Файл: Химия пнінен жиынты баалауа арналан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 173

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

    1. А «Металдар өндірісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Бөлім




«Металдар өндірісі»

Оқу мақсаты

11.2.3.1

Металдарды алудың маңызды әдістерін талдау:







гидрометаллургия, пирометаллургия,







электрометаллургия және олардың







артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау




11.2.3.3

Шойын және болатты алу әдістерін және







қасиеттерін сипаттау




11.2.3.4

Металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;




11.2.3.5

Гальваностегия, гальванопластика процестерін







ажырату




11.2.3.9

Металлургия өнеркәсібінің экологиялық







проблемаларын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Металдарды алудың маңызды әдістеріне талдау жасап және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды

  • Шойын және болат алу әдістері мен қасиеттерін сипаттайды

  • Электролиз әдісі арқылы металдарды алу әдісін түсіндіреді

  • Галваностегия мен гальванопластика әдістерін бір- бірінен ажыратады

  • Металлургия өнеркәсібінен туындайтын экологиялық проблемаларды айқындайды

Ойлау деңгейі

дағдыларының

Білу және түсіну Қолдану

Орындалу уақыты

20 минут




Тапсырмалар

1.

  1. Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді: пирометаллургия, гидрометаллургия, электрометаллургия. Әрбір әдісте жүзеге асатын реакция теңдеуін жазып және әдістердің артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңіз:

  2. Металдар өндірісінде тотықсыздандырғыштар қолданылады.




    1. Электрон ұғымы тұрғысынан тотықсыздандырғыштың қызметін түсіндіріңіз:

    2. Темір өндіруде қолданылатын тотықсыздандырғыштыанықтаңыз. Темір (ІІІ) оксидінен тотықсыздандырғыш арқылы темір алудың тотығу- тотықсыздану реакция теңдеуін жазыңыз.

Тотықсыздандырғыш
Реакция теңдеуі





  1. (a)Кестеде берілген тұжырымдардың «шын» немесе «жалған» екенін көрсетіңіз. Егер тұжырым дұрыс болса, () егер бұрыс болған жағдайда () белгісін қойыңыз.








Тұжырым

Шын ()/ Жалған

()

1

Болат конвертор, мартен, электр пештерінде өндіреді.




2

Шойын қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ ол морт.




3

Болат жұмсақ, әрі морт сынғыш құйма.




4

Трансформаторларда, электромоторларда көбіне темірдің

құймалары шойын мен болат пайдаланылады.




5

Марганец- болаттың беріктігін арттырады, ал кремний- темірді тотықсыздандыратын тотықсыздандырғыш ретінде

қолданады.




6

Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы

алынатын өндеудің бастапқы өнімі.




7

Темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2 %- дан аспайтын болса, оны шойын деп атайды, ал 2 %- дан 6 %- ға дейін болса,

ондай қорытпаны болат деп атайды.




8

Болатқа күкірт пен фосфорды қосады,күкірт болаттың, қажауға және коррозияға төзімділігін кемітеді, ал фосфор-

суықтай морт сыну қасиеттерін береді.





(b)Шойынды балқытудан бұрын неге шихтаға флюс

(әктас немесе доломит) қосатынын түсіндіріңіз.


  1. (a)Төменде берілген сөйлемді аяқтаңыз:



Теріс зарядталған электрод деп аталады.

Электролиз кезінде аниондар тартылады.

Электролиз кезінде катод пен анодта қандай процестер жүзеге асады?




  1. Алюминийді криолитте ерітілген алюминий оксидінен электролиз әдісі арқылы алады.Төменде берілген диаграмма алюминийді электролиз жолымен өндіруді көрсетеді.




    1. Диаграммада анод қандай әріппен белгіленген?

    2. Неліктен алюминийді алу үшін көміртекпен тотықсыздандыруды емес, электролизді қолданады?

    3. еліктен алюминийді электролиз арқылы алу процесінде графит анодтарын үнемі

    4. ауыстыру қажеттілігін түсіндіріңіз.

    5. Алюминийді қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан маңызды екендігінің себебін түсіндіріңіз.

4.

  1. Гальваностегия ол гальваникалық жабындар алу. Гальваникалық жабындар алу техникада түрлі мақсаттар үшін кең түрде қолданылады. Қандай да бір бұйымдардың бетін металдармен қаптаудың электролиздік әдісі гальваникалық жабын деп аталады.

Сіз зергерлік шерберханада жұмыс жасайтыныңызды елестетіңіз. Сіздің негізгі жұмысыңыз шағын темірден жасалған шәйнекті никельмен қаптау делік.


