Файл: Абай обласы білім басармасыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Абай обласы білім басқармасының


«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
«Информатика» пәнінен

«Ақпаратты қорғау әдістері» тақырыбында семинар сабақ әдістемелік әзірленім

Дайындаған арнайы пәндер

оқытушысы: Г.Қ.Қайырбекова

2022-2023 оқу жылы

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-2 отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама №__ «_ »______2023 ж.

Циклдық комиссия төрайымы ____ Исмагилова П.Е.

Кіріспе

Семинар – сабақ бұл танымдылықтың белсенді бір түрі болып табылады. Бұл сабақта оқытушының жетекшілігімен оқушылар әртүрлі білім қайнар көздері бойынша материалдарды оқып, есептерді ұжымдасып талдап, шығарып және өздік жұмыстарын бағалайды. Осындай белсенді сабақтарда оқушыларда әдебиеттермен жұмыс жасау, шығармашылық ой қабілеттері дамиды.

Семинардың сабақтардын міндетті элементтерінің бірі өздігімен оқу нәтижесін ұжымдасып талдау болып табылады. Семинар консультация сияқты оқу формасымен тығыз байланысты болып табылады.

Семинардың негізгі функциялары:

Оқытушылық – оқылатын материалды өздігімен талдау дағдыларын, теориялық және тәжірибелік сұрақтарды белсенді талдауын қалыптастырды, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, бекітеді.

Тәрбиелік – оқушылардың талқылау кезінде принципшілдігін қалыптастырады, жеке қасиеттерін қалыптастыруға әрекет етеді.

Бақылаушы оқушылардың сабаққа жүйелі түрде дайындалу деңгейін, болашақ мамандығына тәжірибелік дайындығын және өздігімен дайындалу сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Мақсаты: өзігімен ойлау дағдыларын қалыптастыру, мәселені топтасып талдау, оқушылардың семинар тақырыбына қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.

Дайындық кезеңі:

  1. Семнарға тақырып және тапсырмалар дайындау

  2. Оқушыларды тапсырмалармен таныстырып, талдау, түзетулер енгізу

  3. Тапсырмаларды оқушыларға бекіту: жалпы, топтасып, жеке

  4. Оқушылардың материалдарды дайындау, жинақтау

  5. Оқушыларға консультация беру

  6. Сабақты өткізу

Әдістемелік әзірленім

Семинар негізгі 3 кезеңге бөлінеді: оқытушының сөзі, жоспардың пунктерін талдау, жасаған жұмыстарына қорытынды жасау.

Сабақтың басында оқытушы тақырыпты айтып, оны оқу мақсатымен, оның курс тақырыбындағы маңыздылығымен таныстырады. Бұл бөлімге 4-5 минут уақыт беріледі.


Оқытушының сөзінен кейін басндама дайындаған оқушыларға сөз беріледі. Оқушылар баяндамашыға ескерту жасауға болмайды, себебі баяндама жасаған оқушы тақырып бойынша ақпараты мол.

Оқушылардың дайындығына байланысты келесі варианттарды қолдануға болады:

- сөзді нақты бір оқушыға беру

- қосымша тақырып бойынша өз еркімен сөз сөйлейтін оқушыларға сөз беру

- сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларды әңгімеге тарту

Семинар оқытушының сөзімен аяқталады, онда оқытушы талдау нәтижесін, тақырыптың маңыздылығын, басқа тақырыптармен байланысы туралы айтып өтеді. Мұнда оқушыларды бағалауда ерекше назар аударылуы тиіс. Баяндама жасаған оқушылар олардың опоненттеріне, талдауда белсенділік танытқан оқушылар аталып өтеді.

Қорытынды

Берілген семинар-сабақ оқушыларды белсенділіктерін арттыруға, оқушылардың білімдерін объектілі бағалауға, оқушыларға ұжымдасып жұмыс жасауға, өз ойын жеткізе білуге тиімді.

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

Сабақ жоспары №11
  Модуль /пән атауы: «Информатика»

  Дайындаған педагог: Қайырбекова Г.Қ.

