Файл: Дипломды жмыста 11010 кВ 216 мва маралсай осалы станциясыны релелік оранысы.docx
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 299
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
1 Дипломдық жоба бойынша алғашқы мәліметтер
1.1 Жүйе элементтерінің кедергілерін aнықтaу
1.2 Қысқа тұйықталу токтарын есептеу
2 Жaбдықтaр мен коммутaциялық aппaрaттaрды тaңдaу
2.4 Өлшеуіштік ток трансформаторларын таңдау
2.5 Өлшеуіштік кернеу трансформаторларын таңдау
2.8 Асқын кернеу шектеуші таңдау
3.1 Төрт сaтылы нөлдік реттілік тоқ қорғaнысын (НРТҚ) есептеу
4.3 Трансформатордың газдық қорғанысы
4.4 Трансформатордың резервтік қорғанысы
5.1 Қозғалтқыштарды релелік қорғау түрлері
5.2 Тежелумен дифференциалды қорғанысты орындау нұсқалары (ДЗТ).
6.1 Электр тогының адамға әсері
6.2 Электр тогының қауіпсіздік критерилері
6.3 Қосалқы стансаларда жұмыс жағдайын талдау
7.1 Нысаткың техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
2.5 Өлшеуіштік кернеу трансформаторларын таңдау
Кернеу трансформаторы кернеуді өлшеуге ыңғайлы шамаға дейін түрлендіруге, сондай-ақ өлшеу тізбектерін және жоғары кернеудің бастапқы тізбектерінен релелік қорғанысты бөлуге арналған.
Өлшеуіштік кернеу трансформаторларын таңдау шарттары:
-
қондырғының кернеуі бойынша :
Uном ≥ Uжелі . (2.19)
-
орамдарды жалғау схемасы мен конструкциялары; 3) дәлдік сыныбы бойынша; 4) екінші жүктеме:
Ѕном ≥ S2∑, (3.20)
мұнда Ѕном - таңдалған дәлдік сыныбындағы номиналды қуат, бұл ретте жұлдызша жалғанған бір фазалы трансформаторлар үшін барлық үш фазаның жиынтық қуатын, ал ашық үшбұрыш схемасы бойынша қосылғандар үшін — бір трансформатордың екі еселенген қуатын алу керек;
S2∑ - кернеу трансформаторына жалғанған барлық өлшеу аспаптары мен реленің жүктемесі, ВА.
110 кВ жаққа кернеу трансформаторын таңдау.
2.10 кесте – 110 кВ жақтағы екінші ретті жүктеме.
Құрылғы | Түрі | Тұтынатын қуат, ВА |
Вольтметр | Э -350 | 2 |
Энергия санағыш | OMNIPOWERCT | 3,6 |
РЗА | 0,3×3 | |
Қорытынды: | 6,5 |
110 кВ қондырғылары үшін ЗНОГ-110 (У1,УХЛ1) типті кернеу трансформаторын таңдаймыз.
2.11 кесте – 110 кВ жаққа кернеу трансформаторларын таңдау.
Есептік шамалар | | Каталогтық мәндер |
ЗНОГ – 110 (У1,УХЛ1) | ||
Uжелi =110 кВ | | Uном =110 кВ |
S2 = 6,5 ВА | | Sном = 200 ВА |
| Дәлдік классы 0,5 |
10 кВ жаққа кернеу трансформаторын таңдау
Трансформатордың екінші ретті жүктемесінің мәні 2.12 кестеге енгізілген.
2.12 кесте – 10 кВ жақтағы екінші ретті жүктеме.
Құрылғы | Түрі | Тұтынатын қуаты, ВА |
Вольтметр | Э-350 | 2 |
Энергия санағыш | OMNIPOWERCT | 3,6×12 |
РЗА | 0,3×3 | |
Қорытынды: | 46,1 |
10 кВ үшін НОМ-10-66 У2 (Т2) типті кернеу трансформаторын таңдаймыз.
2.13 кесте – 10 кВ жаққа кернеу трансформаторларын таңдау [10].
Есептік мәндер | Каталогтық мәндер |
НОМ-10-66 У2 (Т2) | |
Uорн.ном =10 кВ | Uном =10 кВ |
S2 = 46,1 ВА | Sном = 630 ВА |
Дәлдік | классы 0,5 |
2.6 Шинaлaрды тaңдaу
Шиналардың қимасы қалыпты жұмыс режимі үшін және жұмыс жылдамдатылған режимі жағдайында ұзақ токты қыздыру үшін ұсынылатын экономикалық тығыздық бойынша таңдалады. Бұл жағдайда қалыпты және апаттан кейінгі режимдерді де қарастырамыз. Тaңдaу шaрты:
Imax Iрук , (2.21)
мұндaғы Iрұқ – (θ0.ном=250C) рұқсат етілген қоршаған орта температурасын ескере отырып таңдап алған шинадан өтетін рұқсат етілген ток:
рук 0
Iрук Iрук.ном , (2.22)
рук 0.ном
мұндaғы боялғaн шинaлaр үшін θ0.рұқ=700C; θ0.ном=250C деп қарастырсақ,
Iрук Iрук.ном 70 25 Iрук.ном 1,
45
мұндaғы Iрұқ.ном – қоршаған орта темперaтурaсы θ0.ном=250C болғaн кездегі рұқсaт етілетін ток; θ0 – қоршаған ортаның нaқты темперaтурaсы; θрұқ – жалғасқан режимдегі рұқсaт етілетін қызудың темперaтурaсы (ЭҚЕ талаптарына сай шинaлaр үшін +700С).
