ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 306

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ТОҚСАН

Бөлім: Тыңдалым және айтылым





Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну

Оқу мақсаты




3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды және жауап береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.
Күн мен ай

Өте ерте заманда Жер-Ананы Күн мен Ай айналып жүріпті. Таң атқанда Күн төңірекке нұрын шашыпты. Ол қызарып ұясына батқан шақта, толықсыған Ай сүттей жарығын көпке сыйлапты.

Күн соңынан күндер, жыл соңынан жылдар өтіпті. Бірде Күн мен Ай «Күн жақсы ма, Ай жақсы ма?» деген сұрақтың шешімін таба алмай, өзара өкпелесіп қалады.

Күн айтады:

  • Мен Жер бетіне сәуле, жылу таратамын. Адамдар ерте тұрып еңбек етеді. Жолға шығып, ұзаққа сапар шегеді. Мен ұяма батқан кезде бүкіл тіршілік атаулысы бір сәт дамыл тауып, демалады.

Ай да уәжді сөзден қалыспайды:

  • Мен Ай десе аймын. Сен айналаны қараңғыға бояған сәтте түндерді аппақ нұрға бөлеймін. Балалар ай нұрына шомылып жасырынбақ ойнайды.

Күн мен Айдың өзді-өзін мақтай сөйлеген лебіздерін Жер - Ана байыппен тыңдап, былай депті:

  • Күнім мен Айым, екеуіңнің сөздерің көңіліме дөп тиді. Сендер болмасаңдар, мен бусанып жатпас ем. Бірің жылу дарытып, топыраққа түскен дәнге жан бітіресің. Ал Ай болса, мызғыған тіршілікке сұлулық әкеледі. Шаршаған жанға қуат береді. Сондықтан екеуің де маған қымбатсыңдар. Күн де, Ай да әманда бірі оңымнан, бірі солымнан туа берсін.

Содан бері Жер - Ананы мекен еткен төл перзенттері өздерінің ұлын еркелетсе «Күнім» деп, қызына мейірлене «Айым» дейтін болыпты. Дүниеде одан жақсы теңеу болмайтынына еш күмән келтірмепті.


  • Жұбыңа мәтіннің мазмұны бойынша 3 сұрақ қой.

  • Жұптағы оқушының қойған сұрақтарына жауап бер.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;

  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.


Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

Оқу мақсаты




3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма Жұптық жұмыс

Мәтінді мұқият тыңда. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Күн мен мұздың арасындағы диалогті жалғастыр.

Мейірім

Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден мейірім күтіп, ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді.

Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін.

Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеп:

Неткен сұлу едің? - деді Күн.

....





Дескриптор



Білімалушы

  • оқиғаның соңын болжап айтады;

  • тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады.




Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту

Оқу мақсаты




3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бірде Эйнштейн көз ілмек болып қызметшісіне: «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» — депті. Ғалымға жаны ашыған қызметшісі біраз тынығып алсын деп, бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз» депті.

«Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал қымбат уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамаған екен.

Ал қытай халқында «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген мақал бар екен. Ендеше, қайта айналып келмейтін алтын уақытты өте тиімді пайдалану керек.



  • Энштейн неліктен ашуланды?

  • Гете уақытты қалай бағалаған екен?

  • Қытай халқы уақытты қалай бағалайды?

  • Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің? Мақал-мәтелдерді қолданып сөйле.


Дескриптор


Білімалушы

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-уақытты бағалау туралы ойын айтады;

-сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.





Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

Оқу мақсаты




3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің мазмұнын айт. Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолдан.

Ертеде Данияр деген бала болыпты. Қалалы жерде өмірге келген оның денсаулығы нашар екен. Жиі-жиі сырқаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы

—ол өзінің аурушаңдығына онша қынжыла қоймапты. «Бала болғаннан кейін, осылай науқастану керек шығар», — деп ойлапты. Сөйтіп жүріп, әртүрлі ем алуға, дәрі-дәрмекке еті үйреніп кетіпті.

Даниярдың көзін аша салып көргені қабат-қабат биік үйлер, асфальт төселген кең көшелер, жарқылдаған жарықтар, арлы-берлі ағылған қалың машина. Солардың арасында жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер кездесіп қалады. Данияр енді сол гүлдерді көру үшін көшеге шығатын болды. Ол әлгі гүлдерді өзіне ұқсатты.



  • Данияр гүлдерді неліктен өзіне ұқсатты деп ойлайсың?


Дескриптор


Білімалушы

  • мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;

  • сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады;

  • мәтіннің кейіпкеріне қатысты ойын айтады.





Бөлім: Оқылым











Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану

Оқу мақсаты




3.2.1.1 Мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтінді қатесіз, түсініп оқиды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді дауыстап оқы.
Балалық шақ

Менің туған отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді. Сондықтан ол ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Тұрмыс жақсарып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам мейрам күні мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады. Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келді. Құрбыларыммен бірге мектептің терезесінен сығалап, шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын.



  • Сұрақтарға жауап бер.

    • Кейіпкердің ата-анасы қандай адамдар?

    • Олар қалай тұратын?

    • Кейіпкердің 3 жасар кезінде қандай оқиға болды? Сол оқиғаны баяндап бер.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтінді қатесіз оқиды;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннің үзіндісін жүйелі мазмұндайды.