ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-тарау. Парламенттің мақсаты мен міндеттері
-
Парламент мақсаты: балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау. -
Парламент міндеттері:
-
білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру; -
білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады; -
білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету; -
білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету; -
білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу; -
білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету; -
қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу; -
балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.
-
Білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.
3-тарау. Парламент құрылымы
-
Парламент көшбасшысы сайлауда білім алушылар мен білім беру ұйымының педагогтері сайлайтын Президент болып табылады. -
Президент пен парламент мүшелері бір оқу жылы мерзіміне сайланады. -
Парламент Президенттен, оның орынбасарларынан, парламент фракцияларының басшылары мен мүшелерінен тұрады. Қажет болған жағдайда Парламенттің шешімі бойынша оның құрамына білім алушылар арасынан Парламент мүшелері қосымша сайланады. Парламент мүшелерін сайлау сыныптар мен топтардың жиналыстарында жүзеге асырылады.
4-тарау. Парламент қызметі
-
Парламенттің мектептегі қызметіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, өзін-өзі басқару ұйымының координаторы парламентке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады. -
Парламент Президенті:
-
Парламент қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады; -
өз орынбасарлары, фракция көшбасшылары арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді; -
өз міндеттерін орындау кезінде білім беру ұйымының басшылығы берген құқықтарды пайдаланады.
-
Парламент білім беру ұйымы Парламентінің қызметі туралы Ережені басшылыққа бекітуге ұсынады.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
-
Құқық және тәртіп фракциясы. -
Ақпарат фракциясы (мектептің баспасөз қызметі). -
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы. -
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология). -
Қамқорлық фракциясы (еріктілік). -
Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық). -
Дебат қозғалысының фракциясы. -
Экология және еңбек фракциясы.
-
Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы. -
Парламенттің қызметін жоспарлау білім беру ұйымының жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады. -
Парламент Президенті білім беру ұйымының барлық алқалы органдарының жұмысына қатысады. -
Парламент мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады. -
Парламент білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді тиімді орындау мақсатында педагогикалық ұжыммен өзара іс-қимыл жасайды.
Мектеп-гимназия білім алушыларының
«Зияткер жастар» Парламенті
«Зияткер жастар» Парламенті – білім алушылардың өзіндік ойлауы мен өзіндік сана-сезімін, көшбасшылық мінез-құлық, ұйымдастырушылық, іскерлік, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамытуды жүзеге асыратын білім алушылардың ерікті бірлестігі.
«Зияткер жастар» Парламентінің құқықтары мен міндеттері
Парламент құқылы:
-
білім беру ұйымы білім алушыларының мүдделерін қозғайтын ережелерді, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысуға; -
білім алушылардың мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешуге, оның ішінде білім беру ұйымының қаражатын, дотацияларды және мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларына, демалуға және емделуге бөлінетін қаражатты бөлуге қатысуға; -
білім алушылардың білім беру ұйымының оқу тәртібі мен ішкі тәртіп қағидаларын қарауға қатысуға; -
оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысуға; -
білім беру ұйымы білім алушыларының өтініштері мен шағымдарын қарауға және талқылауға қатысуға; -
білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін наразылықтың заңды нысандарын анықтау және пайдалану; -
білім беру ұйымдарының оқудан тыс іс-шараларын жоспарлауға, дайындауға, жүргізуге және талдауға тікелей қатысуға; -
білім беру ұйымдарында құрылатын клубтардың жұмысына қатысуға құқылы.
Парламент міндетті:
-
білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талапшылдығын арттыруға, білім беру ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, оқу корпустарында және студенттік жатақханаларда оқу тәртібі мен құқықтық тәртіпті нығайтуға, білім алушылардың азаматтық сана-сезімін арттыруға, борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған жұмыс жүргізуге; -
білім беру ұйымдарының Жарғысын және ішкі тәртіп қағидаларын орындау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізуге; -
оқудан тыс қызметті ұйымдастыру мәселелерінде білім беру ұйымының басшылығына көмектесуге; -
Парламентке түсетін білім алушылардың барлық өтініштері мен арыздарын белгіленген тәртіппен уақтылы қарауға; -
Парламенттің оқу жылына арналған ережесі мен қызмет жоспарына сәйкес жұмыс жүргізуге; -
білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдауға; -
қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға, сондай-ақ білім алушылардың оқуы мен демалуы үшін жағдайлар жасауға көмек көрсетуге; -
білім беру ұйымы, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар басшылығының алдында білім алушылардың мүдделерін білдіруге және қорғауға құқылы; -
білім беру ұйымының басшылығын өз қызметі туралы хабардар етуге міндетті.
