Файл: азастан тарихы пнінен тосанды жиынты баалау спецификациясы 9сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 293

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау:

Бағалау

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут

Тапсырмалар түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

Балл қою кестесі

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Балл саны – 30

Жиынтық бағалаудың құрылымы

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

Балл қою кестесі

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Тапсырма түрлері:

Жиынтық бағалаудың құрылымы

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

Балл қою кестесі

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Балл саны - 30

Жиынтық бағалаудың құрылымы

IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

Балл қою кестесі



«Қазақстан тарихы» пәнінен

тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 9-сынып

2021-2022оқужылы


Нұр-Сұлтан, 2021

МАЗМҰНЫ


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу . 5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

7. Модерация және балл қою 6

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 23

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 31
  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

  1. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер

Білу


  • Қазақстанның ХХ ғасырдан бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;

  • Отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;

  • тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық мәдениеттің маңызды жетістіктерін.




Түсіну


  • тарихтың барлық кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;

  • әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;

  • заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;

  • Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін, әлем тарихындағы оның рөлі мен орнын;

  • Отан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын;

  • өзін Қазақстан Республикасы азаматы ретінде сезінуі нысанында азаматтық және ұлттық біртектілігін;

  • Отан тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін.




Қолдану


  • тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның және әлемнің басқа да елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде;

  • тарихи ойлау дағдыларын: тарихи материалдармен жұмыс кезінде.



Талдау


  • себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды;

  • процестерді; жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын;

  • тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;

  • тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстанның даму үрдістерін;

  • қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;

  • проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;

  • бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;

  • түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.



Жинақтау:


  • жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;

  • қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.




Бағалау


  • тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;

  • әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын;

  • заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен проблемаларды;

  • қазіргі қазақстандық қоғамның әлемдік экономикадағы, саясаттағы және мәдениеттегі рөлін.



  1. Ойлау дағдыларының деңгейі





Ойлау дағдыларының

деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Қазақстанның ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; Отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді; тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық

мәдениеттің маңызды жетістіктерін біледі.

КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтауда деректі қолданады. Тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін; тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде; тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде қолданады.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей дағдылары

Өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау, Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау, демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау, Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру, қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау, қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру, демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау, кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау, қоғамдық- саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау, Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру, Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау, Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау, ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау, нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау, қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу («Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар:рухани

жаңғыру» бағдарламасы).

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар




  1. Тоқсандарға_ойлау_дағдыларының_деңгейіне_байланысты_тексерілетін_мақсаттарды'>Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

0

0

100 %

II

0

0

100 %

III

0

0

100 %

IV

0

0

100 %

Барлығы

0

0

100%



  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14