  1. Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ:

ІІ курс, 2021-2022 оқу жылы, 21 ЕА-1,21 ЕА-2 ,21 ЕА-4,21 ЕА-5 21 МС-1 21 BQ-1

Сабақ типі

дәріс

  1. Мақсаты, міндеттер

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Ақпаратты қорғау әдістерін қарастырады



  1. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Г.И.Салгараева. Информатика. Учебник для 11 класса


Техникалық құралдар, материалдар

Дербес компьютер, слайд, интернет

  1. Сабақтың барысы

4.1.

Ұйымдастыру

  1. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Оқушылармен амандасу

  3. Оқушыларды түгендеу

  4. Сабақтың мақсатымен таныстыру

4.2.

Үй тапсырмасын сұрау.

Жалпы қайталау сұрақтары студенттер бір-біріне сұрақ қояды

4.3.

Жаңа сабақ

Курс тақырыбы: Компьютерлік жүйелер

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау әдістері


4.4

Жаңа сабақты бекіту

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау деген не?

  2. Ақпаратты қорғау қажеттілігі туындаған жағдайда не істеу керек?

  3. Ақпараттың қауіпсіздік шаралары қандай жағдайда қолданылады?




4.5.

Студенттерді бағалау.


  1. Сабақ бойынша рефлексия

Смайлик арқылы немесе келесі сөздер арқылы сабаққа деген көзқарас:

белсенді / немғұрайлы

Көңілім толды / толмады

ұзақ / қысқа немесе тез

шаршамадым / шаршадым

жақсарды / төмендеді

түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

Қызықты / қызықсыз

  1. Үй тапсырмасы

Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдарын түсіндіріңдер және сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Қалай ойлайсыңдар, ақпараттық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?

2. Өз компьютеріңде ақпараттық қауіпсіздік қалай



Дәріс №11


Курс тақырыбы: Компьютерлік жүйелер

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау әдістері



Ақпараттық қауіпсіздікті қам- тамасыз етуде ең бастысы – қауіп- сіздік шараларын сақтау. Қауіпсіз- дікті қамтамасыз етуде ақпаратты қорғаудың техникалық, програм- малық, ұйымдастырушылық ша- раларын қолдану маңызды.

Ақпаратты қорғаудың техни- калық шараларына бейнебақылау мен дабыл жүйелерін, ақпараттың таралуы мүмкін барлық жолдарды бұғаттап, алдын алатын басқа да құралдарды жатқызуға болады.

Ақпаратты қорғаудың программалық шаралары – белгілі бір деректердіңқолжетімдігінепарольорнату, мәтіндішифрлау, файлдарды уақытша жою мен қауіпті программалардан қор- ғауды қамтамасыз ету.

Ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына байланыс арналарын оларға қолжетімдік барынша қиын бола- тындай етіп тарату мен ұйымның қауіпсіздік саясаты жатады.

Қауіпті программалардың ақпаратқа тигізетін басты зияны – ақпаратты жойып жіберу немесе құпия ақпараттың кілтін жою. Осындай зардапты болдырмас үшін маңызды ақпа- раттардың резервтік көшірмесін сақтап қою керек. Егер мұндай шараларды жасамайтын болсақ, онда өз файлдарымызды қайта қалпына келтіре алмай, жоғалтып аламыз.

Қандай файлдардың резервтік көшірмесін жасау маңызды екендігі жайында қарастырайық. Әрине, ең алдымен өзіміз үшін маңызды жеке файлдардың көшірмесін жасау қажет. Себебі, егер келеңсіз жағдай орын алатындай болса, онда әрқашан операциялық жүйені қайта орнатып, қажетті програм-
маларды жүктей аламыз, ал жекелеген файлдарды қалпына келтіру мүмкін емес. Сол үшін де компьютердегі құжаттар, суреттер, бейнежазбалар мен кез келген жеке ақпараттардың резервтік көшірмесін жасау программасын жиі қосып отыру керек.





  1. Ақпараттық қауіпсіздік шаралары қалай жүзеге асыры- лады?

  2. Ақпараттың қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы неде?

\

Кестені ақпаратты қорғаудың қауіпсіздік шараларының сипаттамасымен толтырыңдар:

Ақпаратты қорғаудың қауіпсіздік шаралары

Сипаттамасы

Техникалық




Программалық




Ұйымдастырушылық





Оқытушы Қайырбекова Г.Қ.

қолы аты-жөні