    1. Шағын темір шәйнекті никельмен қаптау үшін шағын шәйнекті қай электродқа (анодқа әлде катодқа) жалғайсыз?




  1. Белгілі бір уақыттан соң никель пластинкасында қандай өзгеріс байқалуы мүмкін?




    1. Темір шегені мыспен қаптау процесінің диаграммасын салыңыз. Электрондардың қозғалу бағытын және иондардың түзілуін көрсетіңіз.




  1. Гальванопластика процесін түсіндіріңіз, гальваностегия мен ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз.

5.

  1. Ескі көліктерді қайта өңдеудің қажеттілігінің екі себебін жазыңыз:




  1. Металлургия өнеркәсібінен туындайтын экологиялық проблемаларын көрсетіп және шешу жолдарын ұсыныңыз.


Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білімалушы


Металдарды алудың маңызды әдістеріне талдау жасап және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды


1

әрбір әдісте жүзеге асатын реакция теңдеуін жазады;

1

әдістерге талдау жасап бір –бірінен ажыратады;

1

электрон ұғымы тұрғысынан тотықсыздандырғыштың қызметін

түсіндіреді;


1


Шойын және болат алу әдістері мен қасиеттерін сипаттайды



2

шойын және болат өндірісі бойынша

шын ұғымды көрсетеді;

1

шойын және болат өндірісі бойынша

жалған ұғымды көрсетеді;

1

шойын мен болат өндіру әдістерін салыстырып бағалайды;

1


Электролиз әдісі арқылы металдарды алу әдісін түсіндіреді



3

электролиз кезінде катод пен анодта

жүзеге асатын процесті көрсетеді;

1

диаграммадан қондырғының бөліктерін

дұрыс атайды;

1

электролиз арқылы алюминий оксидінен

алюминийдің алыну әдісін сипаттайды;

1



Галваностегия мен гальванопластика әдістерін бір-бірінен ажыратады



4

суреттен темір шәйнекті никельмен

қаптау әдісін сипаттайды;

1

темір шегені мыспен қаптау әдісін

диаграмма түрінде көрсетеді;

1

гальванопластика мен галваностегия

процестерінің айырмашылығын көрсетеді;


1


Металлургия өнеркәсібінен туындайтын экологиялық проблемаларды айқындайды



5

ескі көліктерді қайта өңдеудің

қажеттілік себептерін көрсетеді;

1

металлургия өнеркәсібінен

туындайтын экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсынады.


1




Барлығы




14


«Металдар өндірісі»» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған

рубрика Білім алушының аты-жөні


Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Металдарды алудың маңызды әдістеріне талдау жасап және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды

Металдарды алудың маңызды әдістеріне талдау жасап және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттауда қиналады

Әрбір әдісте жүзеге асатын реакция теңдеуін жазуда/ әдістерге талдау жасап бір

–бірінен ажыратуда/ электрон ұғымы тұрғысынан тотықсыздандырғыштың қызметін түсіндіруде қателіктер жібереді

Металдарды алудың маңызды әдістеріне талдау жасап және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды

Шойын және болат алу әдістері мен қасиеттерін сипаттайды

Шойын және болат алу әдістері мен қасиеттерін сипаттауда қиналады

шойын және болат өндірісі бойынша шын ұғымды көрсетуде/жалған ұғымды көрсетуде шойын мен болат өндіру әдістерін салыстырып бағалауда қателіктер жібереді

Шойын және болат алу әдістері мен қасиеттерін сипаттайды

Электролиз әдісі арқылы металдарды алу әдісін түсіндіреді

Электролиз әдісі арқылы металдарды алу әдісін түсіндіруге қиналады

Электролиз әдісі арқылы металдарды алу әдісін түсіндіруде/ диаграммадан қондырғының бөліктерін атауда/ электролиз арқылы алюминий оксидінен алюминийдің алыну әдісін сипаттауда қателіктер жібереді

Электролиз әдісі арқылы металдарды алу әдісін түсіндіреді

Галваностегия мен гальванопластика әдістерін бір-бірінен ажыратады

Галваностегия мен гальванопластика әдістерін бір-бірінен ажыратуға қиналады

Суреттен темір шәйнекті никельмен қаптау әдісін сипаттауда / темір шегені мыспен қаптау әдісін диаграмма түрінде көрсетуде/ гальванопластика мен галваностегия процестерінің айырмашылығын көрсетуде қателіктер жібереді

Галваностегия мен гальванопластика әдістерін бір- бірінен ажыратады