ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 303

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

Оқу мақсаты




3.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Шығармадағы теңеу сөздерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Өлеңге сай ырғақты таңдап, мәнерлеп оқы.
Торы құлын

Жағы қалақтай, Құйрығы шашақтай,

Мойны садақтай. Ерні жып-жымыр. Төбелі жұлдыздай, Жұтынып жүруші еді, Жүні құндыздай, Бұлтиып тұрушы еді.

Жалы жібектей, Далаға шығып ап,

Саны білектей. Құйрығын тігіп ап,

Көзі моншақтай Айнала шабар еді,

Өзі жұп-жұмыр, Асырды салар еді.



  • Өлеңнен теңеу сөздерді тауып, теріп жаз.

Дескриптор

Білімалушы

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

  • өлеңнен теңеу сөздерді анықтайды.




Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

Оқу мақсаты




3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.
Ерте заманда Жошы ханның ұлы құлан аулауға шығып, үйірді бастап жүрген басшы құланды жаралайды. Ызалы құлан аңшыға тап беріп, оны таптап өлтіреді. Жошы хан бір сұмдықтың болғанын сезіп, баласы туралы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын дейді. Ханға баласының өлімі туралы айтуға ешкімнің батылы бармайды. Сол кезде бір домбырашы жігіт ханға келіп, күй тарта бастайды. Хан осы күй арқылы баласының қазаға ұшырағанын түсінеді. Хан жігітке не айтарын білмей, сертін бұзбас үшін домбыраның көмейіне қорғасын құйғызған екен.



  • «Ақсақ құлан» ертегісінің мультфильм түріндегі нұсқасын тамашала. (https://www.youtube.com/watch?v=7lDWtxLMh2g).




    • Мәтін мен мультфильмнің қандай ұқсастығы бар?

    • Олардың бір- бірінен айырмашылығы неде?

Дескриптор

Білімалушы

  • шығармалардың ұқсастығын анықтайды;

  • шығармалардың айырмашылығын сипаттайды.





.

Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты




3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқы.
Төрт ана
Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқадан, Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны, Туған тілі – сатылмайтын байлығы, Жан байлығы – салт-дәстүрі – тірегі Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы.



  • Ақынның төрт ана дегені не? Сызбаға түсір.



Төрт



Дескриптор

ана

Білімалушы

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

  • мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды.




Бөлім: Жазылым





Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру

Оқу мақсаты




3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады

  • Мәтін бөліктеріне тақырып қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Әңгімені түсініп оқы.
Бозша торғай

Ерте тұрған Омар атай үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түні бойы жаңбыр жауған. Жер саз.

Омар атай бір топ жусанның ығында бүрісіп отырған кішкентай құсты көрді. Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны екен. Тұмсығының жиектері сап-сары. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Екі қанаты салбырап, дір-дір етеді.

Балапан Омар атайға жасқана қарады. Қорқып кетті. Салбыраған қанатын жиюға шамасы келмей, сүйреткен бойы бір түп жусанды сырт айнала берді. Бірақ жүгіріп кете алмады. Жығылып қалды. Омар атай бозша торғайды жерден көтеріп алды. Алақанына қойып, аз ғана уақыт қызықтай қарады. Әрі тоңған, әрі қорыққан кішкене құс қалшылдап тұр.

Омар атай бозша торғайды үйіне әкеліп, күн сәулесі түсіп тұрған терезе жақтауына отырғызды. Алдына ыдысқа салып жем әкеп қойды. Бозша торғай жем жемеді. Омар атайға жалт-жалт қарай берді. Омар атай оның сырын сезіп, жымиып қана күлді де, тысқа шығып кетті. Сәлден кейін терезеден сығалап қарап еді, кішкене құс жемді теріп жеп жатыр екен. Үсті де құрғап кеуіпті. Бозша торғай ыдыстың ернеуіне ұшып қонды.

  • Ә, әлденіп алдың ба? Өзіңе дос екенімді білген шығарсың? деп қойды атай. Омар атай ептеп келіп терезені ашты.

Бозша торғай сыртқа ұшып шықты.Көтеріліп барды да, әуеде қалықтап тұрып әндете бастады.

    • Сұрақтардың көмегімен әңгімені бөліктерге бөл. Әр бөлікке тақырып қой.

      • Омар атай бақшадан нені көрді?

      • Атай оған қандай қамқорлық жасады?

      • Оқиға қалай аяқталды?

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

  • әр бөлікке сәйкес тақырып қояды.


Бөлімше 3.1 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну

Оқу мақсаты




3.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Ойын сурет арқылы жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма.

Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің мазмұны бойынша сурет сал.

Күзде Аспайды да саспайды,

Дайындалып болсын деп. Күн суыта бастайды, Малға пішен орсын деп.
Кең аспанды бұлт қаптап.

Қыс жақынын сездірер. Жаздай жүрген тұрақтап,


Дескриптор

Көкөкті де бездірер.
Балаларды қара, әні, Жүрегі алып -ұшады, Мектебіне барады,

Гүлге толып құшағы.

Қ. Баянбаев


Білімалушы

- өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салады.




Бөлімше 3.4 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты




3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Мәтіндегі стильдік қателерді анықтайды және түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқы. Бірнеше рет қайталанып тұрған сөздерді тап. Оларды басқа сөздермен алмастыра отырып, мәтінді қайта дұрыстап жаз.

Көршінің мысығы
Әсия мысықты қатты жақсы көреді. Көрші баланың әкесі бір күні көрші балаға мысық әкеліп берді. Мысық әп-әдемі. Әсия мысыққа қатты қызықты. Әсия есіктің алдында жүрген мысықты пыш-пыштап шақырып алды. Әсия мысықпен күні бойы ойнады, мысыққа тамақ берді. Әсияның мысықты көршісіне көрсетпей тығып қойғысы келді. Тарғыл мысықпен аулаға шыққаны сол еді, мысық Әсияның қолынан секіріп түсіп, өзінің ауласына тұра қашты.



Дескриптор



Білімалушы

  • қайталанған сөздерді сәйкес сөзбен алмастырып жазады;

  • сөздерді мағынасына қарай орынды қолданады;

  • каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады.




  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12