Ctgntkel85 tr8 n3h8 ,fh= ;fq ctgntke ;7yt n7etkl8 ctgntke` 1. Жfq ctgntke – с6plthl85 n3,8h r3q8ylt ctgntke8` 2. Т7etkl8 ctgntke – с6plthl85 n7etklty8g ,fhsg ctgntke8`Vscfks= Жай септеу Тәуелді септеу А. ҮйІ. Үй-діңБ. Үй-геТ. Үй-діЖ. Үй-деШ. Үй-денК. Үй-мен А. ҮйімІ. Үй-ім-ніңБ. Үй-ім-еТ. Үй-ім-діЖ. Үй-ім-деШ. Үй-ім-ненК. Үй-ім-мен 4. Жіктік жалғауы Ж8rn8r ;fk2fes ,fcnfesi gty ,fzylfesins ,fqkfyscnshfls` Cjyls1nfy ;8rn8r ;fk2feks c6p 7h1fify ,fzylfesi ,jkfls lf c6qktvl8 nbzyf1nfg n4hfls`

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас

Назар аудар!

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ

ЛЕП БЕЛГІСІ

СҰРАУ БЕЛГІСІ

КӨП НҮКТЕ

ҮТІР

НҮКТЕЛІ ҮТІР

СЫЗЫҚША

БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША

ҚОС НҮКТЕ

ЖАҚША

ТЫРНАҚША

СТИЛЬ

ҮТІР





Қойылатын орны

Мысалы




Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде

Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі ғылымға жүгініпті.

1

бірыңғай мүшелердің арасында жалғаулық шылау қайталанып тұрса5

Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен.

2

Оңашаланған айқында-уыштың екі шетіне

Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын.

3

Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына

Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды.

4

Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады.

– Жеңеше, – деді кетерінде, – кірпіш тауып қойыңыз.

5

Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстарма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына үтір қойылады.

қаратпа сөз: Балам, ертерек кел.

қыстарма сөз: Әрине, ертең сабақ болады.

Одағай: Жүрегім, ойбай, соқпа енді.

НҮКТЕЛІ ҮТІР




Қойылатын орны

Мысалы

1

санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің (сөздердің) арасына қойылады.

Қасым ханның ережелерінде

мынадай түйінді әдет-ғұрып-тық қағидалар қамтылған:

1.Мүлік заңы ;

2.Қылмыс заңы;

3.Әскери заң; т.б

2

өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына

Ұл мен қыздың қызығы –

Тілі анық шыққанша;

Мергендіктің қызығы –

Көздеген аңын жыққанша;

Жүйрік аттың қызығы –

Шомылып терге лыққанша;

Татулықтың қызығы –

Кеудеңнен жаның шыққанша;

3

Сөздікте сөздердің түсініктемесінен кейін

Майе. араб. 1. ағатын, сұйық; 2. сұйықтық;

парсы. 1. сұйық, ағатын; 2. сұйықтық;




СЫЗЫҚША




Қойылатын орны

Мысалы

1

бірыңғай мүшеден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан

Мен, Әсет, Самат – үшеуміз доспыз.




жалпылауыш сөзбен келген бірыңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе

Мыналар: Сырдария мен Амудария – Аралға құяды.

2

оңашаланған айқындауыштың екі жағынан

Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алды.

3

түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонша, соншалық сөздерінен болса

Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады.

4

жалғаулықсыз қарсылықты салалас

Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын.

5

жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе,

Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді.

6

мақал-мәтелде ерекше мән бере айтылған шартты бағыныңқы сабақтаста

Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі.

7

мақал-мәтелде ой ықшамдалып айтылғанда

Асыл – тастан, ақыл – жастан.

8

төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықша қойылады.

– Қойдым, Тәуке, қойдым, – деді де Сыздық, күлкіге булығып, шығып кетті.

9

жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылады.

Осы жерден сенбі күндері Алматы – Астана бағытында автобус қатынайды.

БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША





Қойылатын орны

Мысалы

1

бастауыш (зат есім)―

баяндауыш (зат есім)

Бөрік – адамға көрік.

2

бастауыш (сілтеу есімдігі)― баяндауыш (зат есім)

Бұл – үлкен қуаныш.

3

бастауыш (3-жақ жіктеу есімдігі) ― баяндауыш (зат есім)

Ол - әйгілі әнші.

4

бастауыш та, баяндауыш та заттанған сын есім(сан есім, есімше)ден болса

Ер жігіттің екі сөйлегені ― өлгені.

5

бастауыш (тұйық етістік) ― баяндауыш (зат есім)


Оқу – білім бұлағы.

Алдау – зұлымдық,

Алдану – ақымақтық.

6

бастауыш (зат есім) ―

баяндауыш (тұйық етістік)


Менің мақсатым – еліме пайдалы азамат болу.




бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден болса

Жер тағдыры – ел тағдыры.

7

бастауыш (сан есім) ―

баяндауыш (сан есім)


Бес жерде бес – жиырма бес.

ҚОС НҮКТЕ




Қойылатын орны

Мысалы

1

бірыңғай мүшелердің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін

Жиналыста сөз сөйлегендер: Асанов пен Қалиева.

2

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін

Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.

3

Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады.

Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар: біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі - оны түсінетін адамның жоқтығы.

4

Төл сөздің алдында келген автор сөзінен кейін қойылады.

Сағит ең алдымен Ботагөзге:

Сүйінші!– деді.

ЖАҚША




Қойылатын орны

Мысалы

1

Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады.

Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді.

2

Цитатаның авторы жақшаға алынады.

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз.

(Абай).

3

Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады.

Нұрхан (көзінің жасын сілкіп). Қой, шырағым, сескеніп қаларсың.

ТЫРНАҚША





Қойылатын орны

Мысалы

1

Дәйексөз тырнақшаға алынады.

"Абай – қазақтың бас ақыны" деген Ахметтер де өмірден өтті.

2

Төл сөз тырнақшаға алынады.

Шешесі қызынан сұрады: "Ақшаны қайда қойдың?"

3

Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады.

“Ақыл - жастан” демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен.

4

Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады.

Қазақта "құлақтан кіріп бойды алар" қаншама әдемі әндер бар.

5

Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.

Әжемнің маған айтқан "алтыным", "қошақаным" деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

6

“Де” дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады.

“Сабаққа бармаймын”-ды қой.

7

Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады.

Жаны тәттілердің” жағдайын жасап жүре береміз бе?

8

Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады.

«А» - жуан дауысты дыбыс.

9

ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынып жазылады.

“Шың-кітап” баспасы. “Ана тілі” газеті. “Абай жолы” романы.

ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ




Қойылатын орны

Мысалы

1

Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?!


2

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына үтір, сызықша қойылады.

Ол өтініп сұрады, – бермедім.

3

Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгісімен; тырнақша мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойыла береді.

– Онда... – не дерін біле алмады.

– Солай, солай, шырағым, – деді.

Неге? – деді Сағит тұрған үйінен кемдік көрді ме деген оймен.

4

Сұраулы және лепті сөйлемнен кейін ой аяқталмаса, сұрау мен леп белгілерінен кейін көп нүкте қойылады.

Алған сыйлығың құтты болсын!.. Болсын!.. Біз қашан алады екенбіз, ә?..