Файл: Химия пнінен жиынты баалауа арналан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 168

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Химия» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
11-сынып

(жаратылыстану-математикалықбағыт)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушының «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған 11-сыныпта жиынтық бағалау 1, 2, 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

Әдістемелік ұсыныс жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 15

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 34

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 52
  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

11.1А «Ароматты қосылыстар қатары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау






Оқу мақсаты

11.4.2.12

Бензол молекуласының құрылымын түсіндіру




11.4.2.13

Бензол

және оның

гомологтарын алу







реакцияларын құрастыру




11.4.2.15

Бензол және оның гомологтарына тән қосылу







реакцияларының теңдеулерін құрастыру




11.4.2.16

Бензолды

нитрлеу

және галогендеу







реакциясының механизмін түсіндіру




11.4.2.18

Толуол молекуласындағы атомдардың өзара







әсерлесуін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Білімалушы

  • Бензол молекуласының құрылымын сипаттайды

  • Бензол және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін құрастырады

  • Бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырады

  • Бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизіміне сипаттайды

  • Толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіреді

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Білу және түсіну Қолдану

Орындалу уақыты

20 минут




Тапсырмалар


  1. (а) Неміс химигі Кекуле бензол молекуласындағы алты көміртек атомы цикл жасап тұйықталады және көміртек атомдары өзара қос байланыс пен дара байланыс арқылы кезектесіп жалғасады деп, бензолдың құрылымдық молекуласын ұсынған. ХХ ғасырдың басында бензол молекуласында көміртек атомдары теңбүйірлі алтыбұрышта орналасатыны түсіндірілді.




    1. Бензол молекуласының эмпирикалық формуласын жазыңыз:

    2. Бензол молекуласының құрылымын сипаттау үшін Кекуленің алтыбұрышты құрылымдық формуласына қарағанда электрондар делокализациясы көрсетілген формуланың анағұрлым нақты және дұрыс көрсетілгендігіне үш дәлел келтіріңіз.


  1. Бензол және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін аяқтаңыз:



  1. Бензол мен оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырыңыз. Реакциялардың жүруінің жағдайларын көрсетіп, түзілген өнімдерді атаңыз:

    1. С6Н6 + Cl2




    1. бензолдың толық гидрлену реакциясы:




    1. толуолдың толық гидрлену реакциясы:




  1. Барлық ароматты көмірсутектер орынбасу реакциясына жеңіл түседі, ал қосылу реакциясына қиын түседі.




    1. Нитрлеу реакциясының теңдеуін сатылы түрде аяқтап, реакцияның жүру механизмін түсіндіріңіз:


НО NO2 + 2H2SO4 NO2+ + H3O+ + 2HSO4-



    1. Галогендеу реакциясының теңдеуін аяқтаңыз, реакцияның механизмін

түсіндіріңіз:




  1. Бензол гомологтары С6Н5–R бензолмен салыстырғанда орынбасу реакциясына белсенді түседі. Толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін төмендегі схема негізінде түсіндіріңіз.




Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білімалушы

Бензол молекуласының құрылымын сипаттайды

1

бензол молекуласының эмпирикалық

формуласын жазады;

1

электрондар делокализациясы көрсетілген формуланың анағұрлым нақты және дұрыс көрсетілгендігіне үш

дәлелкелтіреді;

3

Бензол және оның гомологтарын алу реакцияларының

теңдеулерін құрастырады

2

бензол және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін жазады;

4

Бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырады

3

бензол мен оның гомологтарына

қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырады;

1

реакцияның

көрсетеді;

жүру

жағдайларын

1

реакция өнімдерін атайды;

1

Бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизімін сипаттайды

4

нитрлеу реакциясының теңдеуін

сатылы түрде жазады;

2

реакцияның

түсіндіреді;

жүру

механизмін

1

галогендеу реакциясының теңдеуін

сатылы жүрде жазады;

3

реакцияның

түсіндіреді;

жүру

механизмін

1

Толуол молекуласындағы атомдардың өзара

әсерлесуін түсіндіреді

5

толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіреді.

