ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 304
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру | ||
Оқу мақсаты | | 3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Сыныптасыңның әңгіме мазмұнын түсінгенін қалай тексерер едің? Сұрақтар құрастыр. Сыныптастарыңның сұрақтарына жауап бер. | ||
Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жыл он екі ай бойы жинап жүретін. Оның ішінде киіктің, арқардың, сиырдың, серкенің мүйіздері де болатын. Ол соның бәрін күн тимейтін саялы қалтарысқа жинап қоюшы еді. Көктем шығып, ел жайлауға көшерде Қасым қыстау қасынан ағатын бұлақтың табанындағы қара қорыс, көкала сазды белшесінен қазып, мүйіздерді көміп кететін. Жаз өтіп, ел қыстауға оралғаннан бір, бір жарым айдан кейін Қасым ұста көктемгі көмбенің тоңын ойып, мүйізді үйге алып келеді. Оларды үйге әкелісімен жылы суға салып, саз-топырағын жуып тастайды. Ұста оларды барынша әрлеп, әсемдеп ожау, қамшы сап, құты-сауыт, тарақ, көзілдірік жасап шығаратын. | ||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау | ||
Оқу мақсаты | | 3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге ат қой. Мәтіннің негізгі ойын білдіріп тұрған бөлікті тауып, көшіріп жаз. | ||
Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы: - Менің мына кітаптарымды сақтап қой, қайтып келген соң алармын,- деп, бір бума кітапты қолына ұстатады. Әбунасыр оны үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған сәтте ол әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап қалады да, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді. Үшінші мәрте оқиды. Тағы да қанағаттанбайды. Төртінші мәрте оқиды. Көңілі көншімейді. Ақыры кітаптағы ойды толық ұғып алғанша, қайта-қайта оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінеді. Осы табандылығының арқасында Әбунасыр ғылымға бой ұрып, асқан білікті философ болып жетілген екен деседі. «Табандылық кез келген кедергіне жеңеді» деген осы. | ||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау | ||
Оқу мақсаты | | 3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну | |
Тапсырма Мәтіндердің жанрын анықтап, сәйкестендір. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. нақыл сөз Гүлге толсын өңірің, Көңілді өтсін өмірің. Асқа толсын табағың, өлең Ашық болсын қабағың. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: мақал Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Көтерілді көк байрақ, бата Танып елді жер жаһан. Шықты рингке серт байлап Бекзат пенен Ермахан.
| ||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 2.5 Шығарманың композициясын анықтау | ||
Оқу мақсаты | | 3.2.5.1 Көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі: | Қолдану | |
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында. Тоған басында ойнап жүр едiк.
Қарақұл атаның Бауыржаны төменгi ескi сарайда шымшық ұяларынан балапан алып жүр екен. Ойынды қимай, әзер келдi. Оған iлесiп iшке зып бердiм. Төрде қырандай қомданып, тон жамылған бiр кiсi отыр. Айбатты, түсi суық.
| ||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау | |||
Оқу мақсаты | | 3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау | |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
| |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | ||
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырманы орында. Хан баласына көп қазына беріп, өзіне дос жинауын өтінеді. Баласы сапарға шығып келген соң әкесіне:
Ханның баласы бұл сөздің мағынасын түсінбей әкесіне қарап қалыпты. Сонда хан бір жарым досының тарихын айтады. Ханның бірі бай , бірі кедей тұратын екі досы болған екен. Бірде хан сол екі досын сынамақ болыпты. Ол өтірік ауырып, достарына: мен үшін жаныңды қисаң, мен тірі қаламын,-депті. Сонда бай тұратын досы.
–Егер менің жаным халықтың ханын сақтап қалуға жараса, маған одан артықтың керегі не, - депті кедей досы. Содан бері хан кедейді бүтін, ал байды жарты досым деп есептейді екен.
| |||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау | ||
Оқу мақсаты | | 3.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Өлеңді түсініп оқы. Аппақ қыс Ақ қолғаппен құшақтап Аппақ әлем сықырлап, Сақылдайды қыс аппақ, Жырлағалы тұр бассаң. Өзен, теңіз, тау төбе, Жанарынан жас бітіп, Киген аппақ сәукеле. Тұр қыз күні сүйкімді. Жатыр іздер жосылған, Оянбасаң мәжбүр қып, Рояльдің басылған Ашатұғын ұйқыңды. Ақ тіліне ұқсап қап... Құлақ күйін оң бұрып, Ақ қыс-сұлу ақ өлең Төнеді аспан төбемнен. Табанымның астында Аппақ қардан омбылап, Таңғажайып ақ әлем. Көктем іздеп келем мен. Сырласады сырлассаң, Қырға асады, қырға ассаң Т.Айбергенов
| ||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру | ||
Оқу мақсаты | | 3.2.8.1 Эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Жұмаш пен Құрмаш жазда жайлауға барды. Құрмаш атасына көмектесiп, қозы бақты. Ал Жұмаш кешке дейiн асық ойнап, тайға мiнiп мәз болды. Оған күн тез батып кететiн сияқты болып көрінді. «Жайлаудағы күннiң қысқасы-ай!» – деп налыды ол. Құрмаш болса кешке дейiн мал соңында жүрiп, күндi батыра алмайды. Бiрде Жұмаш ойыны қанбай қайтты да, Құрмашқа:
Жұмаш келiстi. Ертеңiне ертемен қолына таяқ ұстап, қозыларды өрiске шығарды. Қозылар төскейде мамырлай жайылып жатты. Ауыл жаққа көз тастап едi, балалар ойнап жүр екен. «Мен де барып ойнасам» деп асықты. Бiрақ күн асықпады. Бір орнында тұрды да қойды. Көзiн жұмып бiраз отырып, күн жылжымады ма екен деп қайта ашса да болмады. Тiптi бiр орнынан қозғалмай тұрғандай көрiндi. «Бұл қалай, күнде мұндай емес едi ғой, – деп таңданды Жұмаш.
| ||
Дескриптор | Білімалушы
|