ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 336
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………
Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………
Леп белгісі……………………….……………………………
Сұрау белгісі……………………………………………………
Көп нүкте…………………………………….…………………
Нүктелі үтір……………………………………………………
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
ҮТІР
| Қойылатын орны | Мысалы |
| Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде | Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі ғылымға жүгініпті. |
1 | бірыңғай мүшелердің арасында жалғаулық шылау қайталанып тұрса5 | Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен. |
2 | Оңашаланған айқында-уыштың екі шетіне | Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын. |
3 | Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына | Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды. |
4 | Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қойылады. | – Жеңеше, – деді кетерінде, – кірпіш тауып қойыңыз. |
5 | Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстарма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына үтір қойылады. | қаратпа сөз: Балам, ертерек кел. қыстарма сөз: Әрине, ертең сабақ болады. Одағай: Жүрегім, ойбай, соқпа енді. |
НҮКТЕЛІ ҮТІР
№ | Қойылатын орны | Мысалы |
1 | санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің (сөздердің) арасына қойылады. | Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет-ғұрып-тық қағидалар қамтылған: 1.Мүлік заңы ; 2.Қылмыс заңы; 3.Әскери заң; т.б |
2 | өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына | Ұл мен қыздың қызығы – Тілі анық шыққанша; Мергендіктің қызығы – Көздеген аңын жыққанша; Жүйрік аттың қызығы – Шомылып терге лыққанша; Татулықтың қызығы – Кеудеңнен жаның шыққанша; |
3 | Сөздікте сөздердің түсініктемесінен кейін | Майе. араб. 1. ағатын, сұйық; 2. сұйықтық; парсы. 1. сұйық, ағатын; 2. сұйықтық; |
СЫЗЫҚША
№ | Қойылатын орны | Мысалы |
1 | бірыңғай мүшеден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан | Мен, Әсет, Самат – үшеуміз доспыз. |
| жалпылауыш сөзбен келген бірыңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе | Мыналар: Сырдария мен Амудария – Аралға құяды. |
2 | оңашаланған айқындауыштың екі жағынан | Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алды. |
3 | түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонша, соншалық сөздерінен болса | Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады. |
4 | жалғаулықсыз қарсылықты салалас | Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын. |
5 | жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе, | Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді. |
6 | мақал-мәтелде ерекше мән бере айтылған шартты бағыныңқы сабақтаста | Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі. |
7 | мақал-мәтелде ой ықшамдалып айтылғанда | Асыл – тастан, ақыл – жастан. |
8 | төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықша қойылады. | – Қойдым, Тәуке, қойдым, – деді де Сыздық, күлкіге булығып, шығып кетті. |
9 | жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылады. | Осы жерден сенбі күндері Алматы – Астана бағытында автобус қатынайды. |
БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША
| Қойылатын орны | Мысалы |
1 | бастауыш (зат есім)― баяндауыш (зат есім) | Бөрік – адамға көрік. |
2 | бастауыш (сілтеу есімдігі)― баяндауыш (зат есім) | Бұл – үлкен қуаныш. |
3 | бастауыш (3-жақ жіктеу есімдігі) ― баяндауыш (зат есім) | Ол - әйгілі әнші. |
4 | бастауыш та, баяндауыш та заттанған сын есім(сан есім, есімше)ден болса | Ер жігіттің екі сөйлегені ― өлгені. |
5 | бастауыш (тұйық етістік) ― баяндауыш (зат есім) | Оқу – білім бұлағы. Алдау – зұлымдық, Алдану – ақымақтық. |
6 | бастауыш (зат есім) ― баяндауыш (тұйық етістік) | Менің мақсатым – еліме пайдалы азамат болу. |
| бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден болса | Жер тағдыры – ел тағдыры. |
7 | бастауыш (сан есім) ― баяндауыш (сан есім) | Бес жерде бес – жиырма бес. |
ҚОС НҮКТЕ
№ | Қойылатын орны | Мысалы |
1 | бірыңғай мүшелердің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін | Жиналыста сөз сөйлегендер: Асанов пен Қалиева. |
2 | Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін | Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес. |
3 | Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады. | Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар: біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі - оны түсінетін адамның жоқтығы. |
4 | Төл сөздің алдында келген автор сөзінен кейін қойылады. | Сағит ең алдымен Ботагөзге: Сүйінші!– деді. |
ЖАҚША
№ | Қойылатын орны | Мысалы |
1 | Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады. | Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді. |
2 | Цитатаның авторы жақшаға алынады. | Болмасаң да ұқсап бақ Бір ғалымды көрсеңіз. (Абай). |
3 | Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады. | Нұрхан (көзінің жасын сілкіп). Қой, шырағым, сескеніп қаларсың. |
ТЫРНАҚША
| Қойылатын орны | Мысалы |
1 | Дәйексөз тырнақшаға алынады. | "Абай – қазақтың бас ақыны" деген Ахметтер де өмірден өтті. |
2 | Төл сөз тырнақшаға алынады. | Шешесі қызынан сұрады: "Ақшаны қайда қойдың?" |
3 | Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады. | “Ақыл - жастан” демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен. |
4 | Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады. | Қазақта "құлақтан кіріп бойды алар" қаншама әдемі әндер бар. |
5 | Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады. | Әжемнің маған айтқан "алтыным", "қошақаным" деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді. |
6 | “Де” дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады. | “Сабаққа бармаймын”-ды қой. |
7 | Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады. | “Жаны тәттілердің” жағдайын жасап жүре береміз бе? |
8 | Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады. | «А» - жуан дауысты дыбыс. |
9 | ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынып жазылады. | “Шың-кітап” баспасы. “Ана тілі” газеті. “Абай жолы” романы. |
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ
| Қойылатын орны | Мысалы |
1 | Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады. | Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда?! Еңсесі биік боз орда Еңкейе кірер күн қайда?! |
2 | Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына үтір, сызықша қойылады. | Ол өтініп сұрады, – бермедім. |
3 | Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгісімен; тырнақша мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойыла береді. | – Онда... – не дерін біле алмады. – Солай, солай, шырағым, – деді. – Неге? – деді Сағит тұрған үйінен кемдік көрді ме деген оймен. |
4 | Сұраулы және лепті сөйлемнен кейін ой аяқталмаса, сұрау мен леп белгілерінен кейін көп нүкте қойылады. | Алған сыйлығың құтты болсын!.. Болсын!.. Біз қашан алады екенбіз, ә?.. |