2




Барлығы




20


11.1 A «Ароматты қосылыстар қатары» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні


Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Бензол молекуласының құрылымын сипаттайды

Бензол молекуласының эмпирикалық формуласын жазуда, электрондар делокализациясы көрсетілген формуланың анағұрлым нақты және дұрыс көрсетілгендігіне үш дәлел келтіруде қиналады

Бензол молекуласының эмпирикалық формуласын жазуда / электрондар делокализациясы көрсетілген д формуланың анағұрлым нақты және дұрыс көрсетілгендігіне 1 /2 /3 дәлел келтіруде қателіктер жібереді

Бензол молекуласының эмпирикалық формуласын жазады, электрондар делокализациясы көрсетілген формуланың анағұрлым нақты және дұрыс көрсетілгендігіне үш дәлел келтіреді

Бензол және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін құрастырады

Алкилдеу реакциясының көмегімен жүретін реакцияның теңдеуін жазуда, тримерлеу реакциясының теңдеуін жазуда, циклді көмірсутектерден ароматты көмірсутектердің алыну реакциясын жазуда қиналады

Алкилдеу реакциясының көмегімен жүретін реакцияның теңдеуін жазуда/ тримерлеу реакциясының теңдеуін жазуда/ циклді көмірсутектерден ароматты көмірсутектердің алыну реакциясын жазуда қателіктер жібереді

Алкилдеу реакциясының көмегімен жүретін реакцияның теңдеуін жазады, тримерлеу реакциясының теңдеуін жазады, циклді көмірсутектерден ароматты көмірсутектердің алыну реакциясын жазады

Бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырады

Бензол мен оның гомологтарына қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыруда, реакцияның жүру жағдайларын көрсетуде, реакция өнімдерін атауда қиналады

Бензол мен оның гомологтарына қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыруда/ реакцияның жүру жағдайларын көрсетуде/ реакция өнімдерін атауда қателіктер жібереді

Бензол мен оның гомологтарына қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастырады, реакцияның жүру жағдайларын көрсетеді, реакция өнімдерін атайды





Бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизімін сипаттайды

Нитрлеу реакциясының теңдеуін сатылы түрде жазуда, галогендеу реакциясының теңдеуін сатылы жүрде жазуда, реакциялардың жүру механизмін түсіндіруде қиналады

Нитрлеу реакциясының теңдеуін сатылы түрде жазуда/ галогендеу реакциясының теңдеуін сатылы жүрде жазуда/ реакциялардың жүру механизмін түсіндіруде қателіктер жібереді

Нитрлеу реакциясының теңдеуін сатылы түрде жазады, галогендеу реакциясының теңдеуін сатылы жүрде жазады, реакциялардың жүру механизмін түсіндіреді

Толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіреді

Толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіруде қиналады

Толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін (электрон тығыздығының ығысуын/

электрофильді реагенттердің бағытталуын) түсіндіруде қателіктер жібереді

Толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіреді
    1. В «Карбонильді қосылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Оқу мақсаты

11.4.2.1

11.4.2.2

11.4.2.3
11.4.2.5

11.4.2.8

Альдегидтер және кетондардың, карбон қышқылдарының функциональды топтарының құрылысын білу

Альдегидтер және кетондардың, карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атау

Альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру

Альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану өнімдерінің реакция теңдеулерін құрастыру

Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Бағалау критерийлері

Білімалушы

  • Альдегидтер және кетондардың, карбон қышқылдарының функционалды топтарының құрылысын сипаттайды

  • Альдегидтер және кетондардың, карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастырып және оларды Теориялық, қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атайды

  • Альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін сипаттайды

  • Альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастырады

  • Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындалу уақыты

20 минут





Тапсырмалар

1.

  1. Альдегид, кетон және карбон қышқылдары функционалдық топтарының құрылысын көрсетіңіз.

O

C

  1. Карбонил тобындағы қос байланыс пен этилен көмірсутектеріндегі қос



C C

байланыстың ұқсастығы және айырмашылығы қандай?