Парламент қызметін қамтамасыз ету
Білім беру ұйымының басшылығы Парламент қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайды, бөлмелерді (кабинеттерді), байланыс құралдарын, ұйымдастыру техникасын және басқа да қажетті материалдарды өтеусіз пайдалануға береді.
«Зияткер жастар» Парламентінің
ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
№ | Іс-шаралар | Жұмыстың түрі | Мерзімі | Жауапты |
Құқық және тәртіп фракциясы | ||||
1 | «Керімбай ұландары» ерікті мектеп клубының қызметін ұйымдастыру | Білім алушыларды клубқа қабылдау | Қыркүйек | Тулегенов Ауез |
2 | Үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышын жасау | Ақпараттандыру | Қазан | Тулегенов Ауез |
3 | Мекемеде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «Сенім жәшігін» ұйымдастыру | | Жыл бойы | Тулегенов Ауез |
4 | Қылмыс пен жаза | Білім алушылармен жиналыс | Қазан | Тулегенов Ауез ДҚЖО Сейдуалиев Данияр |
5 | «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты оқушылар арасындағы сурет байқауы | Байқау | Қараша | Тулегенов Ауез |
6 | Білім алушыларда денсаулыққа зиянды заттардың болуын анықтау | Рейд жүргізу | Қараша | Тулегенов Ауез ДҚЖО Сейдуалиев Данияр |
7 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін іс-шараларды қолдау үшін экспресс-сауалнама өткізу | Сауалнама | Желтоқсан | Тулегенов Ауез ДҚЖО Сейдуалиев Данияр |
8 | Ұлдар жиналысы: Тақырыбы: «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» | | | |
9 | «Адамның рухани кемелденуі». Дөңгелек үстел. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы | 9, 10, 11 сыныптар | Қараша | |
10 | «Шынықсаң шымыр боласың». Дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлесіп спорттық жарыстар ұйымдастыру Спорт және салауатты өмір салты фракциясы | 9, 10, 11 сыныптар | Қараша | |
11 | «Табиғат сенің өз үйің». Сынып жетекшілермен бірге экологиялық тәрбие сағаттарын өткізуді ұйымдастыру. Экология және еңбек фракциясы | 9, 10, 11 сыныптар | Желтоқсан | |
12 | «Ұлт ұстазы». А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай іс-шара ұйымдастыру. Мәдениет және өнер фракциясы | 9, 10, 11 сыныптар | Желтоқсан | |
13 | «Тәуелсіздік ұрпақтары». Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастыру. Мәдениет және өнер фракциясы | 9, 10, 11 сыныптар | Желтоқсан | |
II жарты жылдық | ||||
15 | | 9, 10, 11 сыныптар | Қаңтар | |
16 | | 9, 10, 11 сыныптар | Қаңтар | |
17 | | 9, 10, 11 сыныптар | Қаңтар | |
18 | | 9, 10, 11 сыныптар | Ақпан | |
20 | | 9, 10, 11 сыныптар | Ақпан | |
21 | | 9, 10, 11 сыныптар | Ақпан | |
22 | | 9, 10, 11 сыныптар | Наурыз | |
23 | | 9, 10, 11 сыныптар | Наурыз | |
24 | | 9, 10, 11 сыныптар | Наурыз | |
25 | | 9, 10, 11 сыныптар | Сәуір | |
26 | | 9, 10, 11 сыныптар | Сәуір | |
27 | | 8, 9, 10, 11 сыныптар | Сәуір | |
28 | | 10, 11 сыныптар арасында | Мамыр | |
29 | | 9 сыныптар арасында | Мамыр | |
30 | | 8 сыныптар арасында | Мамыр | |
«Зияткер жастар» Парламенті мүшелері
№ | Аты-жөні | сыныбы | қолы |
| |||
| | | |
| |||
| |||
1 | | | |
2 | | | |
3 | | | |
4 | | | |
| |||
5 | | | |
6 | | | |
7 | | | |
8 | | | |
| |||
9 | | | |
10 | | | |
11 | | | |
12 | | | |
| |||
13 | | | |
14 | | | |
15 | | | |
16 | | | |
| |||
17 | | | |
18 | | | |
19 | | | |
20 | | | |
| |||
21 | | | |
22 | | | |
23 | | | |
24 | | | |
| |||
25 | | | |
26 | | | |
27 | | | |
28 | | | |
| |||
29 | | | |
30 | | | |
31 | | | |
32 | | | |