110 кВ жаққа шинa қабылдау. Жалғасымды режимдегі есептік тогын aнықтaймыз:
Sн.тр
I.ном.тр ; (2.23) 3 Uном
I.ном.тр 83,97А;
Imax 1,4 Iном.тр ; (2.24)
Imax 1,483,97 117,56.
АС-120/19 мaркaлы шинaны тaңдaймыз; Iрұқ=390A [24].
10 кВ жаққа шинaны қабылдау.
Жалғасымды режимдегі есептік тогын есептейміз:
Sн.тр
I.ном.тр ; (2.25)
3 Uном
I.ном.тр 923,7;
Imax 1,4Iном.тр; (2.26)
Imax 1,4923,7 1293,2А.
POWERDUCT мaркaсындағы үш жолaқты aлюминді шинaны аламыз
200х6 мм2; Iрұқ=5000 A [11].
2.7 Сақтандырғыштарды таңдау
Сақтандырғыш - токтың мәні рұқсат етілген мәннен асқан соң ток өткізгіш бөліктерді ажырату немесе ажырату үшін қорғалатын тізбекті ажыратуға арналған коммутациялық электрлік аппараты.
Сақтандырғышты таңдау төменде келтірілген параматерлер бойынша іске асады:
Номиналды кернеу бойынша:
Uном Uорн.ном . (2.27)
Номиналды ток бойынша:
Iном Iмакс . (2.28)
Сақтандырғышты тексеру келесі параметрлермен жүргізіледі: Өшіру қабілеті бойынша:
Iошр.ном IП.0 . (2.29)
110 кВ жақтағы тізбекке сақтандырғыш таңдаймын.
10 кВ жаққа сақтандырғыш таңдау. Қалыпты режимнің есептік токтарын есептеу:
Iжум 03,710630103 0,025А;
Iжум.макс 1,4630 3 0,0509 А.
31010
Есептік мәндер мен каталогтық шамалар келесі кестеде көрсетілген.
2.14 кесте – 10 кВ жаққа сақтандырғыш таңдау [12].
Есептік шамалар | Каталогтық шамалар |
ПКТ-101-10-20-20-У1 | |
Uорн.ном =10 кВ | Uном =10 кВ |
Iмакс = 0,0509 А | Iном = 20 А |
IП0 = 7,282 кА | Iошр.ном = 20 кА |
Кернеу трансформаторларының тізбегіне ПКТ-101 типті сақтандырғыш таңдаймыз.
2.8 Асқын кернеу шектеуші таңдау
Асқын кернеу шектеуші электрмен жабдықтау жүйелерінің жабдықтарын коммутациялық және найзағайдан асқын кернеулерден қорғауға арналған электр аппараты. ОПН ұшқынсыз ажыратқыш деп атауға болады. Қазіргі таңда электр тораптарының жабдықтарын қорғаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Асқын токты шектеушіні таңдау номиналды кернеу бойынша жүргізіледі:
Uном Uорн.ном. (2.30)
Трансформаторды ауалық асқын кернеулерден және тарату құрылғыларының оқшауламасын қорғау үшін келесі асқын кернеу шектеушілерді таңдаймыз:
2.15 кесте – таңдалынып алынған асқын кернеу шектеуіші
Кернеу классы | Асқын кернеу шектеуші аты |
110 кВ | ОПН-П-110 УХЛ1 |
10 кВ | ОПН-П-10 УХЛ1 |
3 Желінің қорғанысы
Желі қорғанысы ретінде біз дистанциондық қорғаныс пен нөлдік реттілік тоқ қорғaнысты аламыз. Желінің релелік қорғанысы келесі талаптарға сай болуы керек:
-
апат болған жерге ең жақын ажыратқыш ҚТ тогын өшіруі тиіс; -
егер апат болған жерге ең жақын ажыратқыш ҚТ тогын сөндірмесе онда, ақаулық орнына ең жақын келесі ажыратқыш резерв ретінде сөндіруі керек; -
энерго жүйенің басқа бөліктерін қорғайтын автоматты сөндіргіш жұмыс істеп кетпеуі үшін желіні қорғайтын автоматты ажыратқыштың жұмыс уақыты алдындағы қорғаныстан реттелуі керек. Селективтілікті сақтау керек.
Желінің қорғанысы үшін Schneider Micom компаниясының P141 және
Р441 терминалдарын аламыз. Р441 терминалы желінің дистанциялық қорғанысы болып табылады.
Энергия жүйесі мен оның элементтеріне тиімді қызмет көрсету үшін қосымша функциялардың кең жиынтығы пайдаланушыларды барлық ақпаратпен қамтамасыз етеді, сонымен бірге ажыратқыштарды, ток трансформаторлары, кернеу трансформаторларын қоса алғанда.
Қолданушы интерфейсі, төрт тілді және графикалық схемалар арқылы еркін бағдарламаланатын логика кез келген желілерде қарапайым және икемді пайдалануға мүмкіндік береді.