ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 5786
Скачиваний: 195
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Looking for a job. (after M. Gold)
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
Экологиялық пирамида және қоректену тізбегі
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСТЕРІ
Looking for a job. (after M. Gold)
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық Физика
The Joy and Enthusiasm of Reading
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық Физика
Тотығу- тотықсыздану реакциялары №2
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ІРІ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АУДАНДАРЫ
Жаһандану дәуірінде ұлттық сананы қалай қалыптастырамыз?
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық Физика
География
Халықтар географиясымен – демография ғылымы айналысады. Халықтың ұлттық құрамы этностық белгілеріне байланысты. Діни-қоғамдық сананың бір түрі (бір Құдайға деген сенімге негізделген түсінік). Дін әрбір елдің саяси және экономикалық өміріне, тұрмыс-тіршілігіне, салтына, демографиялық және этникалық үдерістеріне үлкен ықпал етеді. Демографиялық талдау халық санын анықтаудан басталады. Жер шары халқы бастапқыда баяу өскен.
Халықтың ұдайы өсуін сипаттау үшін Туған адамдармен өлген адамдардың ара -қатынасын анықтау - абсолюттік және халықтың ұдайы өсуін пайызбен 100 немесе 1000 промиллемен шаққандағы коэффициенттер - салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер арқылы есептелінеді. Кең мағынасында, шынайы қозғалыс, көші-қон, адамдардың бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы негізінде халықтың үнемі жаңарып отыруы алынады.
-
Әлемдік діндер:-
иудаизм, буддизм, индуизм; -
христиан, ислам, идуаизм; -
буддизм, христиан, ислам; -
конфуциандық, буддизм, христиан; -
ислам, христиан, синтоизм.
-
-
Халықтың ұдайы өсуінің бірінші типі қандай елдерде таралған?-
Солтүстік Америка, Жапония, Ресей, Қытай; -
Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония, Аустралия; -
Жапония, Еуропа, Ресей, Аустралия; -
Аустралия, Үндістан, Франция, Жапония; -
Франция, Үндістан, Қытай, Қазақстан.
-
-
Қазақстандағы халқының саны жөнінен 3-орын алатын диаспора: A.Түріктер;
B. Орыстар;
C. Ұйғырлар; D.Өзбектер;
E. Украиндер.
-
10 000 000 халқы бар бір А мемлекетінде жыл бойында 360 000 балалар туылып, 120 000 адам қайтыс болды. Халықтың табиғи өсімі және туу коэффициентін есептеңіз.
A. 240 000 адам, 36 ‰;
B. 200 000 адам, 35 ‰
C. 140 000 адам, 26 ‰
D. 10 000 адам, 13 ‰;
E. 300 000адам. 37 ‰
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСТЕРІ
География – жаратылыстану ғылымы туралы білімді, жердің біртұтастығы жайлы ұғымды, табиғат, қоғам, экономика арасындағы байланыспен, одан туындайтын заңдылықты, Жер бетін қалыптастырушы сыртқы және ішкі күштердің әсерінен туындайтын табиғи құбылыстардың заңдылығын зерттейтін ғылым. Сонымен бірге, географ-ғалымдар эколог мамандармен бірлесе отырып, табиғатқа тигізетін адам әрекетінің әсерін зерттейді.
Физикалық география зерттелу компоненттері бойынша бөлінеді. Ол өзен, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, метеорологиялық элементтер, мұздықтар, топырақ тәрізді компоненттерден тұрады. География ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу мәселелері өте ауқымды.
-
«География» термині қандай мағынаны білдіреді?-
«Табиғатты сипаттап жазу»; -
«Халықты сипаттап жазу»; -
Өсімдік әлемі; -
Жануарлар дүниесі; -
«Жерді сипаттап жазу».
-
-
Мұздықтарды зерттейді:-
Гляциология; -
Ландшафтану; -
Геоморфология; -
Климатология; -
Метеорология.
-
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық атласы» қай жылы жарық көрді?
A. 2013;
B. 2015;
C. 2010;
D. 2008;
E. 2011.
-
Ең ірі географиялық ғылыми мекемелер:-
Қазақстан Ұлттық Гидрометеорологиялық қызметі, Қазақ географиялық қоғамы; Сейсмология институты; -
География институты, Сейсмология институты, Қазақстан Ұлттық Гидрометеорологиялық қызметі, Қазақ географиялық қоғамы; -
Сейсмология институты, Қазақстан Ұлттық Гидрометеорологиялық қызметі, Қазақ географиялық қоғамы; -
Қазақ географиялық қоғамы, География институты, Еуразия Ұлттық университеті.
-
ІІ нұсқа
Оқу сауаттылығы
Нұсқаулық:Мәтіндімұқиятоқып,берілгентапсырмаларғадұрысжауап беріңіз.
ГМО қайдан келді?
-
Ғалымдардың болжауынша, жер шары небәрі 12 млрд адамды асырауға есептелген. Қазіргі таңда дүниежүзіндегі халықтың саны 8 миллиардқа жетіп отыр. Әлемде жыл сайын 1 миллион адам аштықтан қырылады екен. Демек, алдағы уақытта күллі адамзат азық-түлік тапшылығын тартады деген сөз. Осы түйткілді мәселені алдын ала болжап білген ғалымдар генетикалық құрамы өзгертілген өнімдерді жасап шығарды. -
Оның түп-тамыры 1952 жылы ДНҚ-ның молекулалық құрылымын ашқан америкалық биологтар Джеймс Уотсон мен Фрэнсис Криктің ғылыми жаңалығынан бастау алады. Олар генетикалық материалдың ұрпақтан- ұрпаққа берілуіне, сақталуына, дамуы мен қызметіне ДНҚ жауапты екенін анықтағаннан кейін 1972 жылы тағы бір америкалық биохимик Т.Берг екі түрлі организмнің ДНҚ молекулаларын бір-біріне қосып, бұрын-соңды болмаған басқа бір түрін құрастырып шықты. Осылайша, ол жануарлар, өсімдіктер және басқа да организмдерді будандастыру арқылы қолдан көбейтуге, өсіруге болатынын ашты. Гендік инженерия саласында ашылған бұл тәсіл алғашында өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылды. Кейін астықты бірнеше есеге көбейтуге, тағамды молайтуға қолданыла бастады. Осы әдісті іліп әкеткен Қытай 1992 жылы пестицидтер қосылған темекі өндіріп шығарды. Содан кейін камбала балығының генін қосып, суыққа төзімді қызанақтар өндірді. Осылайша, ГМО дәуірі басталды. 1993 жылы ГМО қосылған жасанды тағамдар жаппай сатылымға түсе бастады. Қазақстанға да трансгендік өнімдер осы кезде таралды. -
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар пайда болғаннан бері әлемде трансгендік өнімдер туралы неше түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ ешқайсысына қатысты нақты ғылыми тұжырымдалған дәлел жоқ. Қазір көптеген елдерде гендік өзгеріске ұшыраған жаңа өнімдер шығарылуда. Бұл өнімдер жылдан-жылға көбеймесе, азаймайды. Қайсыбіреулер гендік модификацияланған азық-түлік ісік ауруларын туғызады, ағзаны зақымдайды, генді бұзады, иммунитетті төмендетеді деп айтады. Дегенмен адамның гені тамаққа бола бұзыла салатындай оңай нәрсе емес. Оның бірнеше қабаттан тұратын қорғаныс күші бар. Ағзаның генетикалық кодын бұзу үшін радиация мен химиялық жойқын күш керек. Қайта құрылымы, пішіні өзгерген тамақтың құрамы әртүрлі дәрумендермен байытылып, нәрлілігі арта түседі. -
Кезінде жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің ерекше сортын, пайдалы микроорганизмдердің штампын жаңартып шығаратын селекция әдісі пайда болған кезде әлем дүрлігіп, оған қарсы тұрды. Бүгінде оның
пайдасы күмән келтірмейтін болды. Сондықтан тағамды молайтуға мүмкіндік жасап отырған технологияның шыққанына қуану керек шығар.
-
Сонымен қатар гендік модификацияланған өнімдерді зиянды деп есептейтін мамандар да баршылық. Негізінен, генетикалық тұрғыдан өзгеріске ұшыраған ағзалардың адамға қалай әсер ететінін білу үшін ұзақмерзімді зерттеулер қажет. ГМО, әсіресе, енді жетіліп келе жатқан организмге қауіпті. Сондықтан балалардың тамағына трансгендік қоспаларды араластыруға болмайды деген пікірді ұстанушылар да көп кездеседі. -
Қысқасы, генетикалық тұрғыдан өзгертілген өнімдер туралы, оның адам ағзасына әсері жөнінде нақты ғылыми дәлелденген байлам болмайынша, ГМО тақырыбы күмәнді болып қала бермек. (393 сөз)
ГМО:АШТАНЕМЕС,АСТАНӨЛМЕЙІК–«Жәрдем»(zhardem.kz)
-
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз
-
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар пайдалы. -
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар зиянды. -
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарға қатысты зерттеулер көп. -
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарға қатысты зерттеулер аз. -
ГМО тағамдар 12 млрд адамды асырай алады.
-
ГМО-ның пайда болуына себепкер болған ауқымды мәселе
-
Адамзаттың азық-түлік тапшылығына ұшырау қаупі. -
Әр түрлі организмдердің ДНК-ларының араласа алуы. -
Камбала балығының генін қосып қызанақ өндіруге болғаны. -
Гендік инженерия саласының ашылуы. -
ДНҚ-ның молекулалық құрылымының ашылуы.
-
Үшінші азатжолдағы ойға сәйкес келетін азатжолды көрсетіңіз
-
1 -
2 -
4 -
5 -
6
-
Суыққа төзімді өсімдіктер ойлап шығаруға бастама болған тәсіл.