ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 300

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты




3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннің мазмұнына сәйкес мәліметтерді анықтап, сызбамен көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.
Мұхтардың ата-анасы Абай ауылымен іргелес араласып тұратын, көңілі жақын адамдар екен. Ал Мұхтар әжесі мен атасының бауырында өскен. Атасы Әуез үлкен ұлы Омархан мен келіні Нұржамалдан туған тұңғыш немересіне Мұхтар деп ат қойған. Себебі «Мұхтар» деген сөздің «азат», «білімді», «таңдаулы» деген мағынаны білдіретінін көкірегіне түйген. Әуез қарт өзінің немересіне Абайдың өлеңдерін оқытып, жаттататын болған. Мұхтар сауатын әліппемен емес, Абай өлеңдерімен ашты. Оның бүгінгі күнгі жеткен жетістіктері де осының арқасында болар.



  • Сұрақтарға жауап бер.

    • Мұхтар Әуезов кім?

    • Мұхтар деген сөз қандай мағынаны береді?

    • Мұхтар Әуезов кімнің шығармаларымен сусындап өскен?

    • М. Әуезов туралы тағы қандай шығармалар оқыдың?




  • Түрлі дереккөздерден М.Әуезов туралы ақпараттар жинақтап, кестеге түсір. Сыныптастарыңмен бөліс.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.





Бөлім: Жазылым




Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру

Оқу мақсаты

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Бағалау критерийі

Білімалушы

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

  • Мәтін бөліктеріне тақырып қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.




Баяғыда бір патша халқын сынап көру үшін «Ешкім өз басына пайда қылмасын!» деген бұйрық таратыпты да, оны тексеру үшін үстіне ескі киім киіп, елді аралапты. Бір күні түнде шам жанып тұрған үйге қайыр сұраған кісі болып кірсе, етікші етік тігіп отыр екен. Етікші қайыршыға бір үзім нан береді. Сонда қайыршы:

  • Сен неге патшаның бұйрығын орындамайсың? «Ешкім өз басына пайда қылмасын!» дегені қайда? - дейді.

  • Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде төрт теңге пайда табамын да, төрт

теңге зиян қыламын. Осылай күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді»,

  • дейді етікші.

Патша жауап қайтармастан үйіне келеді де, уәзірлерін шақырып алып:

    • Менің бір сауалым бар. Күніне төрт теңге пайда, төрт теңге зиян

қыламын. Сол пайдам мен зияным не? Үш күннің ішінде жауабын табыңдар. Өздерің білмесеңдер, білетін кісіні табыңдар- депті.

Уәзірлер шешуін таба алмай жүргенде баяғы етікші келіп:

    • Мен патшаның сұрағына жауап тапсам, не бересіңдер? - дейді.


Уәзірлер көп ақша бермекші болады. Сонда етікші патшаға барады да:

    • Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт теңге пайда, төрт теңге зиян

қыламын. Ол былай: бір теңгені қарызға беремін, бір теңгені ескі қарызымды төлеуге беремін, бір теңгені құдыққа тастаймын, бір теңгені әйеліммен екеумізге жұмсаймын, - депті.

Сонда патша:

    • Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақша түсінікті, қалған үш теңгенің жұмсалған орнын анықтап түсіндір, - депті.

Бұл сөзге етікші былай депті:

    • «Бір теңгені қарызға беремін» дегенім, «Қартайғанда өзімді асырар»

деп балама беремін. «Бір теңгені ескі қарызыма беремін» дегенім, оны өзімді асыраған кәрі әке-шешеме беремін. «Біртеңгені құдыққа тастаймын» дегенім, қызым бар, соған беремін дегенім, - депті.

Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне уәзір сайлапты.

  • Сұрақтардың көмегімен мәтіннің басын, ортасын және соңғы бөлігін тауып, қоршап сыз. Әр бөлікке ат қой.




Сұрақтар

Тақырыптар

Оқиға неден басталды?

Патша қандай бұйрық шығарды?




Түнге қарай патша не істеді?

Ол етікшімен не туралы сөйлесті? Уәзірлеріне қандай сауал қойды? Әрі қарай не болды?




Етікші сұрақтың жауабын қалай түсіндірді?

Оқиға қалай аяқталды?






Дескриптор Білімалушы

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады;

  • әр бөлікке сәйкес тақырып қояды.

Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

Оқу мақсаты




3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Оқығаны бойынша әңгіме құрап жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.
Бiр қалада ағаштан неше түрлі сыбызғы, керней жасайтын шебер тұрыпты. Қала жұрты бұл адамның аты-жөнiн білмегендіктен, оны «Шебер» деп атап кетіпті. Шебер өзiнiң жасаған заттарын сатпай, тегін таратады екен.

– Егер мен ақшаға сатсам, сыбызғы мен кернейлерiм өздерiнiң әдемi үндерiнен жұрдай болады. Сыбызғы да, керней де емес, кәдімгі ағаш қалпына түсiп, қу таяқ болып қалады. Сондықтан да бұл аспаптар сатылмайды, таңдағандарыңызды, қалағандарыңызды ала берiңiздер! – деп жар салып, жасаған аспаптарын тегiн үлестiредi екен.



  • Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Оқиғаға тағы басқа кейіпкерлер немесе оқиға қосып, мәтінді жалғастырып жаз.


Дескриптор


Білімалушы

  • мәтінді оқиғаның мазмұнына сай жалғастырып жазады;

  • өз ойын жүйелі жеткізеді;

  • сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады.





Бөлімше 3.4 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты




3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіндегі стильдік қателерді анықтайды және түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Хат қалай құрылған? Дұрыс жазылған ба? Қай бөлімдері жетіспейді? Хаттың мазмұнын дұрыстап, қайта жазып көр.


Дескриптор

Білімалушы

  • хаттың құрылымын сақтайды;

  • хаттың мазмұнын, стилін жетілдіреді;

  • орфографиялық, пунктуациялық қателер жібермей жазады;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
  